Жаңалықтар

Алматыда оқушылар арасында республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтеді

Қаңтар айының 21-23 күндері Абай Атындағы Республикалық Мектеп-интернатында ІІ республикалық Абайтану олимпиадасы өтеді. Ақпараттық қолдаушы: Қазақстан ұлттық арнасы

Алматыда оқушылар арасында республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтеді. Бұл игі бастаманы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен салалық министрлік ұлы ақынның 175 жылдығына орай қолға алған. Алдағы уақытта аталған білім шаңырағының ұжымы мұнымен шектеліп қалмай, ақын тойын кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр.

Екінші рет өткелі отырған білім бәйгесіне еліміздің барлық аймағынан 125 оқушы қатысады. Қазір мамандар дайындық жұмыстарын бастап кетті. Ал Абай атындағы мектеп бұған дейін оқушылар арасында республикалық шешендік өнер байқауын да өткізіп үлгерген.

Атаулы датаға орай өнерпаздар да назардан тыс қалмады. Республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осы байқауда үздік атанып, жүлделі орынға ие болғандардың бірі – Алтынай Қанапия осы мектепте 11-ші сыныпта оқиды. Ол болашақта елге белгілі айтыскер ақын атанып, Абай мұрасын тереңірек зерттеп, өнерім арқылы халыққа барынша насихаттауды көздеймін, дейді.

«Абайды барлық қазақ білуі керек. Сондықтан оның еңбектері жан-жақты насихатталуы тиіс». Осылай деген мұғалімдер апта сайын «Абай үні» журналын да жарыққа шығарып отыр. Сонымен қатар мектепте былтырдан бері Абайтану орталығы жұмыс істеп келеді. Мұнда білімгерлер түрлі дәрістерге қатысып, ақынның өмірі және шығармашылымен жақын танысуға мүмкіндік алады.

https://qazaqstan.tv/news/121530/

ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасының ақпараттық қолдаушысы – “Хабар24” арнасы

Алматыда Абай шығармашылығына арналған олимпиада басталды

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай өтіп жатқан білім додасына еліміздің әр түкпірінен 9-11-сынып оқушылары қатысуда. Шараның мақсаты – Абай мұрасын дамытып, болашаққа құнды күйінде жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Екінші рет ұйымдастырылып отырған «Абайтану» олимпиадасына қатысатын оқушылар еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан іріктелген. Жалпы білім додасына 122 оқушы қатысып жатыр. Биыл Абайдың 175 жылдығымен тұспа-тұс келетін олимпиада өткен жылға қарағанда ерекше дейді ұйымдастырушылар. «Бір айта кететін нәрсе, биылғы жылы бұл олимпиаданың мәртебесі көтерілді деп айтуға болады. Себебі ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 514 бұйрығы бар. Ол бұйрықта беделді олимпиадалардың ғылым сайыстарының тізбесі бекітілген. Сол бұйрыққа өзгеріс енгізіледі де, бұл «Абайтану» олимпиадасы сол беделді олимпиадалардың қатарына қосылатын болады», – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Ғаждембек ТҰРСЫНОВ.

ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасының марапаттау рәсімі

Алматыда Республикалық «Абайтану» олимпиадасы қорытындыланып, үздік шыққан оқушылар белгілі болды. 122 қатысушының ішінен оқ бойы озып шыққан 12 оқушы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыда Абайдың 175 жылдығына орай өткен республикалық «Абайтану» олимпиадасы мәресіне жетті. Елдің әр өңірінен жиналған 122 жүйрік бақ сынаған сайыста 63 қатысушы жүлделі орын иеленді.

https://qazaqstan.tv/news/121892/?fbclid=IwAR0nsjClW_q1xdjnBLxP2Pfu1bFlxG62CYMc69BKj-SsRcufNwfvtI1Lge4

 

Меню