Жаңалықтар

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы

3-6 мамыр аралығында Өскемен қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өтті. Қатысушылардың арасынан алдыға қарай суырылып шыққан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларымыз қанжығасын майлап қайтты. 9-сынып оқушылары Жапас Аяулым 1-орын, Мұхтар Еңлік 3-орын, 11-сынып оқушылары Серикбай Құндыз бен Өмірзақова Аруай 3-орындарды иеленді. Ерекше жетістіктерімен көзге түскен 9-сынып оқушысы Жаңабек Айғаным, 11-сынып оқушысы Бақытжанова Ақбота мадақтама громатаға ие болды. Дарынды оқушыларымыздың қанаттары талмасын, биік белестерден әрқашан көріне берсін дегіміз келеді. Құтты болсын, Дарынның дарабоздары!

Меню