Жаңалықтар

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты V республикалық оқушылар айтысы өтеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде және тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Асылтас» қоғамдық қоры мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп, ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Алматы қаласындағы аталған мектеп-интернатта жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты V республикалық оқушылар айтысын өткізеді.

Ережеге сәйкес (ереже www.abaimektep.kz сайтында) байқау 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық, республикалық.

Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 2-кезеңнің жеңімпазы болған 1 оқушы  қатысады.

Ескерту. Егер шын талантты айтыскер оқушы болса, әр Абай мектебінен
1 оқушы іріктеуден тыс республикалық кезеңге қатыса алады.

Қатысушылардың Алматы қаласына келу күні– 9 желтоқсан, таңғы сағат 08.00-ге дейін, қайту күні – 9 желтоқсан, сағат 18.00-ден кейін.

Қатысушылардың Алматы қаласына келуі мен қайтуы, тамағы, жататын орны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сұранысты ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін мына поштаға abairsshi@mail.ru жіберу қажет. Сұраныс Қосымша 1-де көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, байланыс телефондары: 8(727)3870846, сайт: www.abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 87021750404.

Қосымша 1

Оқушының аты-жөні Сыныбы Мектебі Облысы, қаласы, ауданы Жетекші-мұғалімнің аты-жөні, жұмыс орны Ұялы телефоны
1

557 01.11.21 Айтыс 2021-2022

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары арасында республикалық оқушылар айтысын өткізу ережесі

Жалпы ереже

  1. Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары арасында республикалық оқушылар айтысын (бұдан әрі – айтыс) өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде және тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әзірленді.
  2. Осы Ереже айтыстың мақсаты мен міндеттерін, әдістемелік-ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді.
  3. Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты өткізеді.
  4. Ұйымдастырушы мектеп-интернат қатысушылардың айтысқа қатысты жұмыстарды атқаруды міндетіне алады.
  5. Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақ» және «Шалқар» радиолары, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар», «Астана», «Almaty.tv» телеарналары, «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Абай.кз» ақпараттық порталы, т.б.
  6. Айтыстың негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жырлау: тарихқа үңілу, егемендік жолында ерлік еткен тұлғалардың есімін оқушы санасында қайта жаңғырту, оқушыларды ана тілін, төл мәдениетін, туған тарихын құрметтеуге шақыру.
  7. Айтыстың негізгі міндеттері – тұғырлы тәуелсіздікті сезіну; Елбасының Мәңгілік ел идеясын оқушылар арасында насихаттау; мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру; сөз тазалығын, сахна мәдениетін, айтыстың негізгі табиғаты – суырыпсалмалық қабілетін таныту.

  Айтыс қатысушылары

 Айтысқа облыстық  кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 7-11-сынып оқушылары қатысады.

Әр облыстан облыстық кезеңнен өткен оқушылар республикалық кезеңге жіберіледі.

Абай мектептері желісінен шын талантты болса 1 оқушы республикалық кезеңге тікелей жіберіледі.

Қатысушылардың жетекшілері онлайн айтысқа оқушылардың уақытылы тіркелуіне, желілік байланысты алдын ала қамтамасыз етуге, ұйымдастырушылармен үнемі байланыста болуға міндеттеледі.

 Айтысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 1. Айтыс 3 деңгейден тұрады.

І  деңгей – қатысушылардың барлығы белгіленген жұп бойынша айтысады;

ІІ деңгей (ширек финал) – алғашқы деңгейде басымдық танытқан оқушылардан 4 жұп айтысады;

ІІІ деңгей (финал) – ширек финалда ерекше қабілетін байқатқан 2 жұп айтысады.

Ескерту. Қазылар алқасы оқушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

– тақырыптың ашылуы;

– суырыпсалмалық қабілеті;

– өлеңнің көркемдігі мен ой айшықтығы;

– тіл нормасының сақталуы;

– сахна мәдениеті.

  1. Айтыс 3 кезеңге бөлінеді:

1-кезең – аудандық (қалалық), білім басқармаларымен өткізіледі.

2-кезең – облыстық Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ;

3-кезең – республикалық, қорытынды. Республикалық кезеңге 1-2-кезеңдерде жеңімпаз болған 1 оқушы қатысады.

  1. Қазылар алқасының құрамы елге танымал айтыскер ақындардан құралады. Айтыс төрешілерінің құрамы төраға және қазылар алқасының мүшелері, сонымен қатар, екі тәуелсіз сарапшыдан тұрады.
  2. Қазылар алқасы қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды, ұйымдастыру және өткізу барысындағы мәселелерді талқылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазылар алқасының дауыстары тең болған жағдайда төраға дауысы басымдыққа ие болады.
  3. Республикалық оқушылар айтысының қорытынды кезеңіне тіркелу және қатысуы жөніндегі сұранысты 20 қарашаға дейін жіберу қажет.
  4. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көш, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8 (727) 3870846, сайт: abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 8-702-175-04-04. Қосымша сұрақтар бойынша: Абитова Жанар Сабетханқызы – 8-702-906-30-06, Орынбаева Динара Габитовна – 8-702-843-53-34.

Қорытындылау және марапаттау

 Айтыс жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, арнайы жүлдемен, Алғыс хат, ақшалай жүлдемен марапатталады.

Айтыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Бас жүлдеге ие болған оқушы республикалық «Күміс домбыра» айтысына қатысуға жолдама алады.

Айтысты қаржыландыру

 Айтысты өткізу, жүлдегерлерді марапаттау Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бекіткен шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.

 

Меню