Жаңалықтар

Психодиагностикалық зерттеу

 

Психологиялық зерттеу

1 8 – сынып оқушыларының мектеп-интернатта оқуға бейімделу деңгейін анықтау. Қыркүйек

Жылдан жылға оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарынына үйренсе де, бейімделу мәселесі бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кезде бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да   із қалдырады. Оқушылардың орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды, 8-сынып бағдарламалары күрделене түсті. Осы сегізінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Бұлар:

балалардың мінезі өзгереді;

–       тез шаршайды;

–       көңіл-күйлері бұзылады;

–       оқу-үлгерімі төмендейді;

–       мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді. Сондықтан кешенді зерттеу жүргізілді.

Зерттеу барысында келесі әдістемелер қолданылды:

1. «Мен қарым-қатынаста қандаймын?»

2. Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау

3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған Брайанттың эмпатия тесті

4. Мектептегі мазасыздық деңгейін зерттеу Кондаш бойынша

Нәтижесі:

Коммуникабельдылық «Мен қарым-қатынаста қандаймын?»

Мақсаты: қарым-қатынастың деңгейін анықтау

Қарым-қатынас деңгейлері 8А-24 8Ә-24 8Б-24 8В-18
Жоғары, ашық, жақындарымен, таныстарымен және таныс емес адамдармен қарым-қатынастан қанағаттаушылық ала алады. 19-79% 20-84% 16-66 13-72
Орташа, қарым-қатынаста кейбір қиындықтарға ие 5-21% 4-16% 8-34% 5-28%
Төмен, ұялшақ, тұйық 0-0% 0-0% 0-0% 0-0%

Қорытындылай келе, 8сынып оқушыларының жыл басымен жыл соңындағы салыстырмалы нәтижесінде айтарлықтай өзгерістер бар екенін байқауға болады .Қарым-қатынастың жоғарғы деңгейі басым, яғни оқушылар қарым-қатынаста ашық, адамдармен тез тіл табысып кете алады. Орташа деңгейдегі оқушыларды ортаға тартып, сынып ұжымымен бірлескен жұмыстарға көбірек араластыру қажет.

2. Өзін-өзі бағалау деңгейі

Мақсаты: өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау

Өзін-өзі бағалау деңгейлері 8А-24 8Ә-24 8Б-24 8В-18
Өзін-өзі бағалауы жоғары 16-61%      6-25% 3-12%          8-33% 5-21 %               2-9% 1-3%         2-12%
Өзін-өзі бағалауы адекватты 13-39%     14-58% 16-64 %       13-54 16-66%            17-77% 26-97%   12-70%
Өзін-өзі бағалауы орташа 0-0  %        4-17% 6-24  %%      3-13% 3-13%               3-14% 0-0  %      3-18%

8 сыныптардың салыстырмалы нәтижесін қорытындылай келе, барлық оқушылардың өзін-өзі бағалаулары жақсы, адекватты екенін байқауға болады. Жоғары деңгей көрсеткен оқушылармен жекелей сөйлесіп, балалардың өз «Менін» басқа балалардың қасында ерекшеленбей, менсінбеушілік сезімін қалай жеңуге болатынын талқылап айтылды. Орташадан деңгей көрсеткен оқушы жоқ, дегенмен де әрбір оқушыға ерекше көңіл бөлу қажет.

3. Балалар мен  жасөспірімдерге арналған Брайанттың эмпатия тесті

Мақсаты: оқушылардың эмпатияға бейімділігін анықтау.

Эмпатия-оқушылар өздерін басқа адамның орнына қоя алу икемділігі және басқа адамдардың қайғысына ортақтаса алуы. Эмпатия тұлғаралық қарым-қатынастарын реттелуіне әсер етеді. Ол адамның мінез-құлқын әлеуметтік шартталған ете алады..Адамда дамыған эмпатия- оқыту мен тәрбиелеуде маңызды фактор.

Эмпатия деңгелері 8А-24 8Ә-24 8Б-24 8В-18
Эмпатияның жоғары деңгейі 16-61%      6-25% 3-12%          8-33% 5-21 %               2-9% 1-3%         2-12%
Эмпатияның қалыпты деңгейі 13-39%     14-58%

16-64%

13-54

16-66%            17-77% 26-97%   12-70%
Эмпатияның төменгі деңгейі 0-0  %        4-17% 6-24  %%      3-13% 3-13%               3-14% 0-0  %      3-18%

Диаграммада көріп тұрғандарыңыздай,8 сынып оөқушыларының салыстырмалы нәтижесінде кейбір оқушылардың басқа біреудің жағдайына кіріп,оны түсіну қиынға түседі.Дегенмен,жалпы алғанда 8 сынып оқушыларының көпшілігінде жанашырлық сезімдері жақсы дамыған,өздерін басқа адамның орнына қоя біледі.

4.Мектептегі мазасыздық деңгейін зерттеу диагностикасы

Мақсаты:Оқушылардың орта буынға бейімделуін және мектептегі мазасыздық деңгейін зерттеу.

Мектептегі мазасыздық деңгейі        8А-24 8Ә-24 8Б-24 22 8В-18 17
Мектептегі

Жоғары   3-12%      0-0%

Орташа   13-54%   14-58%

Төмен      8-34%    10-42%

0-0%       0-0%

15-63%  14-58%

9-37%    10-42%

2-8%       1-4%

14-59%  16-73%

8-33%    5-23%

3-17%        0-0%

8-44%        14-82%

7-39%         3-18%

Өзін бағалауда

Жоғары    8-34%    0-0%

Орташа    2-8%      19-79%

Төмен       8-34%    5-21%

0-0%          0-0%

15-63%     15-63%

9-37%       9-37%

1-4%       0-0%

15-63%   16-73%

8-33%     6-27%

0-0%              1-6%

13-72%         16-94%

5-28%            0-0%

Тұлғааралық

Жоғары   0-0%        0-0%

Орташа   18-75%   20-83%

Төмен      6-25%     4-17%

1-4%         1-4%

12-50%    16-67%

11-46%     7-29%

0-0%        0-0%

18-75%   16-73%

6-25%     6-27%

0-0%            2-12%

14-78%        14-76%

4-22%           2-12%

8 А сыныбында жыл басында мектептегі оқу кезіндегі мазасыздығы жоғары деңгейде 3 оқушы анықталса, жыл соңында оқу мазасыздығы жоғары оқушылар анықталған жоқ. Жыл басында өзін өзі бағалау мазасыздығы 2 оқушыда байқалса, жыл соңында салыстырмалы диагностика нәтижесінде жоғары деңгей көрсеткен оқушы анықталған жоқ. Тұлға аралық мазасыздықтың жоғары деңгейі жыл басында, жыл соңында ешбір оқушыдан анықталған жоқ.

8 Ә сыныбының мектептегі мазасыздықтары мен өзін өзі бағалау мазасыздықтары барлық оқушыларда қалыпты жағдайда, жыл басында да, жыл соңында да ешбір оқушыдан анықталған жоқ.Тұлғааралық қарым қатынас мазасыздығы жыл басында 1оқушыда байқалған жоқ, жыл соңында да басқа оқушыда байқалды.

8 Б сыныбында жыл басында мектептегі оқу кезіндегі мазасыздығы жоғары деңгейде 2 оқушы анықталса ,жыл соңында оқу мазасыздығы жоғары оқушылар анықталған жоқ. Жыл басында өзін өзі бағалау мазасыздығы 1 оқушыда байқалса, жыл соңында салыстырмалы диагностика нәтижесінде жоғары деңгей көрсеткен оқушы анықталған жоқ.Тұлға аралық мазасыздықтың жоғары деңгейі жыл басында, жыл соңында ешбір оқушыдан анықталған жоқ.

8 В сыныбының мектептегі мазасыздықтары мен өзін өзі бағалау мазасыздықтары барлық оқушыларда қалыпты жағдайда, жыл басында да ,жыл соңында да ешбір оқушыдан анықталған жоқ.Тұлғааралық қарым қатынас мазасыздығы жыл басында 1оқушыда байқалған жоқ, жыл соңында да басқа оқушыда байқалды. Жоғары деңгей көрсеткен әрбір оқушылармен жеке қосымша түзету жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:мазасыздықтары жоғары деңгейде анықталған оқушыларға түзету жұмыстарын жүргізу арқылы өздеріне сенімділіктерін қалыптастыру.

Түзету жұмысы келесі әдістеме арқылы жүзеге асты:

Мектептегі мазасыздықты зерттеуге арналған проективвті әдістеме(суреттерді көрсете отырып оқушымен әңгімелесу);

Әңгімелесу барысында мазасыздықтың туындау себептері анықталады:

–       Сабағын немесе жауапты ісін орындай алмағанда;

–       Алдын ала сәтсіздікті жоспарлап қойғанда;

–       Басқалармен салыстырған кезде;

–       Басқа оқуға тапсырар алдында пайда болған мазасыздық;

–       Тақтаның алдында жауап бергенде;

–       Бақылау жұмысын жазып отырғанда;

–       Мұғалімнің түсіндіргенін ұқпай қалғанда.

Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасалып, оқушылардың бойындағы мазасыздықтарының себептерін анықталып, түзету жұмысы есепке алу парағына тіркелді. Мазасыздықтары жоғары оқушыларға аса көңіл бөлініп, осы оқу жылының соңына дейін оқушыларға қиындықтарын жеңуге көмек көрсету. Әр тоқсанның соңына дейін оқушылардың мазасыздығының өзгеруін сабаққа қатысуын, өздерін еркін ұстай алуларынан бақылау, қадағалау қолға алынған.

Сонымен, қорытындылай келе жалпы 8 сыныптың оқушыларының мазасыздық деңгейі қалыпты. Дегенмен оқушылардың жалпы эмоционалдық көңіл күйлерін басқара алуға көмектесіп, өзіне деген сенімділіктерін арттыруға көмектесеміз.   

 ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ:

Кейбір оқушылардың тақтаға шығып жауап бергенде, бақылау жазған кезде мазасыздануы;

Өздерінің сырт келбетіне аса мән беріп, басқалардан өздерін төмен санауда тұлғааралық және өзін бағалау мазасыздықтары байқалады.

Ұсыныс:

Оқушылардың сыныптағы психологиялық ахуалын бір қалыпты ұстау;

Өзін өзі бағалауы төмен оқушыларға аса көңіл бөлу, сенімділікпен қолдау қажет;

Сынып жетекшілерге ата аналармен тығыз байланыста болып, жағымды қарым қатынас орнату.

Сынып жетекшілер және пән мұғалімдері оқушыларға жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесу;

Мадақтау, қолдау арқылы оқушылардың бойына сенімділік ұялату;

Оқушылардың тұлғаралық қарым-қатынастарын әр түрлі сыныпішілік іс-шаралар арқылы нығайту;

Мазасыздығы байқалған оқушыларды назарда ұстап, жекелей жұмыс жасау.

2 Оқушылардың оқу мотивациясын анықтауға арналған сауалнама Н.Г.Лусканова Қыркүйек 8 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтауға арналған Н.Г.Лусканова тесті алынып, оқушылардың бейімделуі қалыпты жағдайда екендігі анықталынды. Әр сынып бойынша оқушылардың жеке психологиялық картасы толтырылды. Бала бойындағы дарындылықты анықтау мақсатында дарындылық картасы 8-9 сынып оқушыларымен «Дарындылық шкаласы» әдістемесі жүргізіліп көркемдік, спорттық, академиялық, шығармашылыл-керативті бейімділіктері анықталынып, іріктеліп, тізім жасалынды. Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын, оқушылардың мұғалімдерге деген көзқарасын анықтау мақсатында «Мұғалім оқушы көзімен» анкетасы алынды. Нәтижесінде мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде, оқушының жақсы тәрбие-білім алып, жетілуіне мұ,алімнің ықпалы басым екендігі анықталды. 8 сынып оқушыларынан «Адам. Ағаш Үй» проективті тесті алынды. Мақсаты: адамның суретін салып келесі интерпретация арқылы талдау жасау. Әр оқушыға жеке психологиялық талдау жұмысы жүргізілді.
3

Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау» тесті

10-сыныптар

Қыркүйек

10 сынып оқушыларынан Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау» тесті алынды. Мақсаты – оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу. Зерттеу нәтижесінде мектепішілік жалпы мазасыздануы, әлеуметтік стресс жағдайында болуы, табысты болуға қажеттілік фрустрациясы, баланың білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы, баланың өзін өзі байқауы және бағалауы, айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы, стресске психофизиологиялық қарсы тұруы төмен болуы, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қорқатынымен байланыс проблемалары факторлары анықталды.

9 сынып оқушыларынан Г.Т.Хоменстаускас «Табиғатта кездеспейтін жануар» әдістемесі алынды. Мақсаты-отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау. Балаларға табиғатта кездеспейтін жануардың суретін салып, оны қалай атау керек екендігі түсіндірілді. Суреттің парақта орналасуы ортасында болса немесе парақтың жоғары жағында орналасса-өзін-өзі бағалауы өте жоғары, өзінің қазіргі жағдайына разы емес, барлық жағынан басқалардан жоғары болғысы келеді. Парақтың төменгі жағында орналасса – өзін-өзі бағалауы төмен, өз-өзіне сенімі жоқ, шешім қабылдауы баяу, үрейленіп жүреді.

10 сынып оқушыларының зерттеу нәтижесі

          Мақсаты: оқушылардың бейімделу деңгейін, мамандық таңдауын анықтау.

1. «Климов» әдістемесі

Мақсаты: оқушылардың болашақ мамандық таңдау кезінде жеке бас қызығушылықтарын анықтау.

Көрсеткіштері 10»А»-27 10»Ә»-26 10»Б»-23 10»В»-27 Балл
1 Адам-табиғат 3-11% 5-21% 2-8% 3-11% 13% IV
2 Адам-техника 3-11% 4-17% 3-13% 3-11% 13% IV
3 Адам-адам 12-44% 8-34% 10-43% 12-44% 40% I
4 Адам-белгі жүйесі 3-11% 3-13% 5-21% 3-11% 15% III
5 Адам –көркем бейнесі 6-23% 5-21% 3-13% 6-23% 19% II

2.”Голланд» әдістемесі

Мақсаты: Дж.Голланд әдістемесі бойынша мінез-құлықты анықтау

Көрсеткіштері 10»А»-27 10»Ә»-26 10»Б»-23 10»В»-27 Балл
1 Реалистік тип 5-18 2-8 1-4 5-18 10% V
2 Интеллектуалдық тип 5-18 3-13 4-17 5-18 16% III
3 Әлеуметтік тип 7-26 11-42 6-30 7-26 32% I
4 Конвенциалдық тип 4-15 1-4 4-17 4-15 12% IV
5 Тапқыр тип 4-15 7-30 7-30 4-15 23% II
6 Артистік тип 2-8 2-8 1-4 2-8 7% VI

Ең басым тип әлеуметтік тип 24-32% шықты, бұл тип адамдары қарым-қатынасқа түсуді жақсы көреді, басшылыққа ұмтылады, әлеуметтік ептілігі бар. Айналасындағыларға тәуелсіз, жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал. Ауызша сөз тіл байлығы жақсы, қабілетті. Жанындағы адамдарға ақыл айтқыш, жаны ашып, аяушылық білдіріп тұрады. Ұнататын қызмет салалары: психология, медицина, педагогика, журналистика.

Ең төмен балл жинаған Артистік тип – 5-7 %

Жасөспірімдердің арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын-алу барысында оқушылардан «Бопсалау дегеніміз не?» қалай түсінетінін, жоғарғы сыныптардан әлімжетік, жәбір көріп жүргенін білу, анықтау жұмыстары, «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу», кәмелетке жасы толмаған 8 -11 сынып оқушылары арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, қысым көрсетушілік, нашақорлық пен зиянды заттарға тәуелділіктің алдын-алу шаралары» сауалнамалары алынып оқушылардың құқықтық білімдері анықталды.  Оқушылар бейімділіктерінің кәсіби диагностикасы бойынша Е.А. Климовтың «Дифференциалды-диагностикалық, Д.Голомштоктың оқушылардың қызығушылықтарының картасын жасау сауалнама жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың бағыт бағдарын анықтау. Сауалнамаға 11 сынып оқушылары қатысып, оқушылардың жаратылыстану-математикалық, қоғамдық – гуманитарлық бағыттары, көркем бейнелер, табиғат, белгілер жүйесі, адам типтері анықталды.  11сынып оқушыларымен «Менің таңдаған мамандығым» сауалнамасы жүргізілді. Мақсаты: мектеп түлектерінің қай салаға қызығушылықтарын анықтау. Сауалнамаға 20 оқушы қатысты, сауалнама қорытындысы бойынша мектеп түлектері мамандықтарын таңдап, мамандыққа қажетті ақпараттармен танысып, бейіндік таңдау пәндерін де анықтап қойған. ҰБТ қатысатын 15 оқушы, қазіргі таңда білімдерін шыңдау мақсатында арнайы қосымша пәндерге қатысуда. Мамандық таңдауда қателеспеу керектігін және осы таңдаған мамандықтарын өзгертпейтіндіктерін сауалнама барысында нақты көрсетті.     Өскелең ұрпақ арасында суицидтік мінез-құлықтың  алдын алу мақсатында  11-8 сынып оқушыларының арасында аутодеструктивті мінез – құлықты анықтауға арналған «ДАП-П»     диагностикалық сұрақнамасы жүргізілді, мақсаты: оқушылар бойындағы аддиктивті бейімділік, делинквентті (қылмысқа) бейімділік және өз-өзіне қол жұмсауға бейімділікті анықтау. Нәтижесінде: мектеп-интернат бойынша 9-11 сынып оқушыларынан  сауалнама алынып нәтижесі шығарылды, жалпы 375 оқушы қатысып, оқушылар арасында девиантты мінез-құлық деңгейі  бар, аутодеструктивті мінез-құлық анықталған жоқ. 8-9 сынып оқушыларымен     жүргізілген Зунг шкаласы     Т.И.Балашова бойынша)     жүргізілді. 9-8 сынып оқушылары арасында Зунг депрессия шкаласы (Т.И.Балашова бойынша) жүргізілген тестіне 258 оқушы қатысты. Тесттің қорытындысы бойынша 258 оқушының депрессиялық деңгей 50 баллға жеткен жоқ, барлық қатысқан оқушыларда  депрессиясыз күй 100% анықталды. 11 сынып оқушыларымен «Темперамент және мамандық» атты сауалнама жүргізілді.  Мақсаты: оқушылардың  темперамент типін анықтау және темперамент типіне қарай қандай мамандыққа бейім екендігін анықтау. Нәтижесінде: сауалнамаға 80 оқушы қатысып, оқушылардың темперамент типтері мен темперамент типіне қарай мамандыққа бейім екендігі анықталды. Оқушылармен жүргізілген сауалнама негізінде оқушылардың белгілі бір сұрақтарға жауап беруіне байланысты оқушылардың интроверт, амбиверт немесе экстроверт яғни қаншалықты ашықтық деңгейде екендігі анықталынды. Белгілі бір сұрақтар негізінде оқушылардың тұрақтылық деңгейі анықталды. Оқушылардың әр бағыт бойынша жинаған ұпайлары бойынша тұжырымдамалармен таныстырылды. Оқушылардың ашықтық, тұрақтылық шкалалар бойынша жинаған ұпай сандары қосылып, Көлденең (горизонтальды) өскен «Экстраверсия» шкаласының бал қосындысы, ал тік (вертикальды) оске тұрақтылық «Стабильность» шкаласының бал қосындысы жазылды. 4 темперамент  типтері мен мамандықтары анықталды: Меланхолик – 2, мелонхолик темпераментінің мамандықтары: педагог, суретші, тігінші- модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар. Холерик – 5, холерик темпераментінің мамандықтары: әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспечер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады. Флегматик – 4, флегматик темпераментінің мамандықтары: зерттеуші, ғалымның мамандық сапалары. Олар механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми- ботаник, астроном, физик, математик т.б. Сангвиник – 7, сангвиник темпераментінің мамандықтары: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, инженер- технолог т.б. мамандықтарды иелене алады. Холерик – сангвиник – 1. Флегматик – сангвиник – Қорытынды: Әр адамда холериктен, сангвиниктен, флегматиктен және меланхоликтен типтері кездеседі, бастысы соны біліп, әрекет жасау қажет, жағдайға қарай іс- әрекеттің тиімді моделін таңдап, табиғи мінез-құлыққа бой алдырмай, оларды дамытып, ұштау керек. Темпераменттердің ерекшеліктерін мамандық таңдағанда ескерген жөн.

4

Кәсіптік бағыт-бағдар

Сауалнама

10 сыныптар

Қыркүйек

9 сыныптарға арналған «Сенің кәсіби ой ниетің?» сауалнамасы алынып, өзінің кім екенін, қандай екенін, болашақта қандай маман бола алатынын, алға қойған мақсаттарын қалай іске асыру керектігі анықталынып, нәтижесі шығарылды. 9сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты тренинг жүргізілді, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. Оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілді. Кәсіби бағыт-бағдар сауалнамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Тренингке қатысушылар кәсіптік икемділік және қызығушылықтарын анықтау нәтижесімен таныстырылып ақпарат алмасты. Нәтижесінде оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы өз ойларын айтып, емін еркін сөйлесуді үйренді, мамандыққа бйланысты ақпараттар алмасып, өзін өзі тану аумағын кеңейтті. «Сіздің ерекше қабілетіңіз» тренинг жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді.
5 Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу шаралары

7-11 сыныптар

Қыркүйек

Қыркүйек айында 8-10 сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар  үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.14 – 19 қыркүйек аралығында «Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында апталықтың  іс – шаралар жоспары жасақталып, түрлі іс – шаралар оздырылды. Жоспар бойынша оқушылар мен ата-аналарға «Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге  көмектесу, оқушыларды жағымсыз әрекеттен  сақтандыру. Сауалнамаға 14-16 жас аралығындағы 300 оқушы қатысты, оның 120-ұл, 180-қыз балалар. Сауалнама бойынша ешқайсысымектептегі құрдастарымен, мұғалімдермен, үй жағдайында зорлық-зомбылық жасалмағаны анықталды. Сонымен қатар сынп сағаттары, 11 – 13 күндері оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен парақшалар таратылды. 9 – 10 сынып оқушылары арасында «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында эссе жаздырылып, «Еліміздің тірегі сендер, түлегі сендер» атты ашық күндері, 14 – 19 қыркүйек күндері аралығында «түнгі рейд» ұйымдастырылып, оқушылардың түнгі жүрістері бақылауда ұсталды.
6 Кәсіби-тұлғалық типтерді зерттеу

9-11 сыныптар

қазан

  Оқушылардың мамандыққа икемділігін зерттеу барысында 9-сыныптан ДДС «Менің қалауым», мамандық туралы хабардарлығы . Голланд сауалнамасы алынды. Мақсаты: кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау. Қатысқан 7 оқушы, нәтижесінде: сыныптағы оқушы өзінің жауабы бойынша қай бағытына деген бейінділігі бар екені анықталды. Реалистік типке – 2, Зияткерлік тип – 2, Іскер тип -1, Әлеуметтік типке – 2 оқушы бейінділігін көрсетті. Қорытынды: Сонымен, қорыта келе, бағалау шкаласы бойынша оқушылардың басым бөлігінде реалистік, зияткерлік типке икемділігі бар екені анықталды. Оқушыларға жалпы осы бағыт бойынша таңдалған мамандық жайлы әнгіме өткізіліп, кеңес берілді.Мамандыққа байланысты интер актив тақтаны пайдаланып «Мамандығым жетістік мерейім» тақырыбындағы дөнгелек үстел оқушылармен өткізілді. 9. Оқушының жоғары қабілетін анықтау кезінде, 8-11 сынып аралығында 65 оқушы әртүрлі бағыт бойынша бейімділігі жоғары екені анықталды. Спорт, пән бойынша олимпиадаларға қатысар алдында психологиялық көмек көрсетілді.
7 Мейлидің интеллектуалдық талдау тесті

9 сынып

Қазан

Сынып оқушыларынан Мейлидің интеллектуалдық талдау тесті алынды. Мақсаты: зерттелушінің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау. Интеллектуалдық аналитикалық тест алты субтесттерден тұрады. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың интеллектік даму деңгейі анықталды және дамытуға ықпал жасауға мүмкіндіктер болды. 35-65 балл – норма болып табылады, жалпы қабілеттердің орташа деңгейін көрсетті, 80 және одан жоғары балл – интеллектуалдық қабілеттің жоғары деңгейі деп бағаланды. 45 %-ы жоғары, 35%-ы орташа, 20%-ы төмен көрсеткіш деңгейді көрсетті. Төмен деңгей көрсеткіш көрсеткен оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді.
8 Аутодеструктивті мінез-құлықты әрекеттердің алдын алу бойынша коррекциялық жұмыстар

Қосымша жоспар бойынша іс-шаралар

8-11 сыныптар

Қараша

Наурыз

Мектеп оқушыларының  аутодеструктивті мінез-құлықты әрекеттердің алдын алу бойынша айлық іс – шаралар     өткізілді.

Мектебімізде осы мәселеге байлынысты айлық іс шаралары жоспары құрылып, бекітілді.

9-12 қараша күндері 7-8     сынып оқушыларымен «Пікірталас – ұрыс емес» тақырыбында коррекциялық сабақ өткізілді. Мақсаты: жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру, құрбыларымен зорлық-зомбылықсыз өзара сыйласымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. Қалай ұрыспауға болатындығы туралы әңгіме қозғалады. Сонда да болған күннің өзінде, бір-бірімен қандай сөздердің көмегімен татуласуға болатынын талдаймыз. Уақыт өте келе, анда-санда біз өзіміздің дұрыстығымызды дәлеледегіміз келетін сәттер болып тұрады. Кейде мұндай пікірталастың пайдасы да бар, бірақ кейбір кездерде оның кәдімгідей күреске айналып кетеді. Айтыса отырып, біз айқайға ауысып кетеміз. Айқай қаттырақ шыққан уақытта, пікірталасымыз кәдімгідей ұрысты еске түсіреді және бұл жағдайды ақылмен бақылау қиынырақ бола бастайды. Пікірталастың ұрыстан айырмашылығы неде? Ұрыстан қалай құтылуға болады? «Интонация», «Дауыс ырғағы», «Сенге көшудің жағымсыз әсерін сезіну жаттығулары жүргізілді.

8 -11  сынып оқушыларымен «Ашу-ызаны білгенде не істеу керек?» тақырыбында коррекциялық түзету сабағы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ашу-ызыға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету, рефлексивті механизмді белсендіру. Сабақ барысында айналасына зиянкестік жасамай ғана ашу-ызаны қалай игеруге болатындығы туралы талдау жасалды. «Көрме» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі. Ыңғайлы отырып, денеңдді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жұм. Көз алдына кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр. Осы көрмеде тұрып, осы портреттеріңді жан-жағынан қара. Солардың кез-келгенінен өзінің қандай жағдайда болғаныңды елестет. Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ойыңа ол туралы не келеді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз. Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Саған не ұнады? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт. Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді? Қазір қандай күйдесің? Талдау: ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың? Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе? Сезімді білдірудің тағы қандай амалдары бар?

13-19 қараша күндері 8-9 сынып оқушыларымен «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту» тақырыбында трениг-сабақ өткізілді. Мақсаты: қауіптен бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту, бақылау және өзін-өзі қадағалау сәттеріндегі дағдыларды дамыту. Қарым-қатынастың вербальды және басқа құралдарды дамыту. Әлеуметтік ықтимал қауіпті жағдайларды айыра білу қабілеттерін қалыптастыру. Әлеуметтік қауіп жағдайларындағы іс-әрекет амалдары туралы көріністерін дамыту. Нұсқау: қатысушылар жұпқа бөлінеді де, бірінші қатысушы екіншісініе төмендегідей жағдайлармен өтініш жасағанда, екінші қатысушы ренішін, сенімді, сыпайы түрде бас тартады, рөлдерін алмасады, соңында талдайды.

– Қане, әзірше ересектер жоқ кезде мына велосипедпен дүкенге дейін барып келейік.

– Маған добыңды сыйлашы, саған жаңа доп сатып алып береміз ғой.

– Саған компьютерлік ойындарды үш күннен соң әкеліп берсем бола ма?

– Фотосуреттеріңді көруге бере тұршы!

Талдау: Сыпайы бас тарту қиынға соқты ма, басқаша түрлері қалай әсер етті? Өтінішпен сұраған уақытта сізде қандай сезімдер пайда болды? Өтінішіңізді орындаудан бас тартқан кезде қандай сезімде болдыңыз? Бас тартқан уақытта біреудің сезіміне нұқсан келтіріп, көңілін қалдырамыз-ау деген ой болды ма?

Кеңестер:

Көшеде бөтен біреу машинаны қыдырып келейік десе тәтті кәмпит, ойыншық, т.б. ұсыныстар айтса, бұл өте қауіпті. Мұндай жағдайда сыпайы болудың қажеті жоқ. Бөтен адамның қасынан ығысып кетіп қалуға тырыс, айналаңдағыларды көмекке шақыр немесе сені өорғай алатын, танитын адамға қарай жүгір.

Жағдайларды талдау

1-сұрақ. «Шыңғыстың әңгімесі»-көшеде бөтен адам өзімен бірге қыдырып қайтуға баланы шақырып жатыр.

2-сұрақ. «Қанаттың әңгімесі»-сұрақ. «Сайранның әңгімесі»-машинаның жүргізушісі бөтен адам, балаға машинаға отырып жол көрсеткенін өтініп отыр.

3-сұрақ. «Мадинаның әңгімесі» – бейтаныс біреу көшеде қыз баланы жарнама ролигіне түсіруге шақырып жатыр.

4-сұрақ. «Асанның әңгімесі» – ер бала белгісіз түйіншекті табыс етуге келісіп жатыр.

«Мен өзімді мақтай аламын» тақырыбында трениг-сабақ жүргізілді. Мақсаты: өзіңе деген жағымды қарым-қатынасты дамыту, тәлім алушылардың сенімділік сезімін көтеру. Тренинг барысында «Мен кіммін» серпілімділік ойыны, «Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы орындалды. Өзіңді өткен, осы және келер шақта қалай көресің, елестете отырып суретін салу. Талдау:

Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?

Келешекте өзіңді кім деп елестесесің?

Сенде қандай қасиеттер пайда болады?

Сен өзіңе не тілер едің?

Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде» деген сөз тіркесін қоса отырып, өзіңнің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы, «Мен бірде денешынықтыру сабағын барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».

«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы. Бұл жаттығуы жасау үшін 3-4 рет тыныс алып, көзімізді жұмамыз. Өміріндегі өзіңді жұлдыздай сезінетін сәтті есіңе түсір. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниең қандай сезімдерге толы болады? Қасыңда сол сәтте кім болды? Саған арнап ұнамды сөздер айтты ма? Қандай оқиға есіңізге түсіп тұр? Есіңе түсіріп болсаң, басыңды изеп, жайлап көзіңді аш. Барлығыңның да еске түсіретіедей кезеңдерің болды ма? Енді біз түрлі-түрлі қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да, оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізде мерейіміз тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сендердің суреттеріңде, саған өте маңызды немесе сенің жетістікке жетуіне көмектсскен адамдар қатысуы мүмкін. Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады.

Талдау:

Осы жаттығуды жасау барысында не сезіндіңіз?

Жетістікке жету жағдайын еске түсіру қиынға соқты ма?

Күнделікті өміріңде  жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңе түсіресің бе?

Тренинг соңында «Шеңбер бойымен қошемет» жаттығуы жүргізілді.

Сынып оқушыларымен «Күйзелістен қалай арылуға болады?» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға дағдыландыру. Күйзелістен арылу жолдары – не нәрсе болса да қарапайым көзбен, байсалдылықпен қарау. Бар жан-тәніңмен күл және сенің осы өмірге келгеніңе, сенің бар екендігіңе, кім болғаныңа, өміріңде бар нәрсеге, жарық дүниенің бар екендігіне ризашылығыңды білдір. «Күлімдеу жаттығуы». Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады. Айнаның алдында тұрып, омыртқаңды тік ұстап, иықтарыңды жаз, басыңды паңдана, тәкаппарлықпен жоғары көтер. Өзіңе-өзің нұр сәулелі күлімде, қастарыңды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұр. Жасанды түрде жақсы көңіл күй жасай отырып, бетіңнің бұлшық еттеріне ықпал ете, сен өз жан дүеиеңнің күйіне тікелей әсер етесің. Ұйқыдан соң сенің байсанаң ашық болады, сондықтан да бұл тәсілді таңертеңгілік жасаған дұрыс. Сонда таңертеңнен кешке дейін тамаша күйде боласың. «Миымды тарқатамын» жаттығу барысында үш парақ, акварель бояуын және қылқалам алыңыз. Қылқаламды қара бояуға батырып алып, бірінші параққа қылқаламды сілкіп, бірнеше қара тамшы жасаңыз. Осы дақтардан қандай да бір кескінді көруге тырыс. Ол үшін оларды бір-бірінен біріктіріп, кішкене жөнге келтір. Мүмкін бұл бір қара жапырақтар, қара құстар болар…сенің түйсігің саған дұрыс шешім қабылдауға өзі-ақ көмектеседі. Содан соң екінші парақты алып, сол сияқты, тек ақ бояумен бояңыз. Дақтарды бірге қосып сызғанда не нәрсеге құсас екендігіне мұқият қараңыз. Үшінші параққа дәл осы сияқты жасаңыз, тек бояулардың басқа қызыл, жасыл, сары түстерін алыңыз. Соңғы суретіңе 10 митуттай қара. Кенеттен сенде бір күн пайда болғанын сезінесің. Басыңда қандай болса да, осы сәтте қуана алатыныңды түсінесің! Осы жаттығулардан ашық бояулардың сенің жан дүниеңді өзгерте алатынын түсінесің.

19 қараша күні 9 сынып оқушыларымен «Реніштен арылу» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: өзін-өзі ұстай білуге үйрету, басқаларға қиындық туындаған уақытта көмек көрсету мен өзгенің қайғысына, қуанышына ортақтаса алуға үйрету. Тренинг барысында «Реніштер қобдишасы» жаттығу жұргізілді. Балаларға дорба-реніштер үшін бейнеленген парақтар таратылады. Балалардың әрқайсысына ренжіген және көңілі құлазыған кездерін жазуды ұсынылады. Ол қандай жағдайлар еді. Ересектерге немесе құрдастарына ренжідіңдер ме? Барлық реніштеріңді естеріңе түсіріп, ренішке арналған қобдишаға орналастырыңдар. Өз реніштеріңді бейнелеп немесе сөзбен жазуларыңа болады.

Талдау: балалар төмендегі формулаға сәйкес шеңбер бойымен өз реніштерін айта бастайды:

-Кім дәл Әмірхан сияқты өзін сезінді ме? Оған айтыңдаршы, өзіңіздің не сезінгеніңізді. —  Тағы кім өзін дәл осылай сезінді? Осыны барлығын айта аласыз ба?

-Тағы кім Гүлшат сияқты жағдайлармен кездесті? Оған айтыңыз. Өздеріңіздің реніштеріңізді айтқан уақытта, қобдишадағы реніштер кішірейгенін байқадыңыздар ма? Көрсетіңіздер.

Реніш сезімі азаю үшін:

–       Досыңа немесе басқа біреуге айтуға болады екен.

–       Ренішті сөзбен жазып, бейнелеп, «жылап алу».

–       Ренжіткен адамыңа сезімдерің туралы айту керек және өз көзқарасыңды білдір.

–       Көмек сұрау және жолдасыңызға көмек көрсетуге болады.

19 қараша күні 10 сынып оқушыларымен суицидтік мінез-құлықты алдын алуға байланысты «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: Бүгінгі күннің әлемдік проблемасы болған суицидке қарсы алдын алу жұмысын жүзеге асыру. Оқушылар арасында өткізілген «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбындағы суицидке байланысты әңгімелесу, пікірлесу сағаты іске асырылды. Бұл тақырыпты қозғаудағы мақсатымыз бүгінгі күннің әлемдік проблемасы болған суицидке қарсы алдын алу жұмысын жүзеге асыру. Осы тақырып бойынша әңгімемізді бастамас бұрын оқушылардың пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сұрақтар берілді. Қоғам дертіне айналған суицид мәселесі туралы дабыл қағып, алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек пе? Сіздер қалай ойлайсыздар? Сұрақ төңірегінде оқушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде 10 сынып оқушысы Балтағали Бексұлтан өз сөзінде «Бұл мәселе төңірегінде кеңінен алдын алу жұмыстарын жүргізуін қалар едім. Себебі бұл мәселенің жағымсыз әсерінің көпшілікке тигізетін зияны туралы, бұндай әрекетті кқздегендер өмірде әлсіз, қорқақ болып есептелетіні туралы ұғындыру қажет» – деп пікір айтты.

10 сынып оқушысы Шыңғыс хадистерден керемет мысалдар келтіріп, өз ойын дәлелдеп берді.

–       Біздің бүгін әңгімелеп отырғанымық суицидтің санасыз түрі, яғни ақыл-ой иелерінің өз-өзіне қасақана қол жұмсап, өз басын ажалға қиюы. Адам қаншалықты қатігез болса да өз-өзінің жанын алуға қалай қадам жасайды екен? Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің  қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес, нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім болып келеді. Өзіне өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі – еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төменгдігін көрсетеді.

 Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында педагогикалық ұжыммен «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысы» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді.

Тренинг мақсаты: Мұғалімнің оқушылармен және өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне, сыныпта іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға және мектеп оқушылары алдында өз абыройын сақтай білу дағдысын дамытуға ықпал жасау. Топтық қарым-қатынас арқылы ұйымшылдыққа, бірізділікке бағытталды. Тренинг барысында «Мұғалім әдебі деген не, сіз оны қалай түсінесіз?» тақырыпта пікіралмасу болып, өз ойларын ортаға салды. Педагог әрқашан өз білімін толықтырып, шығрмашылығын арттырып отыруға міндеттелді.

 

 

 

9

 

 

 

«Суицидалдылыққа бағытталушылықты анықтайтын» Сауалнама

 

 

 

7-11 сынып оқушылары Қараша

 Тақырыбы: Суцидалдылыққа бағытталушылықты анықтайтын әдістеме

Мақсаты: Жеткіншек жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау, оның ерекшеліктерін түсінуге, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлекциясын дамытуға көмектесу.

Сынып: 8-11

Қатысқаны: 357 оқушы

Жүргізілген күні: 05 – 09  қараша, 2022ж

Сауалнама М.Каблаш «Басса Даркидің «Тұлға бағытын анықтау, өзіндік тұрақтылығын бағалау» бойынша жүргізілді. Сауалнама алу барысында оқушыларға психологиялық жаттығулар жасалынып кеңестер берілді. Сауалнама қорытындысы бойынша суицидке бейім оқушылар анықталған жоқ. Зерттей нәтижесінде сыныптар шынайы, өмірге қызығушылығы жоғары, қарым-қатынасшыл, көпшіл, тез тіл табысып кетушіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Күйзелістік жағдайға бейім, мазасыздықтан көрінетін невротикалық белгілері бар оқушылармен қобалжу, агрессивтілік деңгейлерін төмендету мақсатында жеке жұмыстар жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді. Атап айтқанда 8А сынып оқушылары Дүйсенбай Айару, Мукаш Зарина, 8Ә сынып оқушылары Исмамутова Мерей, Болатбекқызы Айзере, Нұрғали Нұрайым, Сәрсен Таңнұр, Батық Ақбота, Балтабек Ақтілек, Дүйсен Сымбаттың, 8б сынып оқушылары Айбекқызы Шырайлым, Шәріпхан Ерлес, 8в сынып оқушылары Орынғали Жанайым, Әбілхан Алуа, Нұрахмед Дінмұхаммед, Махсұтбек Дина, Қадыр Аяулым, Ахметжан Балнұр, 9а сынып оқушылары Амангелді Перизат, Бақжан Бақзада, 9ә сынып оқушылары Мыңбаев Мақсат, Қайратқызы Балнұр, Тлекберген Бақдәулет, Дәуіт Амангелді, 9в сынып оқушылары Жүнісбек Бекзат, Дилдабек Аружан, Көкен Арнұр, Елзат Елина,  Аманжол Сабина, Жусипова Айдана, 9г сынып оқушылары Айерке Ерғали, Рахметова Айзере, Қайыпбек Ақжан, Жуманова Айша, 10 а оқушылары Жарқынбек Ерасыл, Нұрғали Айым, 10б оқушылары Сәнім Сымбат, Ағатай, 11а сынып оқушылары Мұханбетжан Ақмарал, Жумаханова Аяулым, Саясатқызы Салимай, 11в сынып оқушысы Абжанова Мерейлімнің күйзелістік жағдайға бейімділігі, эмоциялық тұрақсыздығы, мазасыздықтан көрінетін невротикалық белгілер көрінді. Көңілсіз ойлар жиі мазалайды, жиі жағдайда жаман көңіл күйлері болып тұрады, бар нәрсені жүректеріне қабылдайды.

Күйзелістік жағдайға деген бейімділігі мен эмоциялық тұрақсыздығы, мазасыздықтан көрінетін невротикалық белгілері бар  оқушылармен жүргізілген  «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбындағы суицидке байланысты әңгімелесу, пікірлесу сағаты іске асырылды. Бұл тақырыпты қозғаудағы мақсатым бүгінгі күннің әлемдік проблемасы болған суицидке қарсы алдын алу жұмысын жүзеге асыру. Осы тақырып бойынша әңгімемізді бастамас бұрын оқушылардың пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сұрақтар берілді. Қоғам дертіне айналған суицид мәселесі туралы дабыл қағып, алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек пе? Сіздер қалай ойлайсыздар? Сұрақ төңірегінде оқушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде 10 сынып оқушысы Жарқынбек Ерасыл өз сөзінде «Бұл мәселе төңірегінде кеңінен алдын алу жұмыстарын жүргізуін қалар едім. Себебі бұл мәселенің жағымсыз әсерінің көпшілікке тигізетін зияны туралы, бұндай әрекетті кқздегендер өмірде әлсіз, қорқақ болып есептелетіні туралы ұғындыру қажет» – деп пікір айтты. Хадистерден керемет мысалдар келтіріп, өз ойын дәлелдеп берді. 8 сынып оқушы Исмамутова әңгімелесу барысында өз ойын ортаға салды. Біздің бүгін әңгімелеп отырғанымыз суицидтің санасыз түрі, яғни ақыл-ой иелерінің өз-өзіне қасақана қол жұмсап, өз басын ажалға қиюы. Адам қаншалықты қатігез болса да өз-өзінің жанын алуға қалай қадам жасайды екен? Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің  қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес, нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім болып келеді. Өзіне өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі – еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді. Сізбен әңгімелесуден кейін бойымдағы жағымсыз ойлардан арылуға уәдемді беремін.Д.Соколовтың «Мейірімді тағдыр» туралы үзінді беріліп, оны аяқтауды ұсындым. Оқушылармен өмір құндылығы туралы тереңірек білім берілді. Оқушылармен «Суреттегі ой», «Сөйлемді аяқта», «Менің мақсатым», «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы, «Менің мінезім», «Тиімді қарым-қатынас орнату», «Жеті құндылық» психологиялық жаттығулары өткізілді. «Өкпені еріту», «Тазару жаттығулары» жүргізіліп, оқушылар өкпе-реніштен арылуға мүмкіндік алды.

 2022-2023 оқу жылы

Сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнамалардың хаттамасы

Жүргізілген күні: қараша 2022

 Тақырыбы: Суицидалдылықты бағытталушылықты анықтайтын әдістеме

Мақсаты: Жеткіншек жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау, оның ерекшеліктерін түсінуге, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлекциясын дамытуға көмектесу.

Жүргізілген күні: желтоқсан 2022ж

Сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнамалардың хаттамасы

Жүргізілген күні: желтоқсан 2022ж

 Тақырыбы: Суицидке бейімділікті зерттеуге арналған сауалнама

Мақсаты: Жеткіншек жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау, оның ерекшеліктерін түсінуге, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлекциясын дамытуға көмектесу.

Сынып: 11А

10 Сынып оқушыларының емтиханға психологиялық жағынан дайындық

8 сыныптар

Желтоқсан

– ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін, әр баланың жас кезендеріне байланысты жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интеллектуалдық және тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтап, әрі олармен бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп, қорытындысында оқушылардың белсенділігі, сыныптағы ұйымшылдығы жоғары бола бастаған.9-сынып оқушыларына емтиханға дайындық мақсатында тренинг, ойын жаттығу өткізілді. 9-сынып оқушыларының арасындағы психологиялық ахуалдың оңтайлығы, жақсы деуге болады. Пән мұғалімдерінің пікірлерін есепке алсақ, сабаққа қызығушылықтары біршама жақсарған. Оларға сынып жетекшілерімен, ата-анасымен тығыз байланыс жасай отырып,, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беріліп отырды. Зерттеу барысында сыныптың белсенділері мен кейбір аз да болса оқшауланғандары анықталды. Ондай оқушыларға сынып жетекшісі және сынып белсенділерімен біріге отырып жұмыстар жүргізе отырып, оларды да ұжымға қосып отырдық. Қоғамдық жұмыстарға, мектепшілік үйірмелерге тарттып жеке – топтық жұмыстар жүргізілді.
11 Жеке тұлғалық қасиеттерді диагностикалау әдістері

9-10 сыныптар

Желтоқсан +

9-10 сынып оқушыларынан Павловтың ойлау типін анықтайтын тест алынды. Мақсаты: зерттелушінің ойлау типін анықтау. Зерттеу нәтижесінде зерттелушінің 40 -%  логикалық ойлауы үстем болған, сондықтан олар ойшыл типке жатады. Оптимист болғандықтан барлық мәселелерін өзі шеше алатындығына сенімді. Олар өзгелермен қарым-қатынас жасауға қиналмайды. 20 -% көркемөнер типіне жатады. Бұл тип өкілдері пессимизмге жақынырақ болады. Ол барлық жағдайды логикалық жағынан талдаудан гөрі өз сезіміне жүгінгенді артығырақ көреді, дегенмен сезімі оларды алдамайды. 40 – % адамдардың логикалық және бейнелі ойлауы жоғары дамығандығын көрсетеді. Оларға өз қабілетін көрсетуге кең мүмкіндік ашылады. Олар бірізділікті, сонымен қатар барлық оқиғаларды бейнелі, біртұтас түрде қабылдауға қабілеттілікті талап ететін салаларда табысты болады.
12

Мен және менің отбасым”

суретті тест

«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі

8  оқушылар

Желтоқсан

Оқушылардың «Мен және менің отбасым» тақырыбында салған суреттеріне байланысты, отбасыларынан

оқушыларға қолдау мен түсінушілік қажет екендігі айқындалды. Балаларға отбасы

жылулығы мен мейірімділігі қажет. Жалпы алғанда оқушылардың отбасындағы қамқорлық пен

мейірімділікке аса қажеттігі туындайды. Сынып оқушыларынан «Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі алынды. Зерттеу нәтижесінде қобалжуы бар оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді.

13 Зорлық-зомбылық туралы ме? сауалнама 8-10 сыныптар Қаңтар

Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын?

Мақсаты: балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және сол мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу және оқушылармен жасырын түрде жүргізу.

Қорытынды: оқушылардың зорлық-зомбылық туралы ой қалыптасқан, отбасында ешқандай тұрмыстық зорлыққа душар болмаған, егер зорлыққа кенеттен душар болса кімнен көмек сұрау керектігін біледі, баланың құқықтарының қорғайтын заңдардың бар екендігін біледі. Жасырын сауалнамаға қатысқан 300 оқушы арасында зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке тап болған оқушы анықталған жоқ.

Сыныптар 10А 10Ә 10Б 10В

1.Зорлық деген сөзді  дегенді қалай

түсінесің?

28 27 28 28 25 26 24 23 26 22 25 23 23
тек күш көрсету 10 12 8 5 7 5 3 4 9 4 12 10 6
қол жұмсау 5 3 7 4 2 11 6 5 3 3 3 4 2
мәжбүрлеу 5 4 3 6 4 1 5 7 2 3 3 2 3
қорқыту 2 2 5 2 3 2 3 4 2 1 2 3 4
адамның құқығына 2 1 1 3 3 4 2 1 4 2 2 1 3
менсінбеушілік 2 2 2 3 2 1 2 1 2 4 1 1 2
кемсіту 2 2 2 5 4 2 3 1 4 5 2 2 3
2. қай жерлерде, кімнен бала қорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін?                          
отбасында, жақын адамдардан 12 12 15 17 18 16 10 9 7 11 13 7 17
көшеде 10 11 8 7 5 8 12 12 17 10 10 15 5
мектептегі оқушылардан 6 4 5 4 2 2 2 2 2 1 2 1 1
достарынан                          
3. Қиын жағдайда не істейсің?                          
әке анамнан көмек 8 3 6 8 2 4 1 2 5 2 3 3 1
өз проблемамды өзім шешемін 6 9 7 6 5 4 3 4 2 6 3 2 5
ата-анамды мазалағым келмейді 3 4 2 2 5 3 4 3 1 4 1 2
сынып жетекшіге жолығамын 4 3 3 2 4 2 4 3 6 1 5 4 3
психологқа жолығамын 10 9 8 10 12 11 13 10 10 12 10 14 12
милицияға барамын
4.Ата-анаңмен қарым-қатынасың қандай?                          
ата-анам досым 13 13 15 18 14 10 8 12 10 10 11 10 7
жақсы қарым-қатынастамын 12 13 12 9 10 16 16 11 16 12 14 13 15
түсінбеушілік пен даулар болып 3 1 1 1 1 1
қол көтереді
әкем мен анам менен алыс
5. Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданады?                          
ұрысады 3 2 4 3 2 3 1 5 5 1 8 3 5
ұрады
ақша бермейді 2 2 4 2 2 1 1 2 2 2 1 2 1
достарымен сөйлестірмейді 10 8 5 4 9 5 3 2 2 2 2 2 2
еш уақытта жазаламайды 3 3 2 2 1 2 1 2 2 2 2 1 3
түсіндіріп айтады 10 12 15 16 11 16 18 12 15 10 12 15 11
6.әке-анаңның жазалауымен келісесің бе?                          
иә 4 2 2 3 2 1 1 2 2 1 2 1 1
иә деп айтуға болады 4 3 2 2 3 1 2 1 2 1 1 1 2
жоқ 12 13 14 13 10 10 11 10 12 12 11 11 10
жоқ деп айтуға болады 8 9 10 10 13 12 10 10 10 8 11 10 10
7.Бір нәрсеге ашуланып, сенен өш алатын уақыттарың болды ма?                          
айта алмаймын 1 2 2 1 1 1 1 1 1 1 1 2 1
кейде 1 1 2 1 1 2 1 2 1 1 1 1 1
еш уақытта 25 24 24 26 23 23 22 20 24 20 23 20 21
8. Өзің ата-ана болғанда өз балаларыңды жазалайсың ба?                          
иә                          
жоқ                          
9. Әке-анаң келесіге ниет білдіре ме?                          
сені мақтауға- – құшақтауға                          
үнемі 25 26 26 28 25 25 24 23 26 22 24 23 23
анда-санда 3 1 2 1 1
еш уақытта
10. Өз жанұяңда паналы, сүйікті екеніңді сезінесің бе?                          
иә 25 26 26 28 25 25 24 23 26 22 24 23 23
жоқ

 

14

Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау.

Басса-Дарки әдістемесі

 

Қаңтар

Ақпан

10 сынып оқушыларынан Басса Даркидің жеткіншектер агрессиясын диагностикалау әдістемесі алынды. Мақсаты: орта буын оқушыларының агрессиясын анықтау. Әр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналаған. Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланды. Зерттеу нәтижесінде физикалық агрессия, жанама агрессия, тітіркенушілік, негатевизм, өкпелегіштік, күдіктенушілік, вербальды агрессия, кінәні сезіну шкалалары бойынша анықталды.
15 «Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» Рогов әдістемесі

Анкета, әңгіме

Ақпан

10 сынып оқушыларынан «Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» Рогов әдістемесі алынды. Әдістеме мақсаты: өзін сезінуі, белсенділігін, көңіл-күйінің оперативті бағалау. Әдістеменің мәні 3210123 индексінен тұрады. Бұл индекстер 30 жұп сөздер мен қарама-қарсы 30 сөздерінің ортасында орналасқан. Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі, күш қуат, денсаулық өзін сезінуі, ал көңіл-күй эмоционалды қалыпты сипаттайды. Зерттеу нәтижесінде өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй шкаласы бойынша анықталды.

 

Меню