Жаңалықтар

Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам болуға бағыттап, оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуге, шығармашыл тұлға ретінде ой еркіндігін жетілдіруге ықпал етеді.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп, ағымдағы жылдың 25-26 қараша күндері Алматы қаласындағы аталған орта мектеп-интернатта жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында (қазақ сыныптары арасында) ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын өткізеді.

Ережеге сәйкес (ереже www.abaimektep.kz сайтында) байқау 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық, республикалық және 4 кезеңнің  тапсырмалары бойынша өткізіледі:

І кезең (8 минут)

Қатысушы сұрақ түрінде берілген тақырыптың қай бағытын (иә, жоқ, т,б) қорғауды сайыс кезінде жеребе арқылы анықтайды. Әр қатысушыға берілетін уақыт 4 минут. Бұл кезеңде тақырыпты нақты мәлімет, дәйекті дерек, мағыналы мысалдармен жан-жақты ашуы керек. Көркем тіркес, шешендік сөз, мақал-мәтел, нақыл сөздер қолдану деңгейі міндетті түрде ескеріледі.

ІІ кезең (5 минут)

Екі қатысушы тақырып аясында бір-біріне кемінде екі нақты әрі ұтымды, өзекті сауал қоюы шарт. Сұрақтың тақырыпқа сай келуі мен өзектілігі, оған берілетін жауаптың қысқа, нақты әрі дәл болуы бағалаудың басты шарты ретінде қарастырылады. Егер мүлдем сұрақ қоймаса, қойылған сұрағы тақырыпқа сай келемесе баға берілмейді. Сұраққа берілген жауаптың дәлдігі мен тапқырлыққа да баға қойылады.

ІІІ кезең (6 минут)

Әр екі қатысушы 1-кезеңдегі ұстанымына қарсы бағытта пікір айтып, ой қозғап, тақырыпты қорытындылап ұсыныс білдіреді. Сол арқылы қатысушының жалпы тақырыптың екі жағын қаншалықты терең әрі жан-жақты білетіні белгілі болады.

ІV кезең – қорытынды кезең (6 минут)

Көрерменнің, тыңдарманның, сарапшылардың, сыншы сырт көздің қатысушыларға сұрақ қоюы. Егер тыңдарман, көрермен тарапынан тақырыпқа сай келмейтін сұрақ қойылса – қабылданбайды. Сұраққа сайысқа қатысушының ұтымды жауап беруі бағаланады.

Байқауға еліміздің облыстары, РББҰ мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан  оқушылар  шақырылады. Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 1, 2-кезеңдерде жеңімпаз болған  1 оқушы  қатысады. Әр өңірден ашылған Абай мектептері желісінен  1 оқушыдан қатыса алады.

Қатысушылардың Алматы қаласына келу күні – 24 қараша, таңғы сағат 08:00-ге дейін, қайту күні – 26 қараша, сағат 18:00-де (түрлі жағдайларға байланысты уақыт өзгерісі болса, алдын-ала хабарланады).

Қатысушылардың Алматы қаласына келуі мен қайтуы, тамағы, жататын орны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сұранысты және 2-кезеңнің өткендігін растайтын хаттаманы (әр облыстан 1 оқушы мен 1 жетекші) ағымдағы жылдың 13 қарашасына дейін мына поштаға abairsshi@mail.ru   жіберу қажет. Хаттама Қосымша 1-де көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс.

Қосымша: республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының іріктеуіне ұсынылатын хаттама үлгісі, шешендік сайысқа қатысу шарттары мен талаптары

Сұраныс төменде көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс: (мәліметтер құжат бойынша толтырылуы тиіс)

Оқушының аты-жөні Сыныбы Мектебі Облысы, қаласы, ауданы Жетекші-мұғалімнің аты-жөні, жұмыс орны Ұялы телефоны Келу-қайту кестесі (автобус, поезд, вагон №, уақыты) Қонақ үй қажеттілігі
1

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Митин көш, 6 үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8(727)3870846, сайт: www.abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 87021750404.

Қосымша сұрақтар бойынша: Абитова Жанар Сабетханқызы – 87029063006.

Қосымша – 1                                                                                                      

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында «Ділмар» ІІІ республикалық шешендік өнер байқауын өткізу ережесі

  1. Жалпы ереже
  2. Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Ділмар» ІІ республикалық шешендік өнер байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.
  3. Осы Ереже байқаудың мақсаты мен міндеттерін, әдістемелік-ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді.
  4. Байқауды «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп өткізеді.
  5. Байқаудың бас демеушісі әрі идея авторы – «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры». Аталған қор жүлдегерлерге ақшалай және заттай сыйлықтар беруді, алғыс хаттар дайындауды, бейне және суретке түсіруді атқарады.
  6. Ұйымдастырушы мектеп-интернат қатысушылардың тіркелу, келіп-кетуін, экскурция ұйымдастыру, байқау өтетін орын мен оған қатысты жұмыстарды атқаруды міндетіне алады.
  7. Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақ және Шалқар радиолары», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар» арнасы, «Астана» арнасы, «Алматы» арнасы, «Ана тілі», «Түркістан», «Қазақстан-Заман», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Абай.кз» ақпараттық порталы, т.б.
  8. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.
  9. Байқаудың негізгі міндеттері – шешендік өнердің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімделу; би-шешендердің шешендік сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру; шешен сөйлеуге, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану, күнделікті өмірде қолдану.
  10. Байқау қатысушылары
  11. Байқауға облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11-сынып (қазақ сыныптары арасында) оқушылары қатысады. Әр облыстан бір оқушы (бір жетекшімен) республикалық кезеңге жіберіледі.
  1. Ескерту: Абай мектептері желісінің оқушылары облыстық іріктеуге қатыспай,
    2-кезең – мектептерінде өз мектепішілік іріктеу өткізеді. Мектепішілік іріктеудің жеңімпазы тікелей республикалық кезеңге жолдама алады.
  2. Қатысушылардың жетекшілері байқауға келген сәттен бастап өтетін орынға дейін, өткізу уақытында және кері тұрғылықты орнына жеткізілгенге дейін қатысушылар үшін толық жауапты.
  3. БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖЕТЕКШІЛЕР ПЦР-ТЕСТ АНЫҚТАМЫСЫМЕН КЕЛУІ ТИІС.

III. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 Шешендік сайысқа қатысу шарттары мен талаптары

Шешендік сайыстың жалпы уақыты: 25 минут.

 І кезең (8 минут)

Қатысушы сұрақ түрінде берілген тақырыптың қай бағытын (иә, жоқ, т,б) қорғауды сайыс кезінде жеребе арқылы анықтайды. Әр қатысушыға берілетін уақыт 4 минут. Бұл кезеңде тақырыпты нақты мәлімет, дәйекті дерек, мағыналы мысалдармен жан-жақты ашуы керек. Көркем тіркес, шешендік сөз, мақал-мәтел, нақыл сөздер қолдану деңгейі міндетті түрде ескеріледі.

ІІ кезең (5 минут)

Екі қатысушы тақырып аясында бір-біріне кемінде екі нақты әрі ұтымды, өзекті сауал қоюы шарт. Сұрақтың тақырыпқа сай келуі мен өзектілігі, оған берілетін жауаптың қысқа, нақты әрі дәл болуы бағалаудың басты шарты ретінде қарастырылады. Егер мүлдем сұрақ қоймаса, қойылған сұрағы тақырыпқа сай келемесе баға берілмейді. Сұраққа берілген жауаптың дәлдігі мен тапқырлыққа да баға қойылады.

ІІІ кезең (6 минут)

Әр екі қатысушы 1-кезеңдегі ұстанымына қарсы бағытта пікір айтып, ой қозғап, тақырыпты қорытындылап ұсыныс білдіреді. Сол арқылы қатысушының жалпы тақырыптың екі жағын қаншалықты терең әрі жан-жақты білетіні белгілі болады.

ІV кезең – қорытынды кезең (6 минут)

Көрерменнің, тыңдарманның, сарапшылардың, сыншы сырт көздің қатысушыларға сұрақ қоюы. Егер тыңдарман, көрермен тарапынан тақырыпқа сай келмейтін сұрақ қойылса –  қабылданбайды. Сұраққа сайысқа қатысушының ұтымды жауап беруі бағаланады.

Шешендік сайысының басты ерекшелігі: қатысушы сұрақ түрінде құрылған тақырыптың екі бағытына, жалпы мазмұнына бірдей дайындалады. Бұл оның ізденуі мен білімін арттырады. Әр мәселені екі жағынан да қарастыра отырып, өз ой-пікірін, ұстанымын білдіріп, қорытынды шығаруға үйренеді. Қатысушының сөздік қоры байып, айтылған сөзі мен ойының көркемдік, дәлдік деңгейі, тақырыпты қысқа әрі нақты деректермен толық ашуы, өткір сауал қойып, нақты жауап беруге дағдылануы қалыптасып, шешендік қабілетін толық жетілдіруге жол ашады.

Шешендік сайыстың тақырыптары

Ұлттық киім кию руханиятты жаңғырта ма?

Ата-ананың перзент алдындағы борышын білесіз бе?

Жетінші қарасөздің (Абайдың 7-сөзінің) жер бетіне тигізер ықпалы бар ма?

Бесік жыры – ұрпақты дұрыс жолға тәрбиелей ала ма?

Бес асыл іс бес күн жалған үшін маңызды ма?

Мінез туа бітер қасиет пе?

Әлеуметтік желінің әлеуеті күшті ме?

Отан отбасынан бастала ма?

Ұлттық мінезімізден ажырап қалған жоқпыз ба?

Бүгінгі күндегі БАҚ-тың елтүзер қауқары бар ма?

Жыраулар поэзиясындағы мазмұн бүгінгі күнде де өзекті ме?

Ертегі – тәрбие құралы ма?

Қазақ үшін қала маңызды ма, ауыл маңызды ма?

Алаш мұрасы қазақ мұраты бола ала ма?

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы ма?

Қазақтың бақыты – байтақ жері ғана ма?

«Өнер алды қызыл тіл» ме?

«Қарты бар үйдің қазынасы бар», қарттар үйінде қазына бар ма?

Абай шешен бе?

Біз күншілміз бе?

ХХІ ғасырда шешендік өнер қажет пе?

Ханға «дат айту» дәстүрін білесіз бе?

Президент болсаңыз, елді түзей аласыз ба?

Біз әлі жалқаумыз ба?

Саяси және құқықтық тұрғыдан сауаттымыз ба?

Тіл тазалығын сақтау маңызды ма?

Біз Алаш идеясын іске асыра алдық па?

Өзге дамыған елдер секілді әлем мойындайтын отандық бренд қалыптастыра аламыз ба?

Ауылға қайтып, дамуына үлес қосасыз ба?

Діни сауатыңыз қалыптасты ма?

Қазақты қай дұшпаннан да қорғай аласыз ба?

Ғылыммен айналысасыз ба?

Байлығыңызды ел игілігіне жұмсайсыз ба?

Кітап оқудың пайдасын көрдіңіз бе?

Шешен бола аласыз ба?

Абай мектебінің атына сай тұлға бола аласыз ба?

Уақыттың қадірін білесіз бе?

Үлкендерді сыйлап, тәлімін алып жүрсіз бе?(нақты мысал келтіріңіз)

Біз Абай мектебінің мақтанышы бола аламыз ба?

Тәуелсіздікті сақтай аламыз ба?

ЕСКЕРТУ: Қазақтың төл дыбыстарын анық айта алмайтын оқушылар байқауға жіберілмейді. Байқау барысында қатысушылардың дыбыстарды толық, анық айтуына баса назар аударылады.

  1. Байқау 3 кезеңге бөлінеді:

1-кезең – аудандық (қалалық), білім басқармаларымен өткізіледі.

2-кезең – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ;

3-кезең – республикалық, қорытынды. Республикалық кезеңге 1-2-кезеңдерде жеңімпаз болған 1 оқушы (оқушы 3 деңгейге де) қатысады.

  1. Қазылар алқасының құрамы танымал әдебиет және тіл саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан құралады.
  2. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстық жұмыстарының білімі мен өнеріне талдау жасайды, үміткердің сөйлеу мәнері мен тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, берілген уақытты дұрыс игеру шеберлігіне баса назар аударады, ұйымдастыру және өткізу барысындағы мәселелерді талқылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;
  3. «Ділмар» республикалық шешендік өнер байқауының  қорытынды кезеңіне тіркелу және қатысуы жөніндегі сұранысты байқаудың өткізілуіне 20  күн қалғанға дейін жіберу қажет.
  4. Байқау ережесі мен өткізілу мерзіміне байланысты өзгерістер мен толықтырулар, дайындалуға ұсынылатын шығармалар тізімі байқаудың өткізілу мерзімінен екі ай бұрын қосымша хабарланады және www.abaimektep.kz сайтында жарияланады.
  1. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Митин көш, 6 үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8 (727) 3870846, сайт: abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 87021750404. Қосымша сұрақтар бойынша: Абитова Жанар Сабетханқызы – 87029063006.
  2. Қорытындылау және марапаттау

Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, Алғыс хаттармен марапатталады. Жүлдегерлерге қаржылай және бағалы естелік сыйлықтар беріледі. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

  1. Байқауды қаржыландыру

 Байқауға қатысушылардың жол жүруін, тамақтану және тұратын жерін ұйымдастырумен байланысты шығындар жіберуші білім мекемелерінің немесе жеке (демеушілік) қаражат есебінен жүзеге асырылады.

  1. Байқаудың жүлдегерлерін марапаттау Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бекіткен шығындар сметасы  шегінде жүзеге асырылады.

Қосымша-1

ІV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына іріктеу турының

хаттамасы

Сыныбы__8-11________________________________

Қазылар алқасы:

 

Байқау ____ _______  сағат ___ _____ минутта басталды.

Байқау ____ _______  сағат ___ _____ минутта аяқталды. 

Қатысушының

аты-жөні

Сыныбы І деңгей ІІ деңгей

ІІІ

деңгей

Жалпы нәтиже
1.
2.
3.

Жеңімпаз оқушылар:

І орын

ІІ орын –

ІІІ орын –

Алғыс хат –

Байқау қорытындысы бойынша ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына өткен жеңімпаздар тізімі

Байқау өткізілген күн  ____________________ 

 Мәжіліс хатқа түсірілген күн  _______________________

Қазылар алқасы:  

 ____________________

_______________________

_______________________

  Дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Даланың дала ділмарлары. Құрастырушы: Төреқұл Н. – Алматы: ЖШ «Қазақстан» баспа үйі, 2006.
  2. Бес ғасыр жырлайды. Құрастырушылар: Байділдаев М., Мағауин М. – Жазушы, 1989.
  3. Бабалар сөзі. 96-том.

Ұсынылатын авторлар тізімі

  1. Қорқыт ата нақылдары
  2. Сырым шешен
  3. Бөлтірік шешен
  4. Саққұлақ би
  5. Досбол би
  6. Жанқұтты шешен
  7. Бұқар жырау
  8. Майлықожа
  9. Шал ақын
  10. Дулат Бабатайұлы
  11. Базар жырау
  12. Сүйінбай Аронұлы
  13. Құнанбай би
  14. Абайдың шешендігі

2021 жылдың 25 қарашасында мектеп-интернатта үшінші рет жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып (қазақ сыныптары) оқушылары арасында  ІІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілді.

ІІI республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына еліміздің 11 облысы, 3 қаласынан, Абай желілік мектептері мен Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген 22 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша оза шапқан от тілді, орақ ауызды бала ділмарлар ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қолы мен мөрі қойылған дипломдармен және мектеп-интернат түлегі, кәсіпкер Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар, қазына-құт кітаптармен марапатталды.

Алғыс хат (Қазылар алқасының авторлық кітаптары)

  1. Акбаров Нуржан (Қостанай облысы)
  2. Сатылхан Мадина (Шымкент қаласы)
  3. Шүкір Даяна (Ақмола облысы)
  4. Еркіналы Айкөркем (Ақтөбе қаласы)
  5. Абильбек Нұржан (Алматы қаласы)
  6. Абдугалиева Мейрамгүл (БҚО)
  7. Қапан Аруана (ШҚО, Аягөз ауданы)
  8. Қалиқанова Дилназ (ШҚО, Абай ауданы)
  9. Алланиязова Зарина (Нұр-Сұлтан)
  10. Баймбетова Айкөркем (Абай РММИ)
  11. Қазыбек Жалғас (Абай РММИ)

ІІІ орын – 20000тг

  1. Айтжанов Алмас (Нұр-Сұлтан)
  2. Жақсылықова Амина (Алматы облысы)
  3. Бекбаулова Алуа (СҚО)
  4. Мадиева Айназ (Атырау облысы)
  5. Саматқызы Ақмаржан (Маңғыстау облысы)

ІІ орын – 30000тг

  1. Үргенішбаева Нұрлыайым (Қызылорда облысы)
  2. Калдыбек Дилназ (Алматы)
  3. Қожымұқанов Рамазан (Абай РММИ)

І орын – 50 000тг

  1. Болатбеков Бағжан (Алматы қаласы)
  2. Жанатова Асем (Павлодар облысы)

Бас жүлде – 70 000 тг

Наурзхан Шыңғыс (Абай РММИ

ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының қорытындысы

2019 жылдың 4-5 қараша күндері Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында екінші рет жалпы білім беру ұйымдарының  8-11-сынып оқушылары арасында ІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілді. Ұлы Абайдың 175 жылдығын ескере отырып, қатысушылардан өзге де би-шешендермен қатар Құнанбай мен Абайдың шешендік сөздерін, афоризмдерін жатқа білу талап етілді.

ІI республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына еліміздің  10 облысы, 3 қаласы, Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген үш оқушыны қосқанда, жалпы 38 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша сан жүйрік бәйгеге шапқан бұл жарыстан мыңнан тұлпар озып шыққан төмендегі оқушылар жеңімпаз атанды.

Бас жүлде иегері

Аты-жөні      Сыныбы Облыс/қала
Досымханова Аякөз 10 Қостанай облысы

I дәрежелі диплом иегері

Аты-жөні Сыныбы Облыс/қала
Дәулетбек Думан 9 Абай атындағы РММИ
 

II дәрежелі диплом иегерлері:

Аты-жөні Сыныбы Облыс/қала
Кәдірбай Марғұлан 8 Ақтөбе облысы
Балтабаева Ардақ 9 Қызылорда облысы

 III дәрежелі диплом иегерлері:

Аты-жөні Сыныбы Облыс/қала
Бектұр Мерей 10 Алматы облысы
Жәдігерова Гүлсән 9 Шымкент қаласы
Ашилбекова Роза 9 Алматы қаласы

 Шабыттандыру сыйлығының иегерлері:

Аты-жөні Сыныбы Облыс/қала
Избасар Улдана 10 Абай атындағы РММИ
Тасмұратова Дана 8 Абай атындағы РММИ
Өсербай Өркенбай 10 Алматы қаласы
Қайрақбаева Дана 9 ШҚО
Ерболова Гүлім 10 БҚО

 

Меню