Жаңалықтар

Мектеп-интернатқа қабылдау

Құрметті жас дос және ата-аналар!
Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына 7 сынып оқып жатқан балалар үшін 8-сыныпқа қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз!
Абай мектебінде білім алуға Қазақстанның барлық өңірінен оқу үлгерімі «үздік», сондай-ақ, оқу үлгерімі «жақсы» 7-сынып оқушылары үміткер бола алады . Өтінімдер 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында қабылданады. Біз қабылдау үдерісін барлық талапкерлерге қолжетімді әрі ыңғайлы етуге тырысамыз!
Егер сіз, жан-жақты дамыған, шығармашыл, білімді әрі көшбасшы болғыңыз келсе, ұлт руханиятының ұстаханасына айналған Абай мектебіне оқуға шақырамыз!
1 тур тестілеу уақыты құжат қабылдау уақыты біткеннен кейін белгілі болады.
Толық ақпаратты @abai_rmmi инстаграм парақшасынан, abaimektep.kz сайтынан, 8 (727) 387-08-06 байланыс телефондарынан білсеңіздер болады.
8 – сыныпқа арналған тестілеу пәндер бойынша 85 сұрақтан тұрады:
Математика және логика: 30 сұрақ;
Оқу сауаттылығы: 15 сұрақ;

Жас дос, Абай мектебі сіздің жұлдызыңызды жағуды асыға күтуде!

Меню