Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатына ұсыну


Алматы қаласында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтбаева Нұрай Айтбайқызы 2000 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2021 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін үздік дипломмен тәмамдаған. Педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі. Нұрай – ұстаз ретінде де өзінің қабілетін, мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсете алады. Сабақ беру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларды қызықтыра алады.
Мұғалімнің 2022-2023 оқу жылында жетістіктері:
1. 2022 ж. 10-сынып оқушысы Елемес Ақерке республикалық «Әбіш оқуларында» 2-орынды иеленді.
2. 2023 ж. 10-сынып оқушылары Бөлекбай Анель, Елемес Ақерке республикалық пәндік ғылыми жоба жарысында 3-орын иеленді.
3. 2023 ж. Оқушылары Естебек Аружан, Бөлекбай Анель, Елемес Ақерке Өскемен қаласында өткен республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының 1-орын, 2- орын және арнайы грамотасын иеленді.
4. 2023 ж. 9-сынып оқушысы Бекболат Толғанай Астана қаласында өткен республикалық «Жарқын болашақ» конкурсының 2- орын иегері. Оқушылармен қарым-қатынас жасау деңгейі жоғары, жұмыс барысында креативті идеялар мен жаңа жобаларды жиі ұсынып отырады. Шәкірттерін түрлі дәрежедегі байқауларға қатыстырумен қатар өзі де түрлі байқауларға қатысатын жас педагог, республикалық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының арнайы грамотасын иеленді.
Нұрай Айтбайқызының еңбегін бағалай келе, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапаттауға ұсынылады.

Меню