Жаңалықтар

Ата-ана (заңды өкілдері) міндеттері

  1. Өз балаларының тәрбиесіне жауаптылық алуға, олардың негізгі орта және жалпы орта (толық) білім алу үшін жағдай жасауға, оқушылардың сабақтарға күнделікті қатысуларын қадағалау;
  2. Жетістікте оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етуге жауаптылық алу, оның ішінде спорттық форма, ауыстыратын аяқ киім, еңбекке баулу үшін формамен қамтамасыз ету;
  3. Балаға  қоғамдық     жерлерде     жүру     тәртібін      үйретуге      тиіс;
  4. Кез келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті;
  5. Қолданыстағы қарастырылатын заңнамалармен, оқушымен мектеп мүлкіне келтірілген шығынды орнына толтыруға көмек көрсетуге міндетті;
  6. Шақырту шарасы бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысына және сынып жиналысына педагогтер, әкімшілік шақыртулары бойынша мектепке келулері;
  7. Оқушыны сабақтан босату тек ғана денсаулығына байланысты дәрігердің анықтамасы бойынша рұқсат етіледі;
  8. Туған күндерді мектепте өткізуге және соған байланысты дастархан жаюға тыйым салынады;
  9. Мектеп мұғалімдеріне қымбат сыйлық жасауға тыйым салынады;
  • Оқушының мекен-жайы, байланыс телефоны өзгерген жағдайда уақытында сынып жетекшіге хабарлауға міндетті;
  • Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып және мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге міндетті;
  1. Мектеп қызметкерлері құқығы мен еңбегін құрметтеуге міндетті;
  2. Әр ата-ана ҚР қолданыстағы заңнамалары нормаларын, осы Ережелерді және Жарғы талаптарын орындайды.
  • ҚР «Білім туралы» заңының 49 бабы 2 пунктына байланысты ата-аналар мектепішілік, сыныпішілік ата-аналар жиналысына қатысуға міндетті.

 Ата-аналар (заңды өкілдері) құқығы:

 Балалардың  заңды       құқықтары       мен       мүддесін       қорғауға;

  1. ҚР қазіргі заңнамаларына және мектептің Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға;
  • Мектеп Жарғысы мен білім беру үдерісінің ұйымдасу тәртібін белгілеуші басқа құқық орнатушы және нормативтік құжаттармен, соның ішінде осы Ережемен танысуға;
  • Білім беру үдерісінің барысы және мазмұнымен, оқушылардың бағаларымен танысуға;
  1. Сабақтарға (әкімшілік пен оқытушының келісімімен) және оқу, оқудан тыс қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;
  2. Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде еріктіліктің негізінде сыныптың, мектептің дамуына    қайырымдылық   түрінде   материалдық    көмек көрсетуге;
  3. Мектеп Жарғысы мен осы Ереже шарттарының орындалуын талап етуге.

Ата-ана білуге тиіс:

  1. Егер оқушы оқу жылы бойында себепсіз 3 күн сабақ босатса немесе себепті болса да 40 күн сабақ босатса, оқушының оқу жылы соңында 3 сабақтан жылдық бағасы 3 (қанағаттандырарлық) болған жағдайда оқушы тұрғылықты жері бойынша басқа мектепке ауыстырылады;
  2. Мектеп-интернат жарғысында көрсетілгендей мектеп-интернатың ішкі тәртібін бұзған,үнемі тәртібіне байланысты ескерту алып жүрген оқушылар ата анасына алдын ала хабарланып,мектеп-интернатынан шығарылады.
Меню