Жаңалықтар

Жарғы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018    жылғы  «____» ____________

№ ___ бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған   қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
 орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің

 

ЖАРҒЫСЫ

 

 

  

 

 

 

 

Алматы қаласы  –  2018 жыл

 

1тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің түрі: Республикалық мемлекеттік мекеме.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазандағы №1754 қаулысымен қайта құрылды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы №774 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің Абай атын беру туралы 2006 жылғы 31 мамырдағы №480 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды және «Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып табылады.
  4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
  5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi болып табылады.
  6. Мемлекеттік мекеменің атауы:

Мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Государственное учреждение «Республиканская специализированная с углубленным изучением казахского языка и литературы средняя школа-интернат для одаренных детей имени Абая» Министерства образования и науки Республики Казахстан.

  1. Мекеменің орналасқан жері: 050020, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

  1. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
  2. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
  3. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
  4. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

Инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекемеде қолайлы жағдайлар жасау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды оқушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім беретін элиталық білім беруге қол жеткізу.

  1. 13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары:
  • функционалды сауатты, патриот, өз ісіне жауапты, көптілді, креативті және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, қазақстандық және халықаралық университеттерге түсетін оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететін оқу ортасын жасау;
  • оқушы дарынын зерделеп, оның даму ерекшеліктерін ұғына отырып, талантты, дарынды балаларды шығармашылық белсенділікке ынталандыру;
  • Қазақстан Республикасының балаларына ана тілі мен әдебиетінен тереңдете білім беру мақсатында оқыту, оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін жетілдіру;
  • ұлттық сана-сезімін кеңейту мақсатында қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін үйрету;
  • әр баланың табиғи, жеке, интеллектуалдық қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін одан әрі дамыту;
  • отбасы, халық және мемлекет алдындағы тұлғалық құқықтары мен міндеттерін тануға, республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысатын азамат етіп тәрбиелеу;
  • кәсіби желілік қоғамдастық құру арқылы мұғалімдер мен басқа да педагог қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дамытуды қолдау;
  • әлемде халықаралық деңгейде танылған ғылыми және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту;
  • білім беру үдерісін ұйымдастыруда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен бейіндік пәндер арқылы жүзеге асыру;
  • оқыту технологияларының ойлау дербестігін, шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдістерін, түрлері мен тәсілдерін оңтайлы пайдалану;
  • негізгі және орта мектептерде кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  1. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Уәкілетті органның келісімімен өз атынан шарттар мен келісімдер, мәмілелер жасауға, сатып алуға және мүліктік құқықты жүзеге асыруға, жауапкершілік алуға, сотта талап етуші болуға және жауап беруге;

2) Уәкілетті органның келісімімен басқа да заңды тұлғалардың құрылтайшысы немесе қатысушысы болуға, заңды тұлғалардың бірлестіктеріне (қауымдастықтар мен одақтарына) кіруге;

3) қазақ тілі мен әдебиетіне қабілетті дарынды балаларды іздестіру және конкурстық негізде қабылдау;

4) мектеп қызметіне ата-аналар жұртшылығын, үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тараптарды тарту

  1. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
  2. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

  1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  2. Тиісті саланың уәкілетті органы заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функциялард жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
  3. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
  5. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

11) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздер есебінен құрылады.

  1. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, спорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.
  4. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
  5. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Мемлекеттік мекемеге оқушыларды қабылдау тәртібі

  1. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта күшейтілген жүктемеге денсаулығы жарамды, гуманитарлық пәндерге ерекше қабілеті бар 8-11-сынып оқушылары тегін, мемлекет есебінен білім алады.                                       Мектепте оқу мерзімі мемлекеттік стандарттарға сәйкес – 4 жыл               (8-11-сыныптар аралығында). Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Мектеп-интернатқа 7-сыныпты бітірген және түсу емтихандарынан өткен балалар қабылданады.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында:

  • әдебиеттен шығарма жазу (тақырыпты ашу қабілеті және жазу үлгісі);
  • психологиялық тест (оқушының логикалық ойлау деңгейін айқындау үшін);
  • қазақ тілінен ауызша емтихан;
  • шығармашылық қабілетін байқау (оқу техникасы, шешендік, ақындық өнері);
  • сөйлеу мәдениеті және ойын жеткізе білу мүмкіндігін байқау емтихандары жүргізіледі.

Мектеп-интернатқа республиканың барлық өңірінен оқушылар тарту мақсатында жыл сайын қабылдау емтихандары өткізіледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары мектеп-интернатқа конкурстан тыс қабылданады.

Бірнеше пәндерден (солардың ішінде қазақ тілі мен әдебиетінен) тоқсандық және жылдық қорытындыда, сондай-ақ  8-11-сыныптың оқу бағдарламаларына кіретін пәндерден «қанағаттанарлық» деген бағасы бар оқушылар педагогикалық кеңестің шешімімен мектеп-интернаттан шығарылып, тұрғылықты жеріне қайтарылады.

Босаған орындар  Мемлекеттік мекеменің арнайы қабылдау комиссиясының шешімі бойынша дарынды, үздік оқитын оқушылармен  толықтырылады.

  1. Мемлекеттік мекеме оқушыларына демалыс (каникул) оқу жылында екі рет беріледі:

1) қысқы  демалыс 30 күннен кем емес;

2) жазғы  демалыс оқу жылының аяғынан 1 қыркүйекке дейін.

  1. Оқушылардың білімін бағалау өлшемдері:

1)  сауаттылық, ауызша және жазбаша тілінің даму деңгейі және білімі;

2)  оқушының терең білімділігі және жан-жақтылығы;

3)  дүниетанымдық деңгейі;

4)  өзіндік қабылдау ерекшелігі;

5)  қабылдау деңгейінің жоғарылығы;

6)  халық өмірі мен тарихын, әдебиетін, өнерін жан-жақты тануы;

7)  ойының жалпылығы мен дәлелділігі;

8)  ой ұшқырлығы, әдеби көркем сөйлей білуі;

9) Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткізілген емтихандардың жиынтық қорытынды бағасы бойынша конкурстық негізде қабылданады.

  1. Осы Жарғыда қарастырылмаған қызмет Уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.
  2. Мектептегі білім беру үдерісі, оқыту тәртібі, сағат мөлшері, жалпы мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беруді басқару Мемлекеттік мекемеде белгіленген тәртіптерге сәйкес белгіленеді.
  3. Оқу орны – оқу үдерісінің мазмұнын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, жобалардың, инновациялық әдістердің бейінді бағыттары бойынша оның түрлері мен әдістерін дамытып, жаңартып отыратын шығармашылық зертхана.
  4. Мемлекеттік мекеме мен оқушылар (олардың ата-аналары мен өкілдері) арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес реттеледі.

8-тарау. Білім беру үдерісін ұйымдастыру

  1. Оқушылардың терең даярлығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы бағдарламалары бойынша бейінді пәндерді оқыту арқылы қол жеткізіледі.
  2. Мемлекеттік мекемеде оқытудың жаңа нысандарын зерделеу және енгізу бойынша педагогтердің шығармашылық ізденісі, эксперименттік және жаңашыл жұмыстары дамытылады.
  3. Мемлекеттік мекемеде жалпы білім беретін бағдарламалар тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, оны қоғамдағы өмірге бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
  4. Оқушылардың оқу жүктемесі, сабақ оқу режимі мемлекеттік стандарттардың, оқу жоспарлары мен білім беру органдары ұсынымдамаларының негізінде әзірленіп, бекітілген ережемен айқындалады.
  5. Мемлекеттік мекеме Уәкілетті орган бекітетін қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту жөніндегі оқу жоспары мен бағдарламаларын әзірлейді.
  6. 8-11-сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шетел тілдері, информатика, еңбек және дене шынықтыру сабақтарында сынып екі топқа бөлінеді.
  7. Ағылшын тілі барлық сыныптарда оқытылады, басқа тілдер (қытай, түрік және т.б.) оқушылардың таңдауына сәйкес екінші шет тілі ретінде оқытылады.
  8. Мемлекеттік мекеме бейіндік пәндер бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды.

9-тарау. Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқығы мен міндеттері

  1. Білім беру ұйымдарындағы тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
  2. Кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері білім беру үдерісінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
  3. Мемлекеттік мекеменің оқыту нысаны – күндізгі, бір ауысымды.

49.Білім беру ұйымындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.

  1. Білім беру ұйымында нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды таратуға тыйым салынады.
  2. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы оқушы жастарды бастапқы әскери даярлау Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізінде жалпы білім беретін оқу орындарында жүргізіледі.

10-тарау. Ақылы білім беру қызметтерін ұсынудың тәртібі

  1. Мемлекеттік мекемеде осы Жарғыға сәйкес ақылы білім беру мен өзге де ақылы қызмет көрсету көзделмеген.
  2. “Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Мемлекеттік мекемеде оқушыларды тамақпен ақысыз қамтамасыз ету үшін үкімет тарапынан бөлінетін қаржының 20% ата-аналар тарапынан төленеді.

11-тарау. Мемлекеттік мекеменің шығармашылық қызметі

  1. Білім беру ұйымдарында тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

1) Мемлекеттік мекеменің жұмысы қазақ тілін дамытуға бағытталған және сабақ қазақ тілінде өтеді, сондай-ақ орыс тілі мен шет тілі де оқытылады.

2) Мемлекеттік мекемеде оқытудың барлық деңгейі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік мекеме білім алушыларды аралық аттестаттаудың тәртібін және мерзімін таңдауда дербес.

12-тарау. Білімді ағымдағы бақылаудың және аралық аттестаттаудың жүйесі мен тәртібі

  1. Білім беру жүйесіндегі білім сапасына бақылау жасау оқушылардың білім сапасын арттыруға, білім беру жүйесіндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған.
  2. Мемлекеттік Мекеме әрі қарай қызмет етуі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сәйкес Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартын орындауға, мемлекеттік аттестаттаудан өтуге міндетті.
  3. Оқушылардың білімін бақылау белгіленген мерзімге сәйкес Мемлекеттік мекеменің қарауы бойынша жүргізіледі.
  4. Мониторингтік бақылау жасау жыл бойы үздіксіз жүргізіледі.

13-тарау. Білім беру ұйымының міндеттері мен қызметі

  1. Мемлекеттік мекеменің құзыретіне мынадай міндеттерді шешу қызметі жатады:

1)  Жарғының жобасын әзірлеу;

2)  ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

3) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу үдерісінің ұзақ мерзімді жоспарын бекіту;

4)  оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және дамыту;

5) оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу;

6) мекеменің басқару құрылымын, штат кестесін бекіту және міндеттемелерін бөлу;

7) республикалық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және мектеп бюджетінің шеңберінде Мемлекеттік білім беру мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары мен айлықақыларын бекіту;

8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес білім беру Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына қосымша ақының, сыйақы және басқа да көтермелеудің  тәртібі мен мөлшерін белгілеу;

9) нормативтік актілерге сәйкес Мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету, жарақтау мен жабдықтау;

10) осы Жарғымен белгіленген және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметті қамтамасыз ету үшін қосымша материалдық және қаржылық қаражат көздерін тарту;

11) мектептің медициналық қызметін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, олардың жұмыстарына оқушылардың, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулықтарын қорғау және нығайту мақсатында бақылау жасау;

12) оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қосымша материалдық жеңілдіктермен қамтамасыз ету;

13) тәрбиеленушілер мен оқушылардың күтімі мен тұру жағдайларын белгіленген нормаларға сәйкес қамтамасыз ету;

14) педагогикалық ұжым мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне көмек көрсету;

15) материалдық-қаржылық ресурстардың түсуі мен жұмсалуы туралы Уәкілетті орган мен құзыретті органдарға есеп дайындау.

14-тарау. Мемлекеттік мекеменің ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен қатынастарын рәсімдеу тәртібі

  1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) білім беру ұйымын баланың қалауын және жеке қабілеттерін ескере отырып таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беруді басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымынан балаларының үлгеріміне, тәртібі мен оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4)  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға құқығы бар.

  1. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

1) балаларға өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын,       адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға, балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге;

3)  ерікті түрде Мемлекеттік мекемеге демеушілік көмек көрсетуге міндетті.

  1. Мемлекеттік мекемемен ынтымақтастық шарт жасай отырып, ата-аналар мен заңды өкілдер осы Жарғының талаптарын орындауға және балаларының оқуы мен тәрбиесіне жауап беруге міндетті.
  2. Оқушылар мектеп Жарғысына сәйкес форма (спорттық киімдер, мектеп киім үлгісі) киюі тиіс.
  3. Мектептің ішкі тәртібін бұзған, үнемі тәртібіне байланысты ескерту алып жүрген оқушылар ата-анасына алдын ала хабарланып, Мемлекеттік мекемеден шығарылады.

15-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру 

  1. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру мемлекеттік мекеменің нысаны мен түрі бойынша әрбір білім алушыға және тәрбиеленушіге есептеліп айқындалады. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құжаттар, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру нормативтерінің абсолютті мөлшері инфляция қарқынына сәйкес индекстеліп, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітіп отырады.
  3. Мемлекеттік білім беру мекемесінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте айқындалады. Бюджеттен алынатын қаражат есебінен ұсталатын мемлекеттік білім беру мекемесінің қызметкерлерін қаржылдандыру еңбекақы төлеу туралы ережені басшылыққа алады.
  4. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен лауазымдық айлықақылары олардың біліктілігіне және лауазымдық міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
  5. Мемлекеттік Мекеме қаржылық мүмкіндіктеріне қарай сыйақы мен басқа да көтермелеу түріндегі қосымша ақылар мөлшерін шешеді.
  6. Білім беру ұйымының педагогтеріне біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген тиісті дипломы болған жағдайда ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми атақтары үшін ғылым кандидатына бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторына екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
  7. Педагогтер үшін нормативтік жүктеме аптасына – 18 сағат. Мектеп-интернат тәрбиешілері үшін 30 сағаттық жұмыс бір ставка ретінде белгіленген.
  8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі педагогтер үшін нормативтік оқу жүктемесін білім беру саласындағы орталық атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңда белгіленген шекте реттеп отырады.
  9. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне сыныпқа басшылық жасағаны үшін, дәптерлерді, жазба жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы және Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген басқа да ақылар төленеді.

16-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

  1. Мемлекеттік мекеменің еңбекақы төлеу қорын уәкілетті орган белгілейді.
  2. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің еңбегі «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен бекітілген еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

17-тарау.  Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

18-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратынің шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  4. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты қайта бөледі.
  5. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

Директор                                                                                                                                                                            Р.Е. Сексенова

 

Меню