Жаңалықтар

Республика көлемінде өткізілетін Абайтану олимпиадасы

Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11-сынып оқушылары арасындағы республика көлемінде өткізілетін «Абайтану» олимпиадасын өткізу ережесі

  1. Жалпы ереже

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін «Абайтану» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әзірленді.

Берілген Ереже қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде өткізілетін «Абайтану» олимпиадасын  (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты:

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

  • Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімдеу;
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру;
  • Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.

Олимпиада жыл сайын Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында өткізіледі.

ІІ. Олимпиаданың жұмысшы органы

Олимпиаданы үйлестіру және дайындау мен өткізу бойынша істі жүзеге асыру үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі  – Республикалық комитеті) құрылады.

Республикалық ұйымдастыру комитеті:

  • олимпиадаға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;
  • республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесті (бұдан әрі – Ғылыми-әдістемелік кеңес) құрады;
  • олимпиаданың Республикалық кезеңінің қазылар алқасының құрамы мен саны бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады;
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) Олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегерлер тізімін бекіту үшін ұсынады.

Ғылыми-әдістемелік кеңес:

  • олимпиаданың регламентін жасайды (кезеңдер, айналымдар саны, әр айналым тапсырмаларын орындау уақыты және т.б);
  • олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу түрін анықтайды;
  • олимпиаданың екінші (облыстық) және үшінші (республикалық) кезеңдерінің тапсырмаларының мазмұнын, оқушылар жұмыстарының бағалау өлшемдерін жасап шығарады;
  • ұсынылған тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, дұрыстығына, олардың Олимпиаданың белгілі бір кезеңінің талаптарына сәйкестігіне жауап береді;
  • олимпиада өткенге дейін тапсырмалардың құпиялығын қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау, Олимпиада қатысушыларының рейтингісін құру үшін қазылар алқасы Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлері,  тіл және әдебиет саласының танымал мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан құралады.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің төрағасы мен құрамы Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұсынысы бойынша Министрлікпен бекітіледі.

Әр сынып бойынша қазылар алқасының саны тақ саннан (3 адамнан кем емес) құралады.

Қазылар алқасының құрамына оқушысы Олимпиадаға қатысатын мұғалімдер кіргізілмейді.

Олимпиаданың қазылар алқасы:

  • жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
  • қатысушылардың жұмысын бағалауда даулы жағдайларды талқылайды;
  • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;
  • олимпиада қатысушыларымен орындалған тапсырмаларды талқылау мен үйлестіруді өткізеді.

III. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін облыстық  кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 9-11-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:

1-кезең – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдерінде білім басқармасының тиісті органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;

2-кезең – облыстық – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары мен РББҰ «Назарбаев зияткерлік мектептері», республикалық білім беру ұйымдары, желілік «Абай мектептерінде»   республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;

3-кезең – республикалық – республикалық Ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Олимпиаданың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Ескерту: әр облыстан желілік «Абай мектептері» облыстық іріктеуге қатыспай, 2-кезең – мектептерінде өз мектепішілік іріктеу өткізеді. Мектепішілік іріктеудің жеңімпазы тікелей Республикалық кезеңге жолдама алады.

Олимпиада екі айналымнан тұрады.  Бір оқушы  екі айналымға да  қатысады.

1-айналым – қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде    дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады  (3 сағат);

2-айналымда:

1) М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша:

а) Қатысушы М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырады;

ә) Роман мазмұнынан “сократтық” сұрақтар беріліп,  логикалық деңгейі тексеріледі.

2) Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап береді:

а) Өлеңнің адам өміріндегі орнын Абай өлеңдерімен дәлелдейді;

ә) Өлең жазудағы ақынның мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдейді.

3) Абай поэзиясын қалай меңгергендігін байқау:

а) Абай өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;

ә) Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдейді.

4) Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдіреді. Мысалы:

а) Абай айтқан “бес асыл іс” бүгінгі күнде өзекті ме?

ә) Абай халқына қандай жол ұсынды?

5) Абайтанушылар жайлы жалпы білімін көрсетеді.

6)  М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталады.

Жұмыстарды бағалауда неғұрлым объективтілікті қамтамасыз ету үшін Олимпиаданың барлық қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау жүргізіледі. Тапсырмаларды талқылағаннан кейін, қатысушылардың тілегі бойынша, жұмыстарды үйлестіру өткізіледі.

Қатысушылардың жетекшілері Олимпиаданың  өткізу уақытында, келген сәттен бастап өтетін орынға дейін, оны өткізу мерзімі және кейін тұрғылықты орнына жеткізілгенге дейін қатысушылар үшін  толық жауапты.

 Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

  1. Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
  2. Олимпиаданың үшінші кезеңінің жеңiмпаздар саны қатысушылар

санының 45%-ын құрайды,  ҚР Білім және ғылым министрінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

3. Олимпиаданың үшінші кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Қаржыландыру

Олимпиада қатысушыларының жол жүруі, тамақтану шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады, жатын орны тегін.

Олимпиаданы өткізу, жүлдегерлерді марапаттау Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бекіткен шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы Жарлығына сәйкес ұлттың ұлылығын ұлыстаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған ІІ республикалық “Абайтану”  олимпиадасы  2020 жылдың қаңтар айының  21-23 жұлдызы аралығында облыстық  кезеңнің жеңімпаздары атанған қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдардың  9-11-сынып оқушылары арасында өтті.

Олимпиадаға 14 облыс, 3 қала, Республикалық білім беру ұйымдары бойынша жалпы саны – 122 оқушы қатысты.

Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты:

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

  • Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсінуге бейімдеу;
  • Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру;
  • Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдану.

 Олимпиада екі айналымда өтті. 

1-айналым – қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде    дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды  (3 сағат);

2-айналымда:

1) М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша:

а) Қатысушы М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырды;

ә) Роман мазмұнынан “сократтық” сұрақтар беріліп,  логикалық деңгейі тексерілді.

2) Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап берді:

а) Өлеңнің адам өміріндегі орнын Абай өлеңдерімен дәлелдеді;

ә) Өлең жазудағы ақынның мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдеді.

3) Абай поэзиясын қалай меңгергендігін байқау:

а) Абай өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтады;

ә) Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдеді.

4) Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдірді. Мысалы:

а) Абай айтқан “бес асыл іс” бүгінгі күнде өзекті ме?

ә) Абай халқына қандай жол ұсынды?

5) Абайтанушылар жайлы жалпы білімін көрсетті.

6) М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталды.

2020 жылдың 21 қаңтар күні өз мектебі, ауданы, облысынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан дүлділдер мен  жетекшілерін ұйымдастырушы мектеп-интернат мұғалімдері қарсы алып, мектеп-интернатқа орналастырды. Оларға осы күні           мектеп-интернат психологі Г.А.Бектаева психологиялық тренинг өткізді.

22 қаңтар күні  олимпиаданың ресми ашылу салтанатында мектеп-интернат директоры Р.Е Сексенова ІІ республикалық Абайтану олимпиадасының басталуымен қатысушыларды  құттықтап, ақ жол тіледі.  “Дарын” республикалық ғылыми практикалық орталығынан Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлы келіп, төрағалық етті.

Оқушылар білім сайысына қатысып жатқанда мектебіміздің ұстаздары, “Үздік педагог-2019”  республикалық байқауының жеңімпаздары  – Абитова Жанар және Орынбаева Динара 14 облыс, 3 қала, Республикалық білім беру ұйымдарынан келген  қатысушылардың жетекшілеріне “Абай шығармалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” атты  коучинг-семинар өткізді. Және арнайы сертификат берілді.

Сонымен қатар  НЗМ эксперт-мұғалімі  Н.У. Нұрғалиев  жаңартылған бағдарлама аясында “Формативті бағалау” тақырыбында квест-семинар өткізді.

Кешке білім сайысының қатысушылары мен жетекшілері  М. Әуезов атындағы драма театрына “Олжа” премьерасын тамашалауға барды.

23 қаңтар күні  мектеп-интернаттың Абайтану бөлмесінде “Абай мұрасы” көрмесі ұйымдастырылды. Олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша бағын сынаған 122 оқушының ішінен 63 қатысушы жүлделі орын иеленді. Атап айтсақ,

І орын саны -12, оның ішінде 11-сыныптар бойынша – 4, 10-сыныптар бойынша – 4, 9-сыныптар бойынша – 4;

ІІ орын саны – 18, оның ішінде 11-сыныптар бойынша – 5, 10-сыныптар бойынша – 6, 9-сыныптар бойынша – 7 ;

ІІІ орын саны – 33, оның ішінде 11-сыныптар бойынша – 12, 10-сыныптар бойынша – 12, 9-сыныптар бойынша – 9 қатысушыға табысталды.

І орын иегерлеріне  Арнайы сыйлыққа  планшет, ІІ орын иегерлеріне  Smart сағат және  ІІІ орын иегерлеріне дыбыс ұлғайтқыш  берілді.  ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасында ерекше белсенділік танытқан қатысушыларға Алғыс хат, Грамота және кітаптар табысталды.

Жүлделі орын иегерлерімен қатар барлық қатысушыларды дайындаған жетекшілеріне Алғыс хат табысталды.

Мектебімізде өтіп жатқан білі сайысына БАҚ құралдары (“Қазақстан” телеарнасы, ” Хабар24″, “Алматы” арналарының тілшілері) және “Егемен Қазақстан”, “Ана тілі” газеттерінің тілшілері келді, мектеп-директоры Р.Е.Сексенова және олимпиада қатысушыларынан сұқбат алды.

ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасының өткізілуіне демеушілік жасаған мектебіміздің түлектері – Қанат Боранқұлов, Аманжол Рысмендиев.

Республика көлемінде өткен білім жарысының қатысушылары олимпиада барысында Ұлы ақынның мол мұрасымен сусындап, Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеріп,  Абайтанушылар туралы білімдерін тереңдетіп, Абай мұрасын насихаттауға өз үлестерін қосқандарына ризашылығын білдіріп қайтты.

Алғыс хат

11-сыныптар бойынша

  1. Қуандық Еділ – РББҰ Жасұлан мектебі
  2. Әлімбек Мәншүк – Шымкент қаласы
  3. Нарбаева Айгерім – Жамбыл облысы
  4. Дүйсен Еркемай – Түркістан облысы
  5. Жұмабаева Райхона – Алматы облысы
  6. Әділ Тоғжан – Алматы облысы
  7. Әбдуәлі Назгүл – Нұр-Сұлтан қаласы
  8. Бекова Дарина – Нұр-Сұлтан қаласы
  9. Кабышова Елдана – Павлодар облысы
  10. Абдикахорова Ақтоты – Қарағанды облысы
  11. Орынбаева Нұрсұлу – Қостанай облысы
  12. Теңел Ақтоты – Ақтөбе облысы

10-сыныптар бойынша

  1. Абдуали Маржан – Түркістан облысы
  2. Абдукахаров Нұртаза – Арыстан мамандандырылған лицейі
  3. Қамбарбек Аида – Шымкент қаласы
  4. Қойшыбай Диас – РББҰ Жасұлан мектебі
  5. Ерболат Алмас – РББҰ Жасұлан мектебі
  6. Хыдырова Дана – Жамбыл облысы
  7. Тұрсынбек Мұхамед – Арыстан мамандандырылған лицейі
  8. Ануарбек Алуа – Алматы облысы
  9. Аманова Кәмила – БҚО
  10. Ерсаинова Тогжан – СҚО
  11. Шұғай Ерасыл – СҚО
  12. Мағзұмова Айшабибі – Павлодар облысы
  13. Әбікен Нүрила – Павлодар облысы
  14. Пирназарова Лаура – Қостанай облысы
  15. Серғажы Аққайың – Қарағанды облысы
  16. Сағынбай Гүлназ – Ақмола облысы
  17. Теміртас Томирис – Ақмола облысы

9-сыныптар бойынша

  1. Жалғасова Іңкәр – Атырау облысы
  2. Абайбекова Еңлік – Алматы облысы
  3. Жандос Аяла – Алматы облысы
  4. Раметулла Мадина – Алматы облысы
  5. Кенжетайулы Арсен – БҚО
  6. Қалел Мөлдір – СҚО
  7. Дюсенова Шырайлым – СҚО
  8. Оразова Қазына – Нұр-Сұлтан қаласы
  9. Сурумбетова Камиля – Павлодар қаласы
  10. Макина Райхан – Павлодар қаласы
  11. Найманбаева Нургуль – Павлодар қаласы
  12. Боранбай Жансая – Қостанай облысы
  13. Бұхарбай Аружан – Қарағанды облысы
  14. Озат Айғаным – Ақмола облысы
  15. Букенова Ғазиза – Ақмола облысы
  16. Тунгышбаев Адильжан – Қызылорда облысы

Грамота

11-сыныптар бойынша

  1. Садуақас Жансая – Қызылорда облысы
  2. Муханбетжан Дана – Қызылорда облысы
  3. Алмаханова Айдана – Ақмола облысы
  4. Ақбатай Амре – СҚО
  5. Әліқұл Назерке – Түркістан облысы
  6. Құрманажиев Еламан – РББҰ Жасұлан мектебі

10-сыныптар бойынша

  1. Төлегенова Айдана – ШҚО
  2. Кажиахметова Аяулым – Нұр-Сұлтан қаласы
  3. Абдуллаева Гулбану – Маңғыстау облысы
  4. Нурдинқызы Шұғыла – РФММ

9-сыныптар бойынша

  1. Наурузова Анел – Ақтөбе облысы
  2. Сурумбетова Камила – Павлодар қаласы
  3. Жилжанова Анель – Павлодар облысы
  4. Қадыр Гүлнұр – БҚО
  5. Исламханова Ақбота – Атырау облысы

3-орын

11-сыныптар бойынша

  1. Кайрула Мәдина – Қарағанды облысы
  2. Түсупбекова Дамира – Павлодар облысы
  3. Ұшқынқызы Дина – ШҚО
  4. Дәнебаева Айдын – СҚО
  5. Шагибанова Айгерим – БҚО
  6. Мендибаева Лилия – БҚО
  7. Сағидуллин Арсен – Атырау облысы
  8. Түзелбаева Айман – Маңғыстау облысы
  9. Сабыржан Жаңыл – Қостанай облысы
  10. Бағдаулетова Аружан – Алматы қаласы
  11. Қорғанбай Аяулым – Абай атындағы РММИ
  12. Іңкәрқызы Жансая – Ақмола облысы

10-сыныптар бойынша

  1. Нұржанқызы Айгерім – Ақтөбе облысы
  2. Нағашыбай Ерсін – Қостанай облысы
  3. Амантаева Аружан – Павлодар қаласы
  4. Құмарбекова Аружан – Шығыс Қазақстан облысы
  5. Сандибек Дана – Батыс Қазақстан облысы
  6. Абдуохапова Амина – Түркістан облысы
  7. Егдірбек Айнұр – Маңғыстау облысы
  8. Ибадиллаева Мадина – Жамбыл облысы
  9. Бейсен Ақерке – Алматы қаласы
  10. Бабажанова Зейнеп – Шымкент қаласы
  11. Қадырбек Алтынай – РФММ
  12. Абитилда Нұрислам – Абай атындағы РММИ

9-сыныптар бойынша

  1. Өміртай Мерей – Қызылорда облысы
  2. Тыныштықбай Мубарак – Ақтөбе облысы
  3. Амирбекова Жансұлу – ШҚО
  4. Жасузак Диана – Түркістан облысы
  5. Төлегенова Гүлнұр – Маңғыстау облысы
  6. Оралбек Гүлдана – Жамбыл облысы
  7. Асанова Ақтоты – Алматы қаласы
  8. Сиязова Мадина – Алматы қаласы
  9. Усенбек Дариға – Шымкент қаласы

2-орын

11-сыныптар бойынша

  1. Қайдар Саяжан – Павлодар қаласы
  2. Шамшидин Жібек – Павлодар облысы
  3. Оралханова Жанел – ШҚО
  4. Жұмағалиева Салтанат – Атырау облысы
  5. Байболат Ақниет – Шымкент қаласы

10-сыныптар бойынша

  1. Муратқызы Бифатима – Қызылорда облысы
  2. Жалғасбай Назгүл – Қызылорда облысы
  3. Жұмабек Аружан – Нұрсұлтан қаласы
  4. Саламатқызы Дильназ – Атырау облысы
  5. Қапалбай Амина – Алматы облысы
  6. Талғат Сақбегім – Алматы қаласы

9-сыныптар бойынша

  1. Айтбаева Аруна – Қарағанды облысы
  2. Каскырбаев Мухаммед – Павлодар облысы
  3. Кәріпбай Аружан – ШҚО
  4. Әшімбек Зарина – Нұр-Сұлтан қаласы
  5. Серік Аяжан – Алматы облысы
  6. Нұрмаханбет Бақытжамал – Шымкент қаласы
  7. Мақтабек Ғалия – Абай атындағы РММИ

1-орын

11-сыныптар бойынша

  1. Бақырадинов Рамазан – Ақтөбе облысы
  2. Артықбаева Үмітай – Маңғыстау облысы
  3. Асанқызы Ақнұр – Алматы қаласы
  4. Қанат Перизат – Абай атындағы РММИ

10-сыныптар бойынша

  1. Қабдол Нұрай – Ақтөбе облысы
  2. Мұрат Дильназ – Қарағанды облысы
  3. Мүтағалиева Диляра – Атырау облысы
  4. Қайырғалиқызы Аружан – Абай атындағы РММИ

9-сыныптар бойынша

  1. Абдуллаева Сабира – Түркістан облысы
  2. Абишева Фарида – Маңғыстау облысы
  3. Тойбаева Мейірім – Жамбыл облысы
  4. Әбілмажін Бегімай – Абай атындағы РММИ

 

Меню