Жаңалықтар

Мектеп түлектері

ЕЛ ТАНЫҒАН ТҮЛЕКТЕР

Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы

ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

1971 жылғы 28 қаңтарда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Тафтс университетінің Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) бітірген. Экономист – политэкономия мұғалімі, халықаралық қатынастар магистрі. Саяси ғылымдарының кандидаты.

1993 – 1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген.

1994 жылғы мамыр – 1995 жылғы наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым – қараша аралығында – Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының консультанты.

1995 жылғы қараша – 1999 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, басшысының бірінші орынбасары.

1999 жылғы сәуір – 2000 жылғы мамыр аралығында – Қауіпсіздік Кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000 жылғы мамыр – 2002 жылғы ақпан аралығында – Қауіпсіздік Кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002 жылғы ақпан – 2005 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005 жылғы мамыр – 2006 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары.

2006 жылғы сәуір – 2011 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылғы қаңтар – 2018 жылғы ақпан аралығында –бесінші, алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2018 жылғы ақпан – 2019 жылғы маусым аралығында – «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

2019 жылғы шілде – желтоқсан айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы желтоқсан – 2020 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

2020 жылдың мамырында алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдармен марапатталған.

Жанпеисов Нурбосын Уларбаевич

Жапониядағы Сендай қаласында орналасқан Тохоку университетіндеЖаратылыстану ғылымдары мектебінің,  химия факультеті және Жоғары білім жетілдіру институтының  профессоры

1971 жыл, қыркүйек – 1974 жыл, маусым аралығында Республикалық   мектеп-интернатында білім алды.

1974 жыл,  қыркүйек – 1979 жыл, шілде аралығында ҚазМУ, химия факультеті.

1983 жыл,  қыркүйек – 1986 жыл, қараша аралығында

СБ   ҒА ССРО катализ институты, аспирантура, Новосибирск  қаласы, Ресей.

Қызметі:

1979 − 1983 жылдар аралығында ҚазМУ, химия факультеті, ғылым инженері, аға оқытушы. Алматы қаласы, Қазақстан.

1986 жыл, қараша – 1997 жыл, мамыр аралығында СБҒА ССРО катализ институты, кіші және аға ғылыми қызметкер. Новосибирск  қаласы, Ресей.

1997 жыл, маусым – 1999 жыл, мамыр аралығында Джексон мемлекеттік университеті, АҚШ шақыртылған ғалым, ғылыми профессор.

1999 жыл, мамыр – 2000 жыл, наурыз аралығында Тохаку университетінің инженерлік мектебі, Япония, шақыртылған ғалым.

2000 жыл,  сәуір – 2004 жыл,  мамыр аралығында Осака Префектура университетінің инженерлік мектебі, Япония, шақыртылған ғалым, доцент.

2004 маусымнан осы уакытқа дейін Жаратылыстану ғылымдар мектебі, Химия факультеті және  жоғары білім жетілдіру институты, Тохоку университеті, Япония, доцент, профессор.

Мәлік Нығманұлы Әбдікәрімов

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың химия  кафедрасының доценті, ССРО  өнертапқышы, химия ғылымдарының докторы

 Мәлік Нығманұлы Әбдікәрімов 1948 жылы екінші мамырда Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында туған. Үш баласы  бар, жоғары білімді, химия ғылымдарының докторы. Әкесі – Әбдікәрімов Нығман, 1910 жылы туған, запастағы гвардия капитаны, Ұлы Отан Соғысының мүгедегі, аудан әскери комиссариатының қызметкері, Қарқаралы қаласы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1955 жылы майданда алған жарақаттарынан қайтыс болған.  Шешесі – Әбдікәрімова Дүниезат Қаңтарбайқызы, 1914 жылы туған, қызметкер, көп уақыт ҚазКСР райпотребсоюз жүйесіндегі қызметкер, 1987 жылы қайтыс болды.

1955 жылы  Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының №1 орта орыс мектебінің бірінші сыныбына түсті.

1957 жылы екі сыныпты бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы осы  мектеп-интернатқа көшірілді. Осы мектепті  1966 жылы «Алтын медальмен»  бітірген.

1966 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ  политехникалық институтының автоматика және телемеханика факультетінің бірінші курсына түсті.

1968 жылы екінші курсты бітіріп,  С.М. Киров атындағы ҚазМУ химиялық факультетінің екінші курсына көшеді. 1972 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады.

1980 жылы 21 қарашада кандидаттық диссертация қорғады.

1983 жылы “СССР өнертапқышы” белгісімен марапатталды.

1984-1988 – ҚазССР  ЖОО министрлігінің Алматы архитектура және құрылыс институтының “Құрылыс материалдардың, өнімдердің және конструкциялардың технологиясы” кафедрасының аға ғылыми қызметкері, аға оқытушысы.

1989 жылдың ақпаны, наурызы – Қазақстанның  ҚКОКЖО “ПУЛЬС” кооперативінің ғылыми кеңесшісі.

1989 жылдың ақпаны – 1995 жылдың наурызы – ҚазКСР Жеңіл өнеркәсібі министрлігінің “Қазлегпром” ғылыми-өндірістік бірлестігінің жетекші ғылыми қызметкері,  эксперименталды зерттемелер бөлімшесі секторының жетекші инженері, меңгерушісі.

1995 жылдың наурызынан 1996 жылдың желтоқсанына дейін – әл-Фараби атындағы ҚазМУ ғылыми зерттеулер бөлімінің ғылыми хатшысы.

1996 жылдың желтоқсанынан 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін – “Полимерлі композициялық материалдарды зерттеу және жетілдіру” тақырыбы бойынша химия ғылымдарының докторы ғылыми атағына докторант-үміткер.

1999 жылдың қаңтары-1999 жылдың желтоқсаны – әл-Фараби атындағы ҚазМУ жаңа химиялық материалдар мен технологиялар (ХШТ ҒЗИ) ғылыми-зерттеу Институтының аға ғылыми қызметкері.

2000 жылдың  қаңтары -2001 жылдың шілдесі – ЖАҚ «МАК»Алматыгорстрой” жабық акционерлік қоғамы лабораториясының меңгерушісі.

2001 жыл, шілде-2002 жыл, тамыз – ҚР ҰА “Нефть” ғылыми-инженерлік орталығының жетекші инженері, белді ғылыми қызметкері.

2002 жыл қыркүйегінен осы күнге дейін Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ химия кафедрасының аға оқытушысы, доценті.

2007 жылдың 26  желтоқсаны – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында жоғары  молекулалық қосылыстар химиясының 02.00.06 мамандығы бойынша “Өрттен сақтай алатын, коррозияға төтеп беретін, жылу-гидрооқшаулау  және жоғары серпімді қасиеттері бар полимерлік композициялық материалдар”  тақырыбы бойынша химия ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссеpтация қорғады.

2009 жыл. Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы. Қазақстан Республикасының Білім және  ғылым Министрлігінің грантын жеңіп алды.

2010ж. «БОЛАШАҚ» ҚР Президентінің стипендиясының иегері, АҚШ-қа ғылыми тағылымдамаға жолдаманы ұтып алды.

2013ж. Нью-Йорк академиясының академигі, Американ химия қоғамының мүшесі .

2013ж. МИТ-тың сертификаты.

2014 ж. Алматы қаласының әкімі А.М.Есімовтың «МикроЭкспо-2014» конкурсына қатысқаны үшін алғысы.

2014 ж.Европаның «Құрметті ғалымы».

2014ж. Лейбниц, Нобель медальдарының иегері.

2018-2020 жылдар аралығында Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) “Өнеркәсіптік жылу энергетикасы” кафедрасының профессоры болып қызмет атқарған.

2021 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де х.ғ.д., профессор болып қызмет атқарды.

Бұзаубеков Мекебай Қуанышбайұлы

Алматы қаласы Түрксіб аудандық Білім бөлімінің меңгерушісі болған.

1951 жылы Алматы облысы,Талғар ауданы, Қос-Құдық бекетінде теміржолшы отбасында дүниеге келген. Алты бала өсіріп тәрбиелеген әкесі Қуанышбай 1972 жылы, шешесі Битай 1961 жылы дүние салған. 1957-1965 жылдары  арасында Қос-Құдық ауылында сегізжылдық мектепті бітіріп, 1965-1967 жылдар арасында Алматы қаласындағы №2 эксперименталдық қазақ мектеп-интернатында оқуын жалғастырып, орта білім туралы аттестат алды. 1968-1973 жылдар арасында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты физика факультетінің жалпы техникалық бөліміне түсіп, физика және еңбек пәндері мұғалімі мамандығын алып шыққан. Бұдан кейін 1973-1974 жылдар арасында Семей қаласында әскери борышын атқарған. Еңбек жолын 1974 жылы Іле ауданы Қарасу ауылында №49 сегізжылдық мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастап, одан кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бірнеше мектептердің директоры қызметін атқарды. 1993-1997 жылдар арасында Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің, 1997-2008 жылдар арасында Әуезов аудандық білім бөлімінің бастығы, 2008-2014 жылдары   Түрксіб аудандық білім бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Мекебай Қуанышбайұлының алдынан қанат қағып ұшқан қаншама шәкірттері өмірдің бір-бір кірпіші болып қаланғаны даусыз. Білім саласына қосқан зор үлесі үшін «Оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, ҚР Білім саласындағы «Құрметті қызметкері» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне

10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» , «Қазақстан Республикасы Конституциясына

20жыл», ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»    мерекелік медальдарымен марапатталған.

2010 жылы Мекебай Қуанышбайұлы «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

Раисов Ермұрат

«Еңбек ардагері», Ғылым докторы, транспорт саласының профессоры. 1964 жылғы түлек

Мектепті  алғашқылардың бірі болып «Алтын  медальға»  бітірген. Көп жыл бойы Алматы қаласының автокөлік саласын басқарған.  Әртүрлі дәрежедегі  марапаттары бар. Соның бәрін   мектеп қабырғасында білім негізінің  қалануының нәтижесі санайды.  Қазір құрметті демалыста.

Құлбеков Марат Құлбекұлы

Орта мектеп-интернатты”Алтын белгімен” аяқтады.

Алматы қаласындағы Абай атындағы   ҚазҰПУ-де қызмет етеді, техника ғылым­дарының докторы, профес­сор, ғылыми-зерттеу және оқу зертханасының жетекшісі, ҚР-ның ғылым және техника білім беру саласының Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Айнаш ЕСАЛИ

«Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің шолушысы, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының  лауреаты, Қазақстан журналистика Академиясының жалпыұлттық ең мәртебелі «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері.

1972 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Алматыдағы  қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатқа 1987 жылы қабылданған. Мектеп табалдырығында жүріп, 1988 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасының шығармашылық байқауында жеңімпаз атанады. Шағын мақалалары мен әңгімелері оқушы кезінен-ақ республикалық басылымдарда жарық көре бастаған.

1989 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне конкурстан тыс қабылданады.Университетті тәмамдағанннан кейін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстанның жоғары мектебі» журналында қызметін бастап, көп ұзамай республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне жұмысқа қабылданады.

Еліміздің ең басты газетінің табалдырығын тілші болып аттаған түлегіміз қазір аталмыш басылымның белді шолушысы, әмбебап журналистке айналды. Көптеген журналистік байқаулардың жеңімпазы атанды. Медиа-тренер ретінде де түрлі семинарларды жүргізеді. Қазақстандағы ең кәсіпқой журналистер қатарына көтерілді.

Әлемнің әр түкпірінен репортаждар дайындай жүріп, 2006 жылы Қазақстан Журналистер Одағының «Жыл репортері» аталымы бойынша марапатталды.

Айнаш Есали 2012 жылы Қазақстан журналистика Академиясы тағайындайтын жалпыұлттық ең мәртебелі «Алтын Жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

Окимбаев Нұржан Еркенұлы– 1999 жылғы түлек.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, Қазақ экономика және статистика академиясының, Мәскеудегі «Сколково» басқару мектебінің (Директорларға арналған практикум, компанияны басқару арнайы бағдарламасы), Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттегі ЕМВА бағдарламасының түлегі.

2006-2017 жылдары – республиканың банк және қаржы саласында қызмет еткен, «Альянс», «БТА Банк», «Сбербанк», «АТФ Банк» секілді еліміздің ірі банктерінде басшы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың мамыр айынан бері – «ТАС КРЕДИТ» қаржы компаниясының басқарушы директоры.   Қазақстанда өткен “TOP for TOP” бизнес-марафонын ұйымдастырушылардың бірі. Білім беру және ауылдық аймақтарды дамыту саласындағы қайырымдылық жобаларына қолдау көрсетеді.

Зақан Зәуре Зақанқызы

журналист

1977 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақсай ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Алматы-Оңтүстік Астана» арнасында тілші, «Қазақстан» Ұлттық арнасында жауапты редактор, «Хабар», «Kazakh tv» арналарында редактор-диктор, продюссер болып еңбек еткен.

Ораз  Нұрділдә Серікұлы

ҚР Бас прокуратурасы аппарат  басшысының орынбасары

1981 жылы туған.  2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. 2013 жылы   ҚР ІІМ  Қарағанды академиясының Заң факультетін , Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін  бітірген.  Журналист, магистр.

Жетістіктері:

2008 жыл − БАҚ дамытқаны үшін Мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Құрмет» грамотасы;

2010 жыл полиция беделін нығайтқаны  үшін ІІМ «Құрмет» грамотасы;

2010 жыл – «САММИТТІ»  жоғары дәрежеде дайындап өткізуге белсене қатысқаны үшін ҚР Президентінің  «Алғыс хаты»;

2010-2014жж.  ҚР ІІМ медальдары;

2014ж.  «Мәдениет саласының үздігі»  медалі;

2014 ж.  Президенттік  «Болашақ»  стипендиясының иегері;

Жұмысы:

2002-2003 жж.  «ЮСА» телеарнасының тілшісі;

2003-2004жж.”31 арна” телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, тілші;

2004-2005 жж. «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы; 2005-2009 жж. «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы;

2007-2011 жж. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің бастығы;

2011-2015жж.ҚР ІІМ   мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, Министрдің баспасөз хатшысы .

2015-2016 жж. АҚШ, Майами қаласында оқыды;

2016 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары.

2018 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың қарашасы аралығында – «ОРТ-Евразия» телеканалы Бас директорының орынбасары.

2019-2022 жылдары –  ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі – баспасөз хатшысы.

Гүлмира Әбіқай Болатқызы

«КТК»  телеарнасының журналисі

Жамбыл   ауданының Өтеген батыр ауылында дүниеге келген.  әл-Фараби атындағы  Қазақ  Ұлттық университетінің журналистика факультетін тележурналист мамандығы бойынша бітірді. Ұлттық арнадағы «Ақшам» ақпараттық бағдарламасынан  қызметін бастаған. Президенттік пул тілшісі ретінде он  бестен  аса шетелден Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  ресми сапарлары  жайлы  репортаждар  жасады.

2002 жылдан бері КТК телеарнасында  аға-редактор, продюссер. «Күндерек» ақпарттық бағдарламасында редакторлық қызмет атқарды.2007-2009 жылдары журналистік зерттеулерге бағытталған «Репортер» бағдарламасын жүргізді.  Журналистік  іссапармен  араламаған ауылы, қамтымаған тақырыбы қалмады.  Еңбегі еленді. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының  лауреаты атанды.  2009  жылдан бері әр адамның тағдырына жіті мән берген  «Кейіпкер»  бағдарламасының авторы  әрі  жүргізушісі.  Сондай-ақ   «Медианет»  агенттігінде болашақ журналистерге дәріс оқиды. Қосымша журналистік эерттеулерді жүргізу тәсіліне баулитын  оқулық  пен  «Менің кейіпкерім»  атты кітап жазу үстінде.  «КТК» арнасының шеф-редакторы, «Япыр-ай» таңғы ойын-сауықтық бағдарламасының продюсері.  Марапаттары: «Репортер» үшін “ҚР Журналистер одағының лауреаты”

2019 жылы КТК телеарнасының “Жылдың үздік тележүргізушісі” атанды.

Айбын Шағалақов

“Егемен Қазақстан” РГ” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

1980 жылы 7 ақпанда Алматы облысының бұрынғы Шелек ауданына қарасты «Нұрлы» ауылында дүниеге келген. Белгілі журналист. Алматыдағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын  орта мектебін тәмамдаған ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 2000-2009 жылдар аралығында «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінде тілші, сараптамалық-ақпараттар бөлімінің меңгерушісі; 2009-2013 жылдары «Алаш айнасы» газеті Астана бюросының жетекшісі;2013 жылдан бері Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің сарапшысы болып жұмыс істейді.

Тастекеев Дулат

Алматы қаласының мәслихат депутаты

1982 жылы 22 маусымда Семей облысы Ақсуат ауданының (қазір ШҚО Тарбағатай ауданы) Ақсуат ауылында туған. Әкесі – Тастекеев Тұрсын Құлбайұлы (1960 ж.т.), кәсіпкер, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы. Анасы – Топанова Гүлнар (1962 ж.т.), орта мектепте бастауыш сыныптардың мұғалімі. Тастекеев ДулатАбай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі (1999 ж.). Экономика және Құқық институтын (2003 ж.), Қазақ мемлекеттік Заң университетін (2007 ж.), Францияның НЕС бизнес мектебін (2009 ж.), Мәскеудің «Сколково» басқару мектебін  (Директорларға арналған практикум, компанияны басқару, 2015 ж.) бітірген. 2003 жылдан – республикамыздың банк және қаржы мекемелерінде түрлі қызметтерді атқарған.

2010 жылдан бері – «ТАСКРЕДИТ» компаниясының негізін қалаушы және басшысы.  Медицина, білім беру және өнер саласындағы қайырымдылық жобаларына белсене қатысады. Ауылдық аймақтарды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. 2016 жылы Алматы облысында Медицина орталығы салынып, Шығыс Қазақстан облысында екі мешіттің құрылысы аяқталды.

Тастекеевтер әулетінің толық қаржылай қолдауымен Тарбағатай ауданының Екпін ауылында заманауи стандарттарға сай келетін жаңа футбол алаңы салынып, жалпы білім беретін ауылдық мектеп пен негізгі автожолдың арасын қосатын екі шақырымдық тас жолы пайдалануға берілді. Екі жыл қатарынан ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында кәсіпкердің қаржылық демеуімен «Туған жерге туыңды тік» атты Халықаралық ақындар айтысы өткізілді, «Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманах-кітаптың екінші басылымы жарық көрді. Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады, мектепке тұрақты қаржылай көмек көрсетуде.   «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2018 ж. бері «Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы.

2021 жылдан бері «Асыл домбыра» ақындар айтысына демеушілік жасап жүр.

Есжан  Мұрат Нұрәкімұлы

журналист, сценарист, скрипт-доктор

1987 жылы Алматы облысында дүниеге келді.

2000 жылы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға  арналған  қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатқа қабылданып,2004 жылы бітірді. 

2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінде оқыған.

2005-2007 жылдары «НТК»   телеарнасы, жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеген. 2007 жылдан  «Хабар» агенттігінің бағдарламалар дирекциясында   еңбек етеді. 

Айнұр Төлеу

журналист, «Сырласу» журналының бас редакторының орынбасары

 1986 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Дегерес ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты 2004 жылы тәмамдаған. 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетін бітірді. Гуманитарлық ғылымдардың әдебиеттану мамандығы бойынша магистрі, мифтанушы,ақын, журналист. 2007 жылы өзінің еңбек жолын Қазақ радиосында жүргізуші редактор болумен бастады. Бірнеше радиожобалардың авторы. «Қамшы» порталының бас редакторы қызметін атқарды. Қазір қазақ тіліндегі тұңғыш әрі жалғыз ғана жылтыр форматтағы, жылтыр мұқабалы «Сырласу» журналының бас редакторы орынбасары, «Алауинформ» порталының бас редакторы. «Культ-кілт» кітабының авторы.

 Мәдәлі Мейрамгүл

«Хабар» агенттігі» Ақ   телеарнасының продюссері және тележүргізуші

2005 жылы  осы мектепті үздік  бітірген.

2004, 2005 жылдары Республикалық олимпиада, Республикалық ғылыми жобалардың   байқауында  жүлделі  орындарға ие болған. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  экономика және бизнес Жоғары мектебі факультетін бітірген, ақын.  «Хабар»  телеарнасының продюссері және тележүргізуші.

 Зиядан Елдар Қожағалиұлы

1988 жылдың қараша айының 28-ші жұлдызында талай жұртты табиғатымен тамсандырған Марқакөл ауданының Теректі ауылында дүние есігін ашқан. Осы ауданның Қарашілік атты кішкентай  ауылында тоғызжылдық мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына құжат тапсырды, кейін  Республикалық дарынды балалар мектеп-интернатына ауысты.

2006 жылы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң «Қазақ тілі және әдебиеті» факультетіне сырттай бөліміне оқуға түсті.

2008 – 2009 жж.   актер КМҚК  «Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театры».

2009-2011жж.диктор, корреспондент  «КТВ-5» ЖШС Өскемен қалалық телеканалы.

04.01.2012-02.05.2012жж.Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты ШЖҚ «Шаһар» КМК  «Өскемен» газетінде тілші.

2012-2013жж.- Глубокое аудандық «Ақбұлақ» газетіндетілші.

2013-2016жж.- Глубокое ауданының “Мәдениетжәнетілдердідамытубөлімі” ММ-ң  «Глубокое аудандық бос уақытты ұйымдастыру орталығы»  КМҚК директоры.

2016ж.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің “Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі” ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстандық филиалының баспасөз хатшысы.

Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы

ЖШС «Көкжиек» баспасында бас редактор,

 Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасында аға оқытушысы

 1999 ж. «Алтын белгі» иегері.

2001-2002 ж. Мысыр  Республикасының әл-Миния қаласында тілдік тәжірибеден өтті (араб тілі).

2007-2009 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философияжәне саясаттану факультеті, Дінтану магистрі.

2013 ж. ҚР Ұлттық Кітап палатасының «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» атты медалімен марапатталған.

2011-2014 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасындадокторантура.

Еңбектері:

Көптеген ғылыми мақалалардың және түрік тілінен бірқатар аударма кітаптар мен жеке ізденісінен туған төмендегідей ғылыми әрі танымдық кітаптардың авторы: «Дінаралық диалог: тарихы, ұғымы, мәні», «Діни толеранттылық: кеше және бүгін», «Әлем діндері және толеранттылық», «Жиһад және түсінігі», «Сенім және ақиқат», «Ислам және өнеге», «Исламдағы бала тәрбиесі», «Исламдағы тазалық», «Ала жіпті аттама», «Тағылым тамшылары», «Тағылым таразысы». «Толеранттылық сөздігі» атты ұжымдық еңбектің авторларының бірі.

2011-2014 жж. «Исламдағы толеранттылық дәстүр» тақырыбындағы ғылыми жобаға қатысты.

2011-2012 ж. Қазақстан ұлттық телеарнасында «Иман айнасы» атты діни ағарту бағытындағы телебағдарламаны жүргізді.

Манас Қайыртайұлы

“Азаттықтың” тілші-редакторы

1994 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге   келген. Аталмыш Абай атындағы РММИ-ды  бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде білім алуда. Айтыс пен поэзияны қатар алып жүрген жас ақын. Аймақтық, республикалық және телевизиялық айтыстардың жеңімпазы. Қазақ радиосының 90 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдегері. 2010 жылы «Барқытбел» жыр кітабы «Елтаным» баспасынан жарыққа шыққан.

Меню