Жаңалықтар

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойының қарсаңында ұйымдастырылған желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында қашықтан өткен «Жырласам ба екен…» тақырыбындағы ақындар мүшәйрасының қорытындысы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойының қарсаңында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 11 облыс, 3 қаладан ашылған желілік «Абай мектептерінің» 7-11-сынып оқушылары арасында бүгін «Жырласам ба екен…» тақырыбында қашықтан республикалық ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Ақындар додасына 19 оқушы қатысып, барлығы 8 оқушы Абай атындағы РММИ директорының 1, 2, 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Оқушылардың өлеңдерін саралап, қорытындысын шығарған мектеп-интернаттың «Поэзия әлемі», «Айтыс» бейіндік пәндерінің ұстаздары, Республикаға танымал айтыскер ақындар Серік Қалиев пен Ибрагимов Алтынбек оқушылар туралы мынадай пікір қалдырды: «Ақиық ақын Мұқағалидың 90 жылдығына арналған сайысқа жіберілген жас ақындардың өлеңдерін мұқият тексеріп бағалауға тырыстық.  Жас ақындардың өлеңдері бізге ұнады.  Өлеңдерді бағалағанда алдымен буын-бунаққа, ырғаққа,  ұйқасқа, жалпы өлең жазу техникасына қарадық.  Себебі, ақындардың деңгейі алдымен өлең құрылысынан байқалады.  Түркі халықтарының өлеңдері, әсіресе қазақ халқының өлеңдері силабикалық жүйеге бағынады.   Буын-бунаққа көбірек мән бергеніміздің тағы бір себебі осыдан.  Өлеңнің идеясына да, көркемдігіне де назар аудардық. Мағына жағынан да, өлең құрылыс жағынан да көңілімізден шыққан Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Нурлыбаев Асланның өлеңі.  Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандық Мықтыбек Ильяс та жақсы жазады  екен. Басқа ақындарда да үлкен дарынның бар екені байқалады.  Десек те, өлең құрылысы жағына, поэтикалық қуатқа мән беріп, сөз байлығын жетілдіру керек. Бұл олқылықтар көбірек өлең жаттап, көбірек проза оқығанда жөнделеді. Сайысқа қатысқан барлық жас ақынды болашақта әлем әдебиетіне жаңалық алып келетін хас ақын болады деп топшыладық.  Шабыттарыңыз шыңдала берсін! Қаламдарыңыз мұқалмасын!»

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойының қарсаңында ұйымдастырылған желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында қашықтан өткен «Жырласам ба екен…» тақырыбындағы ақындар мүшәйрасының қорытындысы:

Аты-жөні

 

Облыс, мектеп атауы Алған орны
1

Нурлыбаев Аслан

 

БҚО

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы

1-орын
2

Мықтыбек Ильяс

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы

2-орын
3 Нәдірбай Нұрайлым

Шымкент қаласы

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы

2-орын
4

Дабылхан Әлішер

 

Павлодар облысы

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы

2-орын
5 Жанатова Әсем

Павлодар облысы

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы

3-орын
6 Куаталиева Айсана

Атырау облысы

Исатай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы

3-орын
7

Сатылхан Мадина

 

Шымкент қаласы

№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы

3-орын
8

Альжанов Ақжайық

 

СҚО

Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясысының 10-сынып оқушысы

3-орын

 

Меню