Жаңалықтар

Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар

«АБАЙ ҮНІ, АБАЙ ЛЕБІ» тақырыбымен
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында
2019-2020 оқу жылының қыркүйек-қаңтар айлары аралығында өткен іс-шаралар

Қыркүйек-қазан айларында:

  • қыркүйек айында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің айлығы аясында Ұлы Абайға 175 жыл толуы қарсаңына орай «Абай үні, Абай лебі» тақырыбындағы жобаның ашылу салтанаты өтті;
  • Қыркүйек-қазан айлары бойында Абайтану бөлмесі қосымша мәліметтермен толықтырылды, «Абай әлемі» тақырыбында әр сынып кабинетінде Абай шығармашылығына арналған арнайы бұрыш жасалды;
  • Қыркүйек айында Абайтану бойынша 10-сынып оқушылары арасында М.О.Әуезовтің «Абай Құнанбаев» монографиясында Абай лирикаларының талдануы жайында ізденіс жұмыстары жүргізілді;
  • Қазан айында 8-11-сынып оқушылары арасында «Өлең – сөздің патшасы…» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сайысы өткізілді;

Қараша айында:

  • ІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы;
  • 8-11-сыныптар арасында «Қазақта қара сөзге дес бермедім…» атты Абай қарасөздерін жатқа айту сайысы;
  • 8-11-сынып оқушылары арасында Қуат алып Абайдың тіл күшінен…» атты Абайдың ақын шәкірттерінің шығармашылығын жатқа айту сайысы;
  • 8-сынып оқушылары арасында «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томы бойынша «Көшбасшы» сайысы;
  • 10-сынып оқушылары арасында «Бес асыл іс: кеше және бүгін» тақырыбында пікірсайыс;
  • «Ұлт рухының жыршысы» атты оқушылар арасында республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Желтоқсан айында:

  • 9-11-сынып оқушылары арасында «Әлемнің Абайы» тақырыбында эсселер байқауы;
  • 8-сыныптар арасында «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-томдары бойынша «Көшбасшы» сайысы;
  • «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» мектепішілік жас ақындар мүшәйрасы өтті.
  • Тоқсан сайын оқушылар арасында «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» тақырыбында дебат ұйымдастырылуда;
  • Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында «Абай үні» танымдық әдеби-көркем журналының тұсауы кесіліп, 1, 2 – сандары жарық көріп, оқырманға жол тартты;

Қаңтар айында:

  • ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасы өткізілді;
  • Жыл бойына ақын шығармалары бойынша “Менің Абайым” тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылуда;
  • Президент Қ. Тоқаевтың бастама болуымен Абай Құнанбайұлының 175 жыл мерейтойына орай Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы мектеп-интернат түлектері мен шәкірттері арасында жалғасын табуда.

 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жоспар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде  Абай атындағы РММИ есебі

8-тармақ  Барлық орта білім беру ұйымдарында ашық сабақтар, сыныптық сағаттар, шығарма, мазмұндама, Абайдың өлеңдерін және қарасөздерін мәнерлеп оқу конкурстары, танымдық форматта тақырыптық іс-шаралар,  конференциялар, фестивальдер, поэзия кештерін, семинарлар, көрмелер және әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізу

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат базасында (бұдан әрі – Республикалық мектеп-интернат) жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдарымен бірлесе отырып, «Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған «Абай мектептері» желісіне «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Абайтану» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары және оқу жоспары әзірленді.

Абай шығармашылығын оқытуда мектеп-интернат тәжірибесін желілік «Абай мектептеріне» тарату мақсатында Шығыс Қазақстан облысынан келген мектеп басшылары мен мұғалімдеріне «Абай шығармалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылып, ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді. Республика ұстаздарына тәжірибе тарату мақсатында «Абайдың тұлға ілімі» атты онлайн сабақ өткізілді.

Сондай-ақ, жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларына қазақ тілінің қадірін ұқтырып, шешендерден қалған құдіретті өнерді дәріптеу мақсатында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай салған ізбенен…» ІІ республикалық ділмар шешендік өнер байқауы өткізілді. Байқауға еліміздің 10 облысы, 3 қаласы, Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген үш оқушы, жалпы саны 38 білім алушы  қатысты.

«Абай салған ізбенен…» ІІ республикалық ділмар шешендік өнер байқауы нақтылық пен жан-жақты талаптарды орындау арқылы үздіктерді анықтаумен ерекшеленді.

Байқаудың ережесі бойынша ақын-жырау, би-шешендерден кімдерді оқып-тоқу керектігі алдын-ала белгіленіп, қатысушының әралуан сөздерден (тұрақты тіркес, мақал-мәтел, нақыл, одағай, т.б.) көркем де ұғынықты сөйлем құрау қабілеті сынға түсті. Ақтық кезең шешендікті анықтайтын шешуші сипатқа ие болды. Көрікті ой мен көсем сөз айтып, сөз қадірін түсінер ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған іс-шараны өткізу дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

9-тармақ. Елдің барлық жоғары оқу орындарында ғылыми конференциялар, Абай оқуларын, симпозиумдар, поэзиялық, әдеби фестивальдер,  ақындар айтыстарын, Абайдың өлеңдерін үздік оқу, әндерін орындау және шығармашылығын білу бойынша конкурстар, челлендждер, флеш-мобтар және жастарға арналған басқа да әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізу

Жалпы білім беру ұйымдары оқушыларына ана тілінің қадірін ұқтырып, аталы сөздің парқын сезіндіріп, бабалардан балаларға құнды мұра болып қалған сөз барымтасының құдіретін дәріптеу мақсатында «Абай жаққан бір сәуле  сөнбеу үшін» атты  ІII республикалық  оқушылар айтысы өткізілді.

Көпшілік арасында қызығушылықпен сұранысқа ие болып, дәстүрлі жалғасын тапқан оқушылар айтысында еліміздің 10 облысы, 3 қаласы және Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген, көмейінен жыр ағылған 16 жас ақын өз шеберліктерін көрсетті. Аламан айтыста  бақ сынаған жүйріктерге белгілі ұлт жанашырлары мен айтыс өнерінің ақтаңгерлері: Жүрсін Ерман, Серік Қалиев, Асылан Ғафуров, Талант Арғынғали және мектеп-интернат түлегі, меценат Дулат Тастекеев әділ қазылық жасады.

«Жаным – арымның садағасы» деген қағиданы ұстанатын қазақ халқының ертеңі бүгінгідей жарқылдаған жастар барда мәңгілік өшпек емес. Ұлт жанашыры болған Абай мектебі оқушы қауым үшін алда әлі талай додаларды ұйымдастырып, өткізері анық. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Челлендж:

  • Абайдың 175 жылдығына орай Абай өлеңдерін оқу эстафетасы мектеп-интернат ұжымы мен түлектері арасында 2019 жылдың тамыз айы мен 2020 жылдың мамыр айы аралығында жүргізілді;
  • 2020 жылдың мамыр – тамыз аралығында әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына орай «Ұлылар үндестігі» эстафетасы жүргізілді.

 17-тармақ. Мектеп оқушылары арасында Абай шығармашылығын білуге арналған жалпыреспубликалық олимпиада мен тақырыптық конкурстар өткізу, жеңімпаздар мен лауреаттарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқу үшін 50 білім беру грантын бөлу, сондай-ақ  олардың Нұр-Сұлтан қаласында өтетін салтанатты «Абай балына» қатысуын ұйымдастыру

Ұлттың ұлылығын ұлыстаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған ІІ республикалық Абайтану олимпиадасы  2020 жылдың қаңтар айының  21-23 күндері жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11-сынып оқушылары арасында өтті.

Олимпиадаға 14 облыс, 3 қала, Республикалық білім беру ұйымдары бойынша жалпы саны – 122 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша бағын сынаған 122 оқушының ішінен 63 қатысушы жүлделі орын иеленді.

Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиада алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2020 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында қашықтан «Абай әлемі» шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқау 2 бағыт бойынша өтеді:

1-бағыт – «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» атты эсселер байқауы;

2-бағыт – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты ақындар мүшәйрасы.

Байқауға еліміздің облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және РББҰ оқушылары қатысады. Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 1, 2-кезеңдерде жеңімпаз болған 12 оқушыдан: 8-сынып – 3 оқушы, 9-сынып – 3 оқушы, 10-сынып – 3 оқушы, 11-сынып – 3 оқушы қатыса алады.

72-тармақ. «Абай» интерактивті кешенін құру және шығару

 2019 жылдың қазан айынан бастап бір тоқсанда бір рет, жылына төрт саны шығатын Абай атындағы РММИ-дің жекеменшік журналы жарық көре бастады.

«Абай үні» журналы «Хакім үні», «Ғалым үні», «Ұстаз үні», «Ұрпақ үні», «Мектеп-интернат» үні атты бөлімшелерден тұрады. Бұл бөлімшелерде Абай шығармашылығы дәріптеліп қана қоймай, ұлы ақынды зерттеуші ғалымдардың мақалалары, мектеп-интернат ұстаздарының Абай шығармашылығын оқытудағы тәжірибелері, оқушылардың Абайға арнаулары мен эсселері қамтылған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің дыбыстық студиясында Абайдың қарасөздерін мектеп-интернат оқушыларының 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) дыбыстауымен аудиохрестоматия әзірленді.

Мектеп-интернат ұстаздарының Абай өлеңдері мен қарасөздері жаңаша пайымдалған бейне-дәрістер сериясы дайындалды. Бұл дәрістер арнайы дизайнмен 24/7 режиміндегі онлайн платформаға орналастырылады.

I am text block. Click edit button to change this text. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Меню