Жаңалықтар

Жатақханада тұру ережесі

Жатақханаға орналастыру тәртібі:

  1. Әр жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға рұқсат алатын оқушылардың тізімі сынып тәрбиешісі, жатақхана меңгерушісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жылдың соңында тамыз айына дейін анықталады.
  2. Оқушыларды жатақханаға орналастыру алдында арнайы құрылған комиссия жатақхананың (бөлмелердің, қоғамдық орындардың) оқушыларды орналастыруға дайын екендігін тексереді.
  3. Тұрғын-орын комиссиясы жатақханаға орналасуға рұқсат бергеннен кейін оқушылар жатақхана меңгерушісіне төмендегі құжаттарды тапсырады:
  • Мектеп-интернат директорының жатақханаға орналасуға рұқсат беруін растап қол қойған өтінішін; жеке куәлік көшірмесін; мектептің медициналық орталығынан тексерістен өткендігі жөнінде анықтамасын (флюорографиялық тексеріс қорытындысы міндетті түрде талап етіледі); 3х4 фото суретін (6 дана).
  1. Жатақханаға орналасу кезінде оқушы төсек қажеттіліктерімен пайдалану барысында бөлмедегі әр оқушы материалдық жағынан жауапты болады.

Жатақханадағы әкімшілік тәртіптің реттелуі:

  1. Жатақханадағы мәдени немесе басқа да іс-шаралар тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жатақхана меңгерушісі келісімімен өткізіледі.
  2. Мектеп жатақханасының күзет қызметкерлері, жатақханадағы тәртіп жағдайын жауапты тұлғалардың (жатақхана меңгерушісі) қатысуымен тексереді.
  3. Оқушылар бөлмелерін түнгі уақытта тексеру жатақханада тұрып жатқан тұлғалар тарапынан тәртіп бұзушылық орын алғанда немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда рұқсат етіледі.
  4. Жатақханалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда мектеп- интернатының директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,жатақхана меңгерушілері, мектеп призиденті, және түнгі көмекші тәрбиешілердің қатысуымен шешім қабылданады және шешім жатақханада тұратын оқушылар үшін орындалуға міндетті болып табылады.
  5. Ішкі тәртіп ережесін, Ар-намыс кодексінің талаптарын, жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзса, оқушы кеңестің шешімімен 3 күн мерзім ішінде жатақханадан шығарылады.
  6. Жатақханада тұратын оқушылардың міндеттері мен құқықтары:
  7. Жатақханада тұрып жатқан оқушылар электр энергиясы, суық және ыстық суды, жылу энергиясын үнемдеуге және барлық материалдық мүліктерді ұқыптап қолданып, сақтауға міндетті.
  8. Кестеге сәйкес әр оқушы қабаттағы кезекшілікті жүзеге асыруға және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуге міндетті.
  9. Жатақханада тұратын әр оқушы белгіленген сенбіліктерді өтеуге қатысуға міндетті.
  10. Тұрып жатқан оқушылар және қызмет көрсету персоналы өрт қауіпсіздігі ережесін білуге және оны бұлжытпай орындауға міндетті.
  11. Тұрып жатқан оқушылар ұсынылған тұрмыстық және басқа да қызметтерді өз бетімен сабаққа дайындалу, жуынатын орындардың және спорттық бөлмелердің пайдалану ережесін сақтауға міндетті.
  12. Жатақханада тұратын әрбір тұлға ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуын болдырмау жөніндегі жатақхана кеңес өкілдерінің нұсқауын орындауға міндетті.
  13. Сенбі, жексенбі    күндері    үйлеріне    қайтатын    оқушылар қолхатпен жіберіледі. (сенім хат жазылған жауапты адам алып кетеді.баратын мекен-жайы толық көрсетілуі керек қай аралықта болмайтыны туралы ақпараттар жазылу керек). Алыс өңірде тұратын оқушылар жексенбі күндері қажетті заттарын алуға 3-4 сағаттқа шығу керек болса тәрбиешілеріне алдын ала мәлімдеме түсірілуі керек. Жатақханада тұратын оқушылардың әрқайсысы ішкі тәртіп ережелерді сақтауды талап етуге құқылы.
  14. Жатақханада тұратын оқушылар жатақхананың тұрғын орын, тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
  15. Оқушының бөлмесінде бөгде тұлға заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіп бұзушылық фактілері анықталса және оны жасырып бүгіп қалған жағдайда жауапкершілік сол бөлменің барлық тұрғындарына жүктеледі.
  16. Жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылу фактілерін оқушылар жасырған жағдайда мектеп әкімшілігі оған жатақханадан шығаруға дейінгі шараны қолдануға мүмкіндігі бар.
  17. Жекелеген жағдайда жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерін бұзушыларға жазаны мектеп-интернатының әкімшілігі қабылдайды.
  18. Оқушы жатақхана мен тұрғын бөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.

Тыйым салынады:

  1. Тұрғындардың нормативке сай           емес                      лексиканы      (дөрекі сөздерді) қолдануына қатаң тыйым салынады;
  2. Бөлмелерде және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық ережелерін бұзуға қатаң тыйым салынады.
  3. Жатақханада тұратындарға өз бетінше бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге және жабдықтарды ауыстыруға тыйым салынады.
  4. Жатақханаға бөтен тұлғаны кіргізуге қатаң тыйым салынады.

Жауапкершілік:

  1. Жатақханада тұрып жатқандар өздеріне бекітілген мүліктер мен керек- жарақтарды сақтауға жауап береді және келтірілген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға немесе ауыстыруға міндетті.
  2. Қабаттағы кезекші кестеге сәйкес тазалықты реттеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға, түрлі тәртіп бұзушылықты болдырмауға жауапты.
  3. Аталған ереже жатақханада тұратын оқушылардың міндеттері мен құқықтарын, ішкі тәртіпті және жатақханаға орналастыру жүйесін реттейді.
  4. Жатақханада тұратын оқушылардың Ішкі тәртіп ережелері талаптарын сақтауын қадағалау мектеп-интернаттың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, жатақхана меңгерушісіне, түнгі тәрбиеші көмекшілерге, күзет қызметіне жүктеледі.
Меню