Жаңалықтар

“Абай мектептері желісіндегі қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану: кедергілер мен мүмкіндіктер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

24 қаңтарда Абай атындағы РММИ ұйымдастыруымен желілік  Абай мектептерімен “Абай мектептері желісіндегі қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану: кедергілер мен мүмкіндіктер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында тереңдетілген бағдарламалар бойынша түйткілді мәселелер қозғалып, НЗМ ПШО тренері Ибрагимов Ділдахан, профессор оқытушы Жұмақаева Береке және РМММИ-дің шебер педагогтары Абай мектептері желісі мұғалімдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Қатысушылардың еркін дискуссияға түсіп, бағдарламаны жан-жақты талқылауы бірлескен жұмыстың нәтижесін көрсеткендей болды. Қатысушылардың сұранысы бойынша Абай атындағы республикалық мектеп-интернат директоры Роза Ербозымқызы мұндай отырыстар болашақта да жалғасын табатынын айтты.

Меню