Жаңалықтар

Қазақстанның 10 өңірінде Абай атындағы мектеп-интернаттар ашылады

Қазақстанның 10 өңірінде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары ашылатыны туралы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Абайдың 175 жылдығы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары желісін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл мектептер 10 өңірде ашылды, енді жыл соңына дейін қалған 7 өңірде ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады», – деді министр.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ. ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН.

https://egemen.kz/article/238000-qazaqstannynh-10-onhirinde-abay-atyndaghy-mektep-internattar-ashylady

Меню