Жаңалықтар

Спорт үйірмелері

«Дені саудың – жаны сау» дегендей біздің мақсат салауатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу болғандықтан, еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамытудың бір жолы – халықтың бос уақытына бағдарланған спортты жандандыру, балалармен және жастармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағының нағыз іргетасы іспетті. Сондықтан да балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесімен және спортпен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жандандыру қажет. Осыған орай мектебімізде оқушылардың мақсат-мүдделері сақтай, қажеттіліктерін өтей отырып мектепішілік бекітілген жоспар бойынша келесідей сыныптан тыс спорттық үйірмелер жүргізіледі:

  1. Баскетбол секциясы (ұлдар). Жетекшісі – Жанузаков Р.М.
  2. Баскетбол секциясы (қыздар). Жетекшісі – Нуров А.Д.
  3. Волейбол секциясы (ұлдар). Жетекшісі – Жакупжанов Ғ.С.
  4. Волейбол секциясы (қыздар). Жетекшісі – Абеуов М.
  5. Футбол. Жетекшісі – Пернебаев Б.
  6. Қазақша күрес. Жетекшісі – Сайдуллин А.А.
  7. Шахмат. Жетекшісі – Жакупжанов Ғ.С., Ауелбеков Қ.К.
  8. Суға жүзі сағаттары, әр сыныпқа аптасына 2 рет.

Бұл – оқушылардың спортқа не басқа да үйірмелерге қатысу арқылы өздерінің денсаулықтары мен рухани дамуына бірден-бір септігін тигізеді.

Спорттық үйірме мазмұнының бағыттылығы оқушылар қозғалысының жан-жақты дамуын, олардың «қозғалыс мектебін» меңгеруін, мүсінді дұрыс қалыптастыруын, оқу бағдарламасы меңгеру сапасын жақсартуын қамтамасыз етуде. Үйірмеде мектеп бағдарламасындағы жаттығулардың басым көпшілігі күрделендірілген жағдайда қолданылады.

 

Меню