Жаңалықтар

Тәрбие жұмысы

Тәрбиенің басты алты бағыты

1.Қазақстандық патриотизм, азаматтық және саяси мәдениетті қалыптастыру.

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында  “Тақымы мықты елдің өскелең ұрпақтары – Мәңгілік елдің кепілі” атты іс – шара ұйымдастырылды.

2.Рухани – адамгершілік, ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Жастар бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Халық тәрбиесі асыл қазына”  атты іс – шара ұйымдастырылды.

3.Құқықтық, кәсіби бағдар беру және экономикалық мәдениетті қалыптастыру.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында “Заң бәріне ортақ”  пікірталас сайысы өтті.

4.Талғам мәдениетін қалыптастыру.

Оқушыларға ана тілінің қадірін ұқтырып, аталы сөздің парқын сездіріп, бабалардан балаларға құнды мұра болып қалған сөз барымтасының құдіретін дәріптеу мақсатында “Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін” атты республикалық оқушылар арасында айтыс ұйымдастырылды.

5.Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында мектеп түлектерімен бірлескен футболдан жарыс ұйымдастырылды.

6.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу мақсатында “Табиғат – тіршілік нәрі ” аты іс – шара ұйымдастырылды.

Меню