МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ТАРИХЫНАН ЖЫЛДАР БЕДЕРІ
1957ж.Республика көлеміндегі ауыл балаларына арналған мектеп-интернат құрылды.
1960ж. Ы. Алтынсарин атындағы ПҒЗ институтының базалық эксперименттік мектебі болды.
1987ж. Қалалық білім беру басқармасының қарамағына кірді.
1988ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 18 шілде күнгі №164 Жарлығымен Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат мәртебесіне ие болды.
1999ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1754 қаулысымен мемлекеттік білім мекемесі болып қайта құрылған.
2003ж. Республика үкіметінің №774 қаулысы: “Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты”.
2006ж. Үкіметтің №480 қаулысымен “Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты” болып аты өзгертілді.