Жаңалықтар

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен желілік «Абай мектептерінің»
8-11-сынып оқушылары
арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы 2021 жылдың 18 наурызында онлайн форматта (ZOOM платформасы арқылы) сағат 14.00-де өткізілетінін хабарлайды.

Ақындар айтысына желілік «Абай мектептерінен» 8-11-сынып оқушылары арасынан 1 оқушы қатыса алады.

Онлайн айтысқа қатысу жөніндегі сұраныс төменде көрсетілген үлгіде 16 наурызға дейін жіберілуі тиіс:

Оқушының аты-жөні Сыныбы Мектебі Электронды поштасы, ұялы телефоны Облысы, қаласы, ауданы Жетекші-мұғалімнің аты-жөні, жұмыс орны Ұялы телефоны
1
2

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, байланыс телефондары: 8(727)3870846, сайт: www.abaimektep.kz

Әбділдә Айжан Сейсенбайқызы – 87018333531

Ибрагимов Алтынбек – 87073009402

Меню