Жаңалықтар

Ғылым және ізденіс

16 сәуірде Ғылым қызметкерлерінің күніне арнап оқушылардың ғылыми-теориялық танымын арттыру, ғылыми бастамаларына қолдау көрсету мақсатында жаратылыстану-математика кафедрасының ұйымдастыруымен “Ғылым және ізденіс” атты іс-шара өтті. Оқушыларға шеберлік сыныбын көрсетіп, тың жаңалықтарымен бөлісуге Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының мүшесі, п.ғ.д, химия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Бекішев Құрманғали; ф.ғ.к, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, х.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰУ химия кафедрасының аға оқытушысы Акказин Ержан Асетович, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісі, PhD, доцент м.а. Сатымбеков Максатбек Нургалиулы келді. Ғалымдар оқушылар жасаған жобалармен танысып, ғалымдар мен оқушылар ғылыми-танымдық ойын ойнады. Жас ғалымдарымыз қонақтармен ой-бәсекесіне түсіп, пікір-алмасып, мол тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар қонақтарымыз еліміздің намысын халықаралық робототехника жарыстарында қорғап жүрген “Antares” командасы мен мектеп оқушыларынан құрылған “Қалдықтан құндылыққа” акциясы шеңберінде жасаған жобаларымен танысып, ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Меню