Жаңалықтар

Шәкірттерден хат

Алтын ұя ДАРЫНЫН сағынып, хат жолдаған шәкірт пен алғысын жаудырып, сәлем жолдаған ата-ана хаттарының легі толассыз. Сондықтан direct пен messenger-ге келген хаттардың бірін сіздерге жариялағанды жөн көрдік. ????

Соңғы жыл…Балалықтың соңғы белесі де алыс емес. Бұйыртса, алтын ұядан қанатын кеңге жайған қыран боп түлемекшіміз. Алайда алғашында кіп-кішкентай, оң-солын танымайтын балапан едік қой. Қыран күйіне қалай жеттік? Әрине, алтын ұя, бәрі сенің арқаңда. Сендегі жанынан шуақ төгілген жайсаң жандардың бізге бөлген жылуы мен білім атты жақұтты жадымызға қондырғанының жемісі. Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған да сол кісілер. Шәкіртін баласынан кем көрмейтін ұстаз тұлғасы біз үшін баға жетпес асыл күйінде жүрек түбіне мәңгілікке орнықты.
Бірақ, өкініштісі, бүгінде бар дүниені шарлап келе жатқан бір індет бізге де жетті. Соның кесірінен дәл қазір біз ұядан ұрлап әкеткен әді сарыауыз балапандай болып отырмыз. Білім ордасына, ұстаздарға, достарға деген сағыныш еш басылар емес. Олармен өткен әрбір сәт жүрекке жылу сыйлай елестейді. Өткен күн қайта оралмаса да, одан да бақытты сәттер бізді күтіп тұрғаны белгілі. Біздің бірлігіміз бұл вирустан әлде қайда мықты. Сондықтан уақытша дүниеге бола бос қайғыға берілмей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып тек биіктерге ұмтылайық! Әлі де қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда жерұйықта бас қосып, бәріміз бірге арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алатынымызға сеніміміз мол.
Шын бала жүректерімен: 11 А сыныбы

Меню