Жаңалықтар

Ардагер ұстаз, қарымды қаламгер Орынша Қарабалина-Қазыбаева 88 жаста.

Мектеп-интернатта ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаз, қарымды қаламгер Орынша Қарабалина-Қазыбаева 88 жаста.
Мектеп-интернат ұжымы ардагер ұстазды төл мерекесімен құттықтайды.
Салса дағы мына өмір құрығын,
Еңбегіңмен биіктеген тұғырың.
Орынша апай құтты болсын туған күн,
Ғибратқа тұнып тұрған ғұмырың.
Әкеңізге жалған айып байланған,
Ал анаңыз Алжир жаққа айдалған.
Ерте есейткен теперіші тағдырдың,
Бала өмірің даналыққа айналған.
Бойыңызда бар дархандық, жайсаңдық,
Өткеніңмен жас ұрпаққа ой салдық.
Қаныңызда бар білеміз тектілік,
Томиристің бойындағы қайсарлық.
Білім беріп санаға гүл ектіңіз,
Жеткіншектің маңдайынан өптіңіз.
Мұғалім боп терді төгіп мектепте,
Алпыс жылдай адал қызмет еттіңіз.
Ұстаз болып жігеріңіз қайралды,
Шәкірттерді өсірдіңіз айбарлы.
Тарихтан тәлім беріп ұрпаққа,
Өміріңіз тарихқа айналды.
Жазғаныңыз жүрек сырын шешеді,
Кешегі күн керуен боп көшеді.
“Тағдыр” менен “Жүрек сыры” кітабын,
Оқып жастар өнеге алып өседі.
Сіз тұлғасыз биік болған беделі,
Сізге арналсын ақындардың өлеңі.
“Ұстаз бақыты” кітабыңыз сіз жазған,
Бақытты ұстаз болғаныңыз дәлелі.
Адал жансыз ұлт деп соққан жүрегі,
Ертең үшін уайымдайсыз үнемі.
Сізді халық Бауыржандай батырдың,
Өнегелі келіні деп біледі.
Туған күнде өссін дейміз мерей шын,
Біліменен керегеміз кеңейсін.
Бар еңбегін аямаған ұлт үшін,
Өзіңіздей мұғалімдер көбейсін.
Өлең авторы: “Поэзия әлемі” пәнінің мұғалімі Ибрагимов Алтынбек
Меню