Жаңалықтар

Әдістемелік күн

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: САБАҚТА ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

08.02.2023 жылы Абай атындағы РММИ-дің информатика пәні мұғалімі Әбділда Айжан Сейсенбайқызы  «Сабақта цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Айжан Сейсенбайқызы сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыру, сабақ барысында тапсырмалар құрастыруға арналған бағдарламалар, топқа бөлуге арналған платформалар  оларды қолдану ерекшеліктері жөнінде іс-тәжірибесімен бөлісті.

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРКІНДІК МОДЕЛІ

15.02.2023 жылы әр сәрсенбі өтетін әдістемелік күнде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлепова Айгерім Өміржанқызы «Функционалдық еркіндік моделі» тақырыбында коучинг ұйымдастырды. Вербалды және бейвербалды қарым-қатынастың оқушыға қай жағынан әсер ететіні туралы топ арасында талдау жүргізді. Әдістемелік күнге пән мұғалімдері мен тәрбиешілер қатысты.

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: ЭЖК ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ СТАТИСТИКАСЫ

22.02.2023 жылы әдістемелік күн аясында kundelik.kz бойынша лектор, ГЦНМТО тренері Ильясова Кенже Төреғалиқызы «Эжк жүргізу тәртібі және статистикасы» тақырыбында дәріс оқып, электронды журналмен жұмыс жасау тәртібі, статистика жүйесін толыққанды түсіндіріп, әдістемелік кеңестер берді.

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: THE INTELLECTUAL BATTLE FOR TEACHERS OF  ABAI SCHOOL

01.03.2023 жылы әдістемелік күнді орыс тілі пәнінің мұғалімі Әбділда Дамир «The intellectual battle for teachers of  abai school» тақырыбында мектеп мұғалімдері арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды. Сайыс 4 кезеңнен түрлі сала бойынша (білім, өнер, ғылым т.б.) тапсырмаларға құрылды. Интеллектуалдық сайыс барысында пән мұғалімдері логикалық тапсырмаларды шешіп, өз белсенділіктерін танытты.

 

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: «ӨЗ АВТОБУСЫҢДЫ ҚОЗҒАЛТ» АТАҚТЫ МҰҒАЛІМ РОН КЛАРКТІҢ ТАРИХЫ

29.03.2023 жылы мектебімізде ««Өз автобусыңды қозғалт» атақты мұғалім Рон Кларктің тарихы» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Мұғалімдерге алдын ала Рон Кларктің тарихы туралы киноны көру ұсынылды. Әдістемелік күнді мектеп директоры Өмірханов Ержан Нұрланұлы жүргізді. Топтарға «Өз мектебіңнің моделін» жасау ұсынылды. Әр топ мүшесі мектептің моделін жасауға жан-жақты ізденіс жасап, ойларын ортаға салды. Ұстаздар фильм бойынша педагог болу, педагогикалық даму турасында талқылау жасады.

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: АРТТЕРАПИЯ – ЖАҢА ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ

 05.04.2023 жылы сәрсенбілік әдістемелік күн эстетика бірлестігінің ұйымдастыруымен «Арттерапия – жаңа оқу технологиясының озық үлгісі» тақырыбында өткізілді. Педагогтерге Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Есенбаева Бахыт Азимхановнамен тренинг жүргізілді. Арттерапияны оқытуда қолдану, шығармашылық жұмыстарға баулу т.б. танымдық ақпараттар айтылды. Әдістемелік күнге қатысушы ұстаздар суреттер салып, арттерапиялық жаттығулар жасады.

 

Меню