Жаңалықтар

Үздік педагог – 2020

Бүгін 2 қазан, сағат 11.00-де Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Бұл айтулы іс шараға біздің мектеп-интернаттың екі бірдей жоғарғы санатты, шебер-педагог ұстаздары, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, бірнеше оқулық, кітаптардың авторлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ОСПАН ДИНАШ БЕКТЕНҚЫЗЫ мен МАХАМБЕТОВА ГҮЛБАНУ ЖАНБЕКҚЫЗЫ қатысып, “ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2020” байқауының жеңімпаздары атанды. Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталды.

Жеңімпаз ұстаздарымызды мектеп-интернат ұжымы құттықтайды! Ұстаз мәртебесін асқақтатқан сіздердей жандар біздерге үлгі. Абыройларыңыз арта берсін! Марапаттарыңыз құтты болсын! Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!!!

Меню