Жаңалықтар

Мектеп жарғысы

Мектеп жарғысы

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрлігінің

2022  жылғы  «18» қазандағы

№ 424 бұйрығына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

 «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған   қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

 1-тарау. Жалпы ережелер

 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

  1. Мемлекеттік мекеменің түрі: Республикалық мемлекеттік мекеме.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысымен қайта құрылды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы №774 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің Абай атын беру туралы 2006 жылғы 31 мамырдағы №480 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды және «Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып табылады.
  3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
  4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі болып табылады.
  5. Мемлекеттік мекеменің атауы:

Мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Республиканское государственное учреждение «Республиканская специализированная с углубленным изучением казахского языка и литературы средняя школа-интернат для одаренных детей имени Абая» Министерства просвещения Республики Казахстан.

  1. Мекеменің орналасқан жері: 050020, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Митин көшесі, 6.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

  1. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
  2. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
  3. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
  4. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

Инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекемеде қолайлы жағдайлар жасау, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту арқылы сөз өнеріне бейім дарынды оқушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін мамандандырылған жалпы білім білім беруге қол жеткізу.

  1. 13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары:
  • арнайы білім негіздерін, оқушылардың қоғам өміріне әлеуметтік бейімделуін таныстыра отырып, жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнын меңгеру негізінде 8-11 сынып оқушыларының жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру;
  • функционалдық сауатты, патриот, жауапты, көптілді, креативті және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, жетекші қазақстандық және халықаралық университеттерге түсуге және оқуға қабілетті оқушылардың қалыптасуына ықпал ететін білім беру ортасын құру;
  • дарынды, дарынды балаларды шығармашылық белсенділікке ынталандыру;
  • балаларды Қазақстан Республикасының ана тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға үйрету, оқушылардың өз бетінше ойлауын жетілдіру;
  • ұлттық сана-сезімін кеңейту мақсатында қазақ халқының мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін үйрету;
  • әр баланың табиғи, жеке, интеллектуалдық қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін одан әрі дамыту;
  • отбасы, халық және мемлекет алдындағы тұлғалық құқықтары мен міндеттерін тануға, республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысатын азамат етіп тәрбиелеу;
  • кәсіби желілік қоғамдастық құру арқылы мұғалімдер мен басқа да педагог қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дамытуды қолдау;
  • әлемде халықаралық деңгейде танылған ғылыми және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту;
  • білім беру үдерісін ұйымдастыруда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен бейіндік пәндер арқылы жүзеге асыру;
  • оқыту технологияларының ойлау дербестігін, шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдістерін, түрлері мен тәсілдерін оңтайлы пайдалану;
  • негізгі және орта мектептерде кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру.
  1. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Уәкілетті органның келісімімен өз атынан шарттар мен келісімдер, мәмілелер жасауға, сатып алуға және мүліктік құқықты жүзеге асыруға, жауапкершілік алуға, сотта талап етуші болуға және жауап беруге;

2) Уәкілетті органның келісімімен басқа да заңды тұлғалардың құрылтайшысы немесе қатысушысы болуға, заңды тұлғалардың бірлестіктеріне (қауымдастықтар мен одақтарына) кіруге;

3) қазақ тілі мен әдебиетіне қабілетті дарынды балаларды анықтау және конкурстық негізде қабылдау;

4) мемлекеттік мекеменің қызметіне ата-аналар қауымдастығын, үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдарды және басқа да мүдделі тараптарды тартуға құқылы.

  1. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
  2. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

  1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  2. Тиісті саланың уәкілетті органы заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

8) жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті және бюджеттік есептілікті қабылдайды;

9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
  3. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
  5. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  • мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
  • шарттар жасайды;
  • сенімхаттар береді;
  • банк шоттарын ашады;
  • барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  • тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
  • мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
  • өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
  • ол Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органы жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздер есебінен құрылады.

  1. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік мекемеге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру салаларындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, осындай қызметтен алынған ақша тиісті бюджетке есептелуге жатады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.
  4. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
  5. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Мемлекеттік мекемеге оқушыларды қабылдау тәртібі

  1. Мемлекеттік мекемеге 7-сыныпты бітірген және түсу емтихандарын тапсырған балалар қабылданады. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта мемлекет есебінен гуманитарлық пәндерге ерекше қабілет көрсеткен 8-11 сыныптардағы балалар тегін оқиды.

Мектепте оқу мерзімі-негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес 4 жыл (8-11-сыныптар аралығында). Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау емтихандарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) 22-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен Конкурстық комиссия құрылады.

Бірнеше пән бойынша (оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша) тоқсандық және жылдық бағалары қанағаттанарлық болған, сондай-ақ 8-11 сыныптардың оқу бағдарламасына кіретін пәндерден қанағаттанарлық бағалары бар оқушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мектеп-интернаттан шығарылады және тұрғылықты жері бойынша оқуға ауыстырылады.

Мемлекеттік мекеменің конкурстық қабылдау комиссиясының шешімімен босатылған орындарды оқушылар толтырады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мемлекеттік мекемеге конкурстан тыс қабылданады.

  1. Мемлекеттік мекеменің оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулдық кезеңдері «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілген бұйрыққа сәйкес белгіленеді.
  2. Оқушылардың білімін бағалау критерийлері «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына сәйкес айқындалады.
  3. Осы Жарғыда қарастырылмаған қызмет Уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.
  4. Мектептегі білім беру үдерісі, оқыту тәртібі, сағат мөлшері, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес білім беруді басқару Мемлекеттік мекемеде белгіленген тәртіптерге сәйкес белгіленеді.
  5. Оқу орны – оқу үдерісінің мазмұнын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, жобалардың, инновациялық әдістердің бейінді бағыттары бойынша оның түрлері мен әдістерін дамытып, жаңартып отыратын шығармашылық зертхана.
  6. Мемлекеттік мекеме мен оқушылар (олардың ата-аналары мен өкілдері) арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес реттеледі.

8-тарау. Білім беру үрдісін ұйымдастыру

  1. Оқушыларды тереңдетіп даярлауға «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес мемлекеттік мекемемен бекітілген мамандандырылған бағдарламалар бойынша бейіндік пәндерді оқыту арқылы қол жеткізіледі.
  2. Мемлекеттік мекемеде оқытудың жаңа нысандарын зерделеу және енгізу бойынша педагогтердің шығармашылық ізденісі, эксперименттік және жаңашыл жұмыстары дамытылады.
  3. Мемлекеттік мекемеде жалпы білім беретін бағдарламалар тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, оны қоғамдағы өмірге бейімдеу міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
  4. Білім алушылардың оқу жүктемесі, оқу режимі негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының, үлгілік оқу жоспарларының және уәкілетті органның ұсынымдарының негізінде дайындалатын бекітілген ережемен айқындалады.
  5. Мұғалімдер үшін аптасына нормативтік жүктеме-16 сағат, сабақтың ұзақтығы-45 минут, аптасына жұмыс күндері-5. Мектеп-интернат тәрбиешілері үшін 30 сағаттық жұмыс жүктемесі бір ставка ретінде белгіленген, аптасына жұмыс күндері – 6.

9-тарау. Білім беру үдерісіне қатысушылардың құқығы мен міндеттері

  1. ​​Білім беру ұйымдарындағы тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және оқытушылардың адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде сақталады. Студенттер мен оқушыларға физикалық, моральдық және психикалық күш көрсету әдістерін қолдануға жол берілмейді.
  2. Кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері білім беру үдерісінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерім бағаларымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
  3. Мемлекеттік мекеменің оқыту нысаны – күндізгі, бір ауысымды.
  4. Білім беру ұйымындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.
  5. Білім беру ұйымында нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге идеяларды таратуға тыйым салынады.

10-тарау. Ақылы білім беру қызметтерін ұсынудың тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы.
  2. Ақылы білім беру қызметтері мемлекет қаржыландыратын негізгі білім беру іс-шараларын алмастыра алмайды.
  3. Білім алушыларға ақылы білім беру қызметтері ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша көрсетіледі.
  4. Ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден алынған қаражат білім беру процесіне, оның ішінде оқу жабдықтарын сатып алуға, Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін әлеуметтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қайта инвестицияланады.
  5. Мемлекет тамақтану үшін шығыстарды тамақтану құнының 80 пайызы мөлшерінде өтейді, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес 20 пайызы ата-ана төлемақысы есебінен жабылады.

 11-тарау. Ағымдағы бақылау жүргізу жүйесі мен тәртібі және білімді қорытынды аттестаттау

 Білім беру жүйесіндегі білім сапасын бақылау оқушылардың білім сапасын арттыруға, білім беру жүйесіндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған.

  1. Мемлекеттік мекеме негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындауға және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтуге міндетті.
  2. Ағымдағы бақылауды және білімді қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

12-тарау. Мемлекеттік мекеменің ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен қатынастарын рәсімдеу тәртібі

 Кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:

1) ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекеменің басқару органдарының жұмысына қатысуға құқылы;

2) мемлекеттік мекемеден оқушылардың үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға құқылы;

3) мемлекеттік мекемелермен ынтымақтасу, балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз ету;

  1. Мемлекеттік мекемемен шарт жасай отырып, ата-аналар немесе заңды өкілдер осы Жарғының талаптарын орындауға және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жауапты болуға міндетті.
  2. Білім алушылар білім беру ұйымының ішкі тәртібімен бекітілген форманы (спорттық, мектептік) киіп жүруге міндетті.
  3. Мектепішілік ережелерді бұзғаны үшін мінез-құлқы үшін бірнеше рет ескертулері бар оқушылар мемлекеттік мекемеден шығарылып, ата-аналарын алдын ала хабардар етеді.

 13-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 60. Мемлекеттік мекеменің еңбекақы төлеу қорын уәкілетті орган белгілейді.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің еңбегі «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысымен бекітілген еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

14-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

15-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратынің шешімі бойынша жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  3. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты қайта бөледі.
  4. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

Директордың м.а.                                                      Е. Өмірханов

Меню