Жаңалықтар

Психологиялық кеңес

Психоконцультация бағыты бойынша –  

      Жасөспірімнің ҰБТ-ға дайындығы кезеңінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер ұсынылды. Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғанын қалайды. Ата-аналармен жаттығулар жүргізілді. «ҰБТ ата-ана көзімен» тақырыбында постер қорғалды.

Жағдаяттар шешу, ата – аналарға психологтар ұсынатын стратегиялар

АТА-АНАЛАР ҚОЛДАУЫНЫҢ БІРІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! Бір кездері америкалық «Кип смайлинг» (аудармасы «күлкіні ұстаңыздар!») ұраны кекесін туғызған еді. Бірақ қазір балаға түнерген бет әлпетімен айтылған сөз қаншалықты жақсы болса да, оның жанын жадыратпайтындығы барлығына мәлім. Адам жанының қақпасы – оның көздері, ал оны күлкі ашады! Сондықтан күлуді ұмытпаңыздар! Әрқашан сіздердің көздеріңізден өз балаларыңызға деген махаббат жылуы төгіліп тұратын болсын!

ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! Баламен әңгімелесуге уақытыңызды аямаңыз! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала сіздің ілтипатыңызды өмір бойы естен шығармайтындығына және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болыңыз.

Ата-ана қолдауының ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Балаңызды құшақтауға сараңсымаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, — он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған.

Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!

Ата-ана қолдауының ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіздер! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!». Психологиялық оқытудың тиімділігін арттыру үшін, ең бірінші кезекте ата-аналармен байланыс орнатып, «Балалардың ата-аналарына психологиялық кеңестер», «Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес», «10 қадам бала тәрбиесіне», «Балаға күнделікті айтылатын 10 сөз», «Балада агрессия қайдан пайда болады» тақырыптарында психологиялық кеңестер ұсынылды. Мектеп-интернат сайты, фейсбук, инстаграм сайтында жарияланды.

     8-11 сынып оқушыларына «Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?», «Миға арналған жаттығулар», «Әдептілік қағидалары», «Есте сақтау қабілетін дамытудың 7 тәсілі», «Миға арналған жаттығулар», «Қобалжуды жеңу әдістері», «Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады», «Ми жұмысын арттырудың 10 амалы» тақырыптарында бейнебаян дайындалып ұсынылды. Фейсбук, инстаграм сайтында жарияланды. Оқушылар жаттығу барысын орындау, тыңдау арқылы есте сақтауға оң әсерін берді. Жаттығуларды қайталау арқылы ми процесіне жақсы әсерін береді.

Жас мамандармен «Мен және менің ұжымым» тақырыбында тренинг  жүргізілді.

Мақсаты: жас мамандардың ұжымға бейімделуі, өзін құрметтеуі, өзіндік бағалауларын анықтау. Тренинг барысына:  «Өрмекші торы» жаттығуы, «Сиқырлы көл» жаттығуы, «Менің өмірім» кокология жаттығуы жүргізілді.  Сынып оқушыларымен «Менің болашағыма» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді.  9 сынып оқушыларымен «Жасөспірім және келіспеушілік» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, болашаққа нақты мақсат қоя білуге және өзіне деген сенімділікті нығайтуға бағыт беру. Ойларын еркін білдіре білуге дағдыландыру.  «Ойлануға арналған балықтар», «Менің таңбам» арттерапиясы, Жаттығу: «Әрі қарай не?», Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу» жаттығулары жүргізілді. 10 сынып оқушыларымен мазасыздық деңгейі жоғары оқушылармен «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қарым – қатынас деңгейін, мінез-құлық тары мен жұптағы ынтымақтастықтары, жағымды-жағымсыз көңіл – күйлері туралы анықтау

Әдісі: тренинг

Тренинг барысы:

«Мен кіммін?» жаттығуы

«Мен неге келіспеушілікке барамын?» пікірлермен алмасу, рольдік ойын

«Сілкіп таста» жаттығуы

Жаттығу «Сарқырама».

«Біз, біздің және оқушылардың құқықтары» коллективтік ойыны .Тренингтің мақсаты: оқушылардың сенімділігін, мінез – құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.

1жаттығу Сәлемдесу

2 жаттығу «Мен саған сенімдімін»

3 жаттығу «Болашаққа бастар жол»

4-жаттығу «Жағымды ҰБТ»

5 жаттығу «Әнмен бой сергіту»

6 жаттығу «Самолет»

7 жаттығу «Менің көңіл – күйім» тест Сынып оқушыларымен «Бәрі менің қолымда», «Өмір құндылығы», «Мен таңдаған өмір» тақырыптарында тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

  1. «Мен және өмір» жаттығуы
  2. «Өмір» жаттығуы

3.«Екі бақа» туралы аңыз

  1. Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім
  2. «Би терапиясы» жаттығуы
  3. «Ойланып көрейік» жаттығуы
  4. «Метафора арқылы сөйлеу» жаттығуы. Өмірде кейбір жағдайларды суреттеу, ертегі, аңыз, мысал, өлең арқылы түсінуге болады. Ендігі тапсырма метафора арқылы сөйлейтіндеріңді білдіреді.
  5. «Мен бақытты боламын» жаттығуы.11 сынып оқушыларының бойларына сеніміділік орнату мақсатында әр түрлі әдістер негізінде, жігерлендіру ретінде психологиялық жаттығулар жүргізілді. «Ойлану қалпағы», «Трансқа кірейік», «Егер мен…», «Кедергілерді жою», «Жағымды тілек»

«Балалар арасындағы суицидтік мінез құлықтың алдын алу” тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысында кеңестер берілді.

Ата –аналар есіне сақтау үшін: «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»

Егер:

– баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;

– баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;

– баланы мақтаса ол игілікті болып үйренеді;

– баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді;

– баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;

– бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;

– бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді

– бала қауіпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;

– бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;

– бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді

Бала мен ата-ана қарым-қатынасының маңыздылығына қарай кеңестер әуелі ата-аналарға, одан кейін мұғалімдерге сұраныс бойынша берілді:

7–рет ата-анаға, балаларына қарым-қатынасын өзгертуге кеңес берілді; балаға еркін әрекет жасауға, шектен тыс қамқор болуды қысқарту. Баласына үлгі өнеге болуға тырысу, өз қорқынышыңды балаға бермеу, оның қорыққаны үшін реніш білдірмеу, сынамау, қорқыныштан тек сырттай қорғап емес, оның себебін тауып көмектесуге ұмтылу.
-Қорқыныш сезімін болдырмау үшін, алдын-алу үшін жанұяда жағымды ахуал тудырып, поселке аллеясында демалып  немесе жақындармен кездесіп, күйзелістен арылуға, көңіл-күймен тонус көтеретін орындарға баламен бірге баруға болатыны айтылды.

9– рет жеке педагог пен сынып жетекшілерге баланың орнықты психикалық қалпын сақтау кейбір баланың осындай проблемаға бейім екенін, олардың тұлғалық проблемалары, қорқынышы күйзеліске бейімділігін ескеру керек екендігін айтылып кеңестер берілді. Бұлар баланың бірқалыпты әрекетпен айналысуына, қарым-қатынас жасауына кесел келтіріп, қиындыққа алып келуі мүмкін. Жалпы қорқақ, күйзеліске бейім балалар педагогтың ерекше назарын қажет етеді. Балаға сенім, үміт арту бірқалыпты, жай дауыспен сөйлеу, өте артық қамқорлық көрсетуден босату, ұжымдық жұмыстарға баланы белсенді араластыру да қорқыныштан арылтады деп сұраныс бойынша мұғалімдермен мектепшілік семинар өткізілгенде айтылды.

11 – рет жеке кеңестер оқушылардың сұранысы бойынша берілді. Айтылған мәселе бойынша баланың бойындағы ресурстарын пайдаланып арттерапия методикасымен, психологиялық жұмыстар өткізіліп, оқушылардың өзіне деген сенімі жоғары екенін, әрі күйзелістегі сезімдерінен арылғаны жайлы бөлісті.

 

 

Меню