Жаңалықтар

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында қашықтан өткізілетін «Абай әлемі» атты шығармашылық байқаудың ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында қашықтан «Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқауды (бұдан әрі – Байқау) өткізу Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңынасәйкес, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әзірленді.

Берілген Ережелер қашықтан «Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.

Байқаудың негізгі мақсаты:

  • Кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау; зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • Абай әлемінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімдеу;
  • Абай шығармашылығының тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру;
  • Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.

Байқауды Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты өткізеді.

Байқаудың идея авторы–Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты. Аталған мектеп-интернат жүлдегерлерге Дипомдар мен Алғыс хаттар дайындауды, бейнежазбаға және суретке түсіруді атқарады.

Ұйымдастырушы мектеп-интернат қатысушылардың Байқауға тіркелуін, оған қатысты жұмыстарды атқаруды міндетіне алады.

Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақ және Шалқар радиолары», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар» телеарнасы, «Астана» каналы, «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Абай.кз» ақпараттық порталы, т.б.

 ІІ. Байқаудың жұмысшы органы

Байқауды үйлестіру және дайындау мен өткізу бойынша істі жүзеге асыру үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі– Республикалық комитеті) құрылады.

Республикалық ұйымдастыру комитеті:

  • байқауға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;
  • республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесті (бұдан әрі – Ғылыми-әдістемелік кеңес) құрады;
  • байқаудың Республикалық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • байқаудың қорытындысын сараптайды және таратады;
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) Байқаудың республикалық кезеңінің жүлдегерлер тізімін бекіту үшін ұсынады.

Ғылыми-әдістемелік кеңес:

  • байқаудың регламентін жасайды (кезеңдер, айналымдар саны, әр айналым тапсырмаларын орындау уақыты және т.б);
  • байқаудың барлық кезеңдерін өткізу түрін анықтайды;
  • байқаудың екінші (облыстық) және үшінші (республикалық) кезеңдерінің тапсырмаларының мазмұнын, оқушылар жұмыстарының бағалау өлшемдерін жасап шығарады;
  • ұсынылған тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, дұрыстығына, олардың Байқаудың белгілі бір кезеңінің талаптарына сәйкестігіне жауап береді;
  • байқау өткенге дейін тапсырмалардың құпиялығын қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Байқау қатысушыларының рейтингісін құру үшін қазылар алқасы Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлері,  танымал тіл және әдебиет саласының мамандары, ақын-жазушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан құралады.

Байқаудың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі.

Қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) құралады.

Қазылар алқасының құрамына оқушысы Байқауға қатысатын мұғалімдер кіргізілмейді.

Байқаудың қазылар алқасы:

  • жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
  • қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы жағдайларды талқылайды;
  • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;
  • байқау қатысушыларымен орындалған тапсырмаларды талқылау мен үйлестіруді өткізеді.

III.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Байқауға қазақ тілінде білім беретін облыстық  кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11-сынып оқушылары қатысады.

Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

1-кезең – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдерінде білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;

2-кезең – облыстық – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері», республикалық білім беру ұйымдарында  республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;

3-кезең – республикалық – республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Байқаудың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Байқауекі бағыт бойынша өткізіледі.Бір оқушы  бір бағыт бойынша ғана  қатысады.

І бағыт. «Жүрегімнің түбіне терең бойла…» атты эсселер байқауы

  1. Қатысушыларға Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде бірнеше тақырыптар ұсынылады.
  2. Ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жұмысын жазады.
  3. Эссеге төмендегідей талаптар қойылады:

а) эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі;

ә) Абай шығармаларынан алынған дәйектердің  тақырыпқа сай келуі;

б) эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі;

в) тіл көркемдігі;

г) тіл сауаттылығы.

 ІІ бағыт. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты ақындар мүшәйрасы

Абай өлеңдерін терең түсіне білу, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, дамыту, интерпретация жасау. Бұл бағыт бойынша сайысқа түскен қатысушы екі кезеңге қатысады:

 Бірінші кезеңде өзінің ақынға арнаған өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, видео түрінде жібереді. Өлеңнің word нұсқасын orynbaeva.dg@mail.ru электронды мекен-жайына жібереді. Өлеңге қойылатын талаптардың (идеясы, құрылысы, көркемдігі) сақталуы шарт.

Екінші кезеңде төмендегідей талаптар қойылады:

1.Қатысушылардың электронды мекен-жайынаұйымдастырушылар тарапынан тақырып ұсынылады. Қатысушы ұсынылған тақырып бойынша шығарған өлең мәтінін 1 сағат көлемінде orynbaeva.dg@mail.ru электронды мекен-жайына жібереді.

  1. Шығарған өлеңінің идеясы, тақырыбы ақын шығармаларымен үндес және өзектес болу талабы қойылады.
  2. Ақын ойларын тарату, негізгі түйінін ұға білу және соған өз өрнегін, өз ойын көркем сабақтастыра алуы шарт.
  3. Бағалауда өлеңнің идеясын ұғынуы, ақын тақырыбымен үндестік, өз өрнегі мен көркемдік сипаттары негізге алынады.

Қашықтан өткізілетін«Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқаудыңқорытынды кезеңіне тіркелу және қатысуы жөніндегі сұранысты байқаудың өткізілуіне 20  күн қалғанға дейін жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Митин көшесі, 6 үй,                     Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8 (727) 3870846, сайт: www.abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Әбділдә Айжан Сейсенбайқызы – 8-701-833-35-31. Қосымша сұрақтар бойынша: 8-702-906-30-06, 8-700-133-04-10

 Байқау жеңімпаздарын марапаттау

Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

 Қаржыландыру

Байқауды өткізу, жүлдегерлерді марапаттау Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бекіткен шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.

 

Меню