Жаңалықтар

“Желілік “Абай мектептерінде” “Қазақ тілі”, “Қазақ әдебиеті”, “Абайтану” оқу пәндерін оқыту ерекшеліктері” тақырыбындағы онлайн курс

2021 жылдың 04-14 қаңтар аралығында Абай атындағы РММИ “Желілік “Абай мектептерінде” “Қазақ тілі”, “Қазақ әдебиеті”, “Абайтану” оқу пәндерін оқыту ерекшеліктері” тақырыбында “Абай мектептерінің” қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсын өткізді. 72 сағаттық онлайн курс барысында желілік “Абай мектептерінің” мұғалімдері ЖОО-ның ғалым-ұстаздарынан, профессор-оқытушылардан дәріс тыңдап, тереңдетілген бағдарламалардың ғылыми негізі туралы мол ақпараттар алды. Ал Абай атындағы РММИ педагогтары көрсеткен шеберлік сағаттары курсты нағыз тәжірибе алаңына айналдырды.  Осы орайда, алтын уақыттарын бөліп, 4 сағаттап дәріс оқыған ғалым-ұстаздарға, “НЗМ” “ПШО” тренерлеріне, мектеп-интернат мұғалімдеріне, сонымен қатар, таңертеңнен кешке дейін тапжылмай дәріс тыңдап, пікір ұсыныстарын білдіріп, сұрақ жауап кезеңдерінде өзекті мәселелерді қозғап, белсенді болған қатысушыларға алғыс білдіреміз. Курс соңында Республика ұстаздары да мектеп-интернат ұстаздарына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі. Курс қатысушыларына берілетін сертификаттар қазпочта арқылы барлық өңірлерге жіберілді.
Меню