Жаңалықтар

ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021

ҚР БҒМ шешімімен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрлыбекова Қалима Қапасқызы және тарих пәні мұғалімі Мұрабілдаева Жаңылды Оразахынқызы “Үздік педагог – 2021” байқауының жеңімпазы атанды.
Нұрлыбекова Қалима Қаппасқызы – Ы.Алтынсарин төсбелгісінің, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Оқу ісінің құрметті қызметкері, ҚР Президентінің Алғыс хатының иегері, шебер педагог. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын жаңартылган бағдарламаның, оқулыктардың авторы, 7-сыныпқа қазақ тілінен дидактикалық құралдың авторы. Әр жылдарда сынып жетекшілік еткен сыныптарда жүзден астам оқушылары Алтын белгі иегерлері, 80-нен астам оқушылары республикалык олимпиада, түрлі шығармашылық байқаулар жүлдегерлері.
Мұрабілдаева Жаңылды Оразахынқызы:
1. Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері пәндері бойынша көмекші оқу құралдарының авторы (2017-2018, 2019-2020, 2020-2021жж.)
2.Бейіндік пән бағдарламасы («Дипломатия негіздері»), 2020ж.
3. Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары (2019,2020,2021жж.)
4. Республика ұстаздарына өткізілген коучингтер, 2018,2019 жж.
“Ең үздік мұғалім – 2015, 2017”
5. “Білім беру ісінің құрметті қызметкері”
төсбелгісі, 2016 жыл
6. “Ы. Алтынсарин” төсбелгісі, 2020 ж.
Меню