Жаңалықтар

Қабылдау ережесі

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына 8-сыныпқа оқуға қабылдауды ұйымдастыру бойынша  әдістемелік нұсқаулықтар

  1. Жалпы Ережелер
  2. Осы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген  мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 18 қазандағы №424 бұйрығымен бекітілген Абай атындағы РММИ Жарғысына сәйкес (2-қосымша) әзірленді.
  3. Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына (бұдан әрі – Абай РММИ) түсуге ниет білдіруші үміткерлер – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымының 7-сынып оқушылары (бұдан әрі – Үміткерлер) бола алады.
  4. Құжаттарды қабылдау тәртібі
  5. Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау рәсімі 2023 жылдың 15 наурыз бен 20 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.
  6. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде Абай РММИ интернет ресурсында тіркеуден өтеді және жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады:

1) Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);

2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН (ИИН);

3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнында оқитыны туралы ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

4) фотосурет 3х4 (4 дана);

5) 5-7 сынып аралығындағы оқу үлгерімі бойынша табельдерінің көшірмесі (Ескерту: 5-7 сынып аралығында «3»-тік бағасы бар Үміткерлер конкурсқа қатыса алмайды);

6) денсаулық жөніндегі 112, 063, 026 үлгісіндегі анықтамалар және денсаулық кітапшасы;

7) Бар болса Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту  министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-“Дарын” орталығы), облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық, облыстық олимпиадаларға, оқулар мен шығармашылық байқауларға қатысқаны туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі.

Конкурс үшін құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді.

5.1. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімінен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.

  1. Конкурсты өткізу тәртібі
  2. Іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды мектеп-интернат директорының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлғалар әзірлейді, бекітеді.

6.1. Барлық қағаз және электронды емтихан материалдары авторлық құқықпен қорғалып, тек емтиханда ғана пайдаланылады.

6.2. Конкурс бекітілген кестеге сәйкес оффлайн режимде өтеді.

6.3. Конкурсты әр өңірде өткізу кестесі ҚР Оқу-ағарту келісімі бойынша алдын ала бекітіледі. Іріктеуді өткізу кестесі Абай РММИ интернет ресурстарында  орналастырылады.

6.4. Абай РММИ мектеп-интернат базасында республика көлемінде өтетін «Ділмар» байқауы, «Абайтану» олимпиадасы, Айтыс және «Абай әлемі» шығармашылық байқауының, республикалық «Айқанат», «Мың бала» байқауларының жеңімпаздары үшін 8-11-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының 5% пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.

6.5. Жаңаөзендегі «Жарқын болашақ» жобасының қамқорлығындағы оқушылар үшін
8-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының 5% пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.

6.6. Мектеп-интернат қызметкерлерінің балалары және әлеуметтік топтағы балалар үшін 8-11-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының 5% пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.

6.7. Білім алушыларды қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатуды, конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандыруды облыстық, қалалық Абай мектептері желісі алдын ала ұйымдастырады.

  1. 8-сыныпта оқу үшін үміткерлердің іріктеуін өткізу кестесі
Өтетін күні Сынып Пәндер Нысаны Ұзақтығы Басталуы
__.__.2023 ж. 8 Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті Тест, оқу сауаттылығы

 

45 мин

09:00

Математика

 

Логикалық есептер      60 мин

Қазақстан тарихы

 

Тест 45 мин

 

7.1. Байқау іріктеуінің нәтижелері мектептің https://abaimektepkz сайтында жарияланады.

7.2. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша аппеляция жүргізілмейді.

 

  1. ЕСКЕРТПЕ

8.1. Пәндер бойынша емтихандар арасында үзіліс беріледі.

8.2. Емтиханға кірген кезде өзімен бірге болуы керек заттар: құжаттарды тапсырған кезде қабылдау комиссиясы берген фотосурет жапсырылған рұқсатнама, туу туралы  куәлік, көк қаламсап.

8.3. Емтихан кезінде үміткерлерге анықтамалық материалдарды және шпаргалкаларды, ұялы телефондарды пайдалануға, дәрісханаға калькуляторларды, пеналдарды, түзетуші сұйықтықты және электронды құрылғыларды алып кіруге тыйым салынады. Емтихан өткізу кезінде үміткерде тыйым салынған құралдар табылған жағдайда, үміткер дәрісханадан шығарылады және тестілеу нәтижелері күшін жояды.

8.4. Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма, 09:00-18:00 (үзіліссіз).

  1. Конкурсты өткізу
  2. Үміткерлер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз жағдай жасау жауапкершілігі Облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Білім басқармалары басшысына жүктеледі.
  3. Ата-аналарға (немесе өзге заңды өкілдерге) ұсынылады:

– сенімді ақпарат беру арқылы  конкурсқа қатысу үшін үміткерді тіркеу;

– кез келген аурудың белгілері бар Үміткерді конкурсқа әкелмеу;

– Үміткерді конкурсқа  алдын ала  алып келу, оны конкурс аяқталғаннан кейін бірден алып кету.

  1. Абай РММИ-ға оқушы қабылдау тәртібі
  2. Абай РММИ-ға оқуға қабылдау конкурсқа қатысу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
  3. Конкурстық қорытынды іріктеуді өткізу уақытында екі Үміткердің ұпай сандары бірдей болған жағдайда төмендегі критерийлер бойынша мынадай санаттағы Үміткерлерге басымдылық беріледі:
  • Халықаралық және «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен өткен Республикалық, облыстық пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары;
  • Конкурстың екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушы;
  • Желілік «Абай мектептері» білім беру ұйымының оқушысы.
  1. Конкурс қорытындылары бойынша 5 мамырға дейін келесі оқу жылының 1 қыркүйегінде мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
  2. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жиналған балдардың сомасы бойынша кему тәртібімен қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
  3. Егер оқу жылында Абай РММИ-ға қабылданған Үміткер оқудан бас тартқан жағдайда, оның орнына резервтік тізімнен келесі тұрған Үміткер шақырылады.
  4. Оқуға қабылдау туралы шешім педагогикалық кенес хаттамасымен рәсімделеді және Абай РММИ директорының бұйрығымен бекітіледі.
  5. Қорытынды ереже
  6. Осы Ережеде ескерілмеген, қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық құжаттары, ішкі құқықтық актілері мен Абай РММИ Жарғысы бойынша шешіледі.
Меню