Жаңалықтар

“Білім берудегі 4К моделі: теория мен әдістеме” тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Желілік “Абай мектептеріне” арналған “Білім берудегі 4К моделі: теория мен әдістеме” тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, “Абай мектептерінің” алғашқы отырысы, алғашқы бас қосуы болды. Конференцияның пленарлық отырысын ашып, құттықтау сөз сөйлеген ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Карамбаев Жомарт Петрович бұл күннің тарихи күн екенін айта келіп, “Абай мектептерінің» миссиясы – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқитын, функционалды сауатты және ұлтжанды жеке тұлғаны тәрбиелеу”, – екенін атап өтті. Сондай-ақ, “Болашақта желілік «Абай мектептері» үлкен желіге айналып, ұлт болашағы жолында қызмет атқарар бірден-бір оқу ордасына айналады,”- деп сенім білдірді.

4К конференция бағдарламасы

Білім берудегі 4К жинағы

 

Меню