Жаңалықтар

Дарынды балалармен жұмыс

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Міндеттері:

  • Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау;
  •  Балалардың кәсіби және  жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету

Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.

Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.

Дарындылық анықтамасы:

  •  Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;
  •  Іс-әрекеттің  жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі;
  • Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті;
  • Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы;
  • Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.

Дарынды баланың сипаттамасы:

  •  Интелектуалды сферасы;
  • Білімділік өрісі;
  • Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық үш параметрмен анықталады:

  • Танымдық жеке дамуы;
  •  Психологиялық жеке дамуы;
  •  Физикалық дамуы.

 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

– баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

– пәнге терең қызығушылығын арттыру;

– оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

– оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

– жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

– білімнің бағасын арттыру.

 

«Дарынды балалар» бағдарламасының жұмыс бағыттары:

І.  Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын  және  түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.

ІІ.   Диагностика жүргізу

ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу

  1. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
  2. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу.

 

 

 

 

Меню