Жаңалықтар

2022-2023 оқу жылына 8-сыныпқа қабылдау емтиханына тіркелу басталды

Жақсы шәкірт, мықты маман болуды көздесең, бізді таңда!
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат – өнер мен мәдениет, білім және ғылым саласындағы қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғаларды, белгілі журналистерді түлеткен 65 жылдан астам тарихы бар білім ордасы жаңа оқу жылына үміткерлерді шақырады. Оқу орны 8-сыныпқа қабылдау үшін өтінімдерді онлайн тіркеуді бастады. Тіркелу рәсімі биыл 1-30 сәуір аралығында онлайн түрде жүргізіледі. Үштік бағасы бар талапкерлер құжаты қабылданбайды. Көшпелі қабылдау комиссиясы Қазақстанның барлық аймағынан тіркелген талапкерлерден оффлайн форматта емтихан қабылдайды. Емтиханға 7-сыныпта оқитын, үздік, қазақ тілі мен әдебиетіне бейім, ақындық, шешендік, журналистік қабілеті бар оқушылар өтінім бере алады. Ол үшін @abai_rmmi инста-парақшасында көрсетілген биосілтемені немесе мына сілтемеге https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfDi1n3BrNafKMiocTQ4ZF7ulznq4w2d0msRGqJ4sV6LDTMHQ/viewform?usp=sf_link басыңыз.
Ақын, ғалым, журналист, лингвист және жан-жақты тұлға атануды арман еткен білімді де, өнерлі жастармен мақсатқа бірге жетеміз. Жақсы шәкірт, мықты маман болуды көздесең, бізді таңда! Қосымша сұрақтар бойынша 8 (727) 387 08 46, 8 702 906 30 06, 8 700 133 04 10 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.
Меню