Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына ұсыну


Алматы қаласында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың биология пәнінің мұғалімі Калманбетова Салтанат Акбергеновна 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті тәмамдаған. Педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі. «ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Сабақтарын жоғарғы әдістемелік деңгейде өткізеді. Сабақ барысында да, үй тапсырмасын дайындау кезінде де оқушылардың өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытуға жүйелі түрде көңіл бөледі.
Мұғалімнің соңғы жылдағы жетістіктері:
1. 2021 ж. «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен 7-9 желтоқсан күндері 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсында бірнеше бағыт байынша Акишева Нұрай I орын, Айту Аяулым III орын, Сағатқали Балауса III орын, Тұрсәлім Әли III орын алды.
1. 2023 ж. МКҚК «Алматы хайуанаттар бағы» ұйымдастырған Республикалық балалар суреті байқауына 8-9 сыныптан 10 оқушы қатысты. Исмамутова Мерей I орын, Мұратбекова Аяна II орын, Қадыр Аяулым III орын иеленді.
2. 2023 ж. «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен 26-27 сәуір күндері Республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауында «Үздік экологиялық бастама» бағыты Ерланұлы Жасын I орын, Сәрсен Таңнұры I орын. «Таза қала сізден басталады» бағыты Ахметжан Балнұр II орын, «Туған өлке табиғаты» бағыты Амей Санжар III орын, «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» бағыты Жумагулова Диана III орын алды.
Калманбетова Салтанат Акбергеновнаның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылады.

Меню