Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты жиында аттестат тапсырылды.

 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына сіңіріп, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектерге «Тәуелсіздік ұландары» атты салтанатты жиында аттестат тапсырылды. Мектебімізде биылғы оқу жылында бітіруші 117 түлек болса, оның 26-сы Алтын белгі иегері, 21-і үздік аттестат иегері болды. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыздың ойы толып, бойы өсіп, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Бұл күн – мектеп бітіруші жас түлектердің есінде мәңгі өшпесі анық.
Ақ жол саған, жас түлек !
Меню