Жаңалықтар

Өнер үйірмелері

Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты жан-жақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің заңды қажеттілігі арта түсуде.

Елімізде мектеп жасындағы балаларды бұқаралық спорт және шығармашылық үйірмелерімен қамту күн тәртібінде тұрғаны рас. Нәтижесінде мемлекет есебінен үйірмелер көбейіп, өнер мектептері ашылуда. Осыған орай мектебімізде оқушылардың мақсат-мүдделерін сақтай, қажеттіліктерін өтей отырып мектепішілік бекітілген жоспар бойынша келесідей сыныптан тыс өнер үйірмелері жүргізіледі:

  1. «Вокал». Үйірме жетекшісі – Қалыбаева Қ.
  2. «Қолөнер». Үйірме жетекшісі – Мухамеджанов Ж.А.
  3. «Сәндік қолданбалы өнер». Үйірме жетекшісі – Козыбакова К.К.
  4. «Домбырашылар ансамбльі». Үйірме жетекшісі – Ибрагимов А.Ж.

Вокал үйірмесі оқушыларға музыкалық білімді қабылдау, вокалдық шеберлікті иеленуге көмектеседі. Сонымен қатар,  жан – жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерін толыққанды меңгере алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті өнер иелерін даярлау.

Хормен ән салу – музыка өнерінің маңызды бір саласы. Ол басқа да өнер тәрізді адамның жан толқынысын, көңіл-күйін, эмоциональді-психологиялық қалыпының (кейпінің) сан қилы нақыш-қырларын жеткізе отырып, хор әншілерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру тәлім-тәрбиелік қызмет атқарады.

Хормен ән салудың ұжымдық табиғатын атап көрсете отырып, біздер оның тәлім-тәрбиелік ықпал етуші факторларын есте ұстағанымыз жөн. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтар болсақ: «Хормен ән салу кереметтей пәрменді педагогикалық құрал. Әнде, әсіресе хормен әндетуде адамды жандандыратын, көңіл ашатын ғана емес, әншілерді жылы-шырайлы татулыққа, ынтымақты іске жұмылдыратын жұмыла еңбекке бастайтын қасиет бар.

Қолөнер және сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінің негізгі бағыты үйрету, оқыту, игеру болып табылады. Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді.Сонымен бірге оқушы салт-дәстүріміздегі қолөнеріміздің аса қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екндігін жете түсіне білуі керек. Бұрынғы ат-бабаларымыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күні басты міндетіміз. Олай болса үйірмеге қатысатын оқушылар алған білімдерін, өнерлерін өздері ғана біліп қоймай кейінгілерге де үйретеді деген ойдамыз. Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, ағаш, су моншақ, тоқыма құрастыру т.б. әсем түрлі бұйымдарын жасауға қызығады

Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан домбыра үйренуде оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра үйірмесінде оқушы домбыра аспабының қыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді.

Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы оқушылар қатысады. Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Халық күйлері үйретіледі.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағылым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай, айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі.

Меню