Жаңалықтар

Телеарналарда

Абай атындағы РММИ оқушылары, “Ділмар” үйірмесінің @dilmar_kluby мүшелері телерадио бағдарламаларынан сұқбат бергенде риза болмаған жүргізуші(журналист) жоқ. Өйткені, шешендік жолындағы шәкірттеріміз аталы сөзді ардақтап, өткеннің өнегесінен нәр алып өсіп, өзін де, сөзін де түзетіп жүр.
Ең қызығы, аса ұнатпай қарсы алған жүргізушілердің таңғала отырып қимай қоштасқанына да куә болдық.

Үйірме мүшелері бабалар мұрасын, аталы сөзді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да тынбай, табысты түрде нәсихаттауда.
Алматы телеарнасының тікелей эфирде өткен таңғы бағдарламасынан 8 сынып оқушысы Нұрасыл Нұрланұлы хакім Абай мен Бегеш бидің арасындағы әңгімені айтып берді. Біз бұл бағытымыздан таймаймыз!

Меню