АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 📚
10 тамыз “Абай күніне”орай тағылымы мен тәлімі мол іс-шара болып өтті. Атаулы іс-шараға Б.Момышұлы атындағы Республикалық “Жас ұлан” мектебінен 7 мұғалім, Республикалық физика-математика мектебінен 3 мұғалім, Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатынан 15 мұғалім, Ш.Смаханұлы атындағы N62 гимназиядан 3 мұғалім қатысты. Дәстүрлі мерекеге айналған шараның алғашқы кезеңі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталып, “Мен бір жұмбақ адаммын…” атты ғылыми-әдістемелік воркшоппен жалғасын тапты. “Абай және бизнес”, “Абай және кинопедагогика”, Абай және нейрографика”, “Абай және кәсіби бағдар” секілді тың тақырыптарға негізделген семинар әріптестер тарапынан оң бағаға ие болды. Іс-шара барысында мектеп директоры Ержан Нұрланұлы сөз сөйлеп, аталмыш мектептермен кәсіби байланысты жалғастыра беруге ниетті екенін білдірді.
Жаңалықтар