Жаңалықтар

Республикалық оқушылар айтысы

Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары арасында V республикалық оқушылар айтысын өткізу ережесі

Жалпы ереже

  1. Жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары арасында республикалық оқушылар айтысын (бұдан әрі – айтыс) өткізу Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде және тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әзірленді.
  2. Осы Ереже айтыстың мақсаты мен міндеттерін, әдістемелік-ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін белгілейді.
  3. Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты өткізеді.
  4. Ұйымдастырушы мектеп-интернат қатысушылардың айтысқа қатысты жұмыстарды атқаруды міндетіне алады.
  5. Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақ» және «Шалқар» радиолары, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар», «Астана», «Almaty.tv» телеарналары, «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Абай.кз» ақпараттық порталы, т.б.
  6. Айтыстың негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жырлау: тарихқа үңілу, егемендік жолында ерлік еткен тұлғалардың есімін оқушы санасында қайта жаңғырту, оқушыларды ана тілін, төл мәдениетін, туған тарихын құрметтеуге шақыру.
  7. Айтыстың негізгі міндеттері – тұғырлы тәуелсіздікті сезіну; Елбасының Мәңгілік ел идеясын оқушылар арасында насихаттау; мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру; сөз тазалығын, сахна мәдениетін, айтыстың негізгі табиғаты – суырыпсалмалық қабілетін таныту.

Айтыс қатысушылары

Айтысқа облыстық  кезеңнің жеңімпаздары атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 7-11-сынып оқушылары қатысады.

Әр облыстан облыстық кезеңнен өткен оқушылар республикалық кезеңге жіберіледі.

Абай мектептері желісінен шын талантты болса 1 оқушы республикалық кезеңге тікелей жіберіледі.

Қатысушылардың жетекшілері онлайн айтысқа оқушылардың уақытылы тіркелуіне, желілік байланысты алдын ала қамтамасыз етуге, ұйымдастырушылармен үнемі байланыста болуға міндеттеледі.

 Айтысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 1. Айтыс 3 деңгейден тұрады.

І  деңгей – қатысушылардың барлығы белгіленген жұп бойынша айтысады;

ІІ деңгей (ширек финал) – алғашқы деңгейде басымдық танытқан оқушылардан 4 жұп айтысады;

ІІІ деңгей (финал) – ширек финалда ерекше қабілетін байқатқан 2 жұп айтысады.

Ескерту. Қазылар алқасы оқушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

– тақырыптың ашылуы;

– суырыпсалмалық қабілеті;

– өлеңнің көркемдігі мен ой айшықтығы;

– тіл нормасының сақталуы;

– сахна мәдениеті.

  1. Айтыс 3 кезеңге бөлінеді:

1-кезең – аудандық (қалалық), білім басқармаларымен өткізіледі.

2-кезең – облыстық Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ;

3-кезең – республикалық, қорытынды. Республикалық кезеңге 1-2-кезеңдерде жеңімпаз болған 1 оқушы қатысады.

  1. Қазылар алқасының құрамы елге танымал айтыскер ақындардан құралады. Айтыс төрешілерінің құрамы төраға және қазылар алқасының мүшелері, сонымен қатар, екі тәуелсіз сарапшыдан тұрады.
  2. Қазылар алқасы қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды, ұйымдастыру және өткізу барысындағы мәселелерді талқылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Қазылар алқасының дауыстары тең болған жағдайда төраға дауысы басымдыққа ие болады.
  3. Республикалық оқушылар айтысының қорытынды кезеңіне тіркелу және қатысуы жөніндегі сұранысты 20 қарашаға дейін жіберу қажет.
  4. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көш, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8 (727) 3870846, сайт: abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 8-702-175-04-04. Қосымша сұрақтар бойынша: Абитова Жанар Сабетханқызы – 8-702-906-30-06, Орынбаева Динара Габитовна – 8-702-843-53-34.

Қорытындылау және марапаттау

 Айтыс жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, арнайы жүлдемен, Алғыс хат, ақшалай жүлдемен марапатталады.

Айтыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Бас жүлдеге ие болған оқушы республикалық «Күміс домбыра» айтысына қатысуға жолдама алады.

Айтысты қаржыландыру

 Айтысты өткізу, жүлдегерлерді марапаттау Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бекіткен шығындар сметасы шегінде жүзеге асырылады.

557 01.11.21 Айтыс 2021-2022

IV республикалық онлайн айтысының қорытындысы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай  7-11 – сынып оқушылары арасында «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» тақырыбында IV республикалық онлайн айтысы 2020 жылдың 14-15 желтоқсанында өтті.

Айтыстың демеушісі:  «ASSYLTAS» қоғамдық қоры.

Айтысқа еліміздің 11 облысы, 3 қаласы мен Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген  оқушылар қатысып, көмейінен жыр ағылған 30 жас ақын өз шеберлігін көрсетті.

Айтысқа қатысқан оқушыларды марапаттау

Бас жүлде иегері (70 000 теңге) :

Аты-жөні Облыс/қала
Әмірхан Елдар Қызылорда облысы

I дәрежелі диплом иегері (50 000 теңге):

Аты-жөні Облыс/қала
Абитилда  Нұрислам Абай атындағы РММИ
II дәрежелі диплом иегерлері (40 000 теңге):
Аты-жөні Облыс/қала
Нұртай Әбілхайыр Абай атындағы РММИ
Асылбекқызы Айым Алматы облысы

ІІІ дәрежелі диплом иегері (30 000 теңге):

Аты-жөні Облыс/қала
Серік Нұрбек Ақмола облысы
Төленбек Нұртілеу Шымкент қаласы
Бексұлтан Қайдар Павлодар облысы

 Арнайы жүлде иегерлері (20 000 теңге):

Аты-жөні Облыс/қала
Қасымбек Шұғыла Шымкент қаласы
Токкожаев Жамбыл Қостанай облысы

Алыс хат иегерлері:

Аты-жөні Облыс/қала
Амиров Алишер Туребекұлы Батыс Қазақстан облысы
Асылбек Аймерей Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Айқын Бақберді Алматы облысы, Текелі қаласы,
Тулешов Нуржігіт Нурпейисұлы Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Әліпбай Нұртай Мұсаұлы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Ануарбеков Асқар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
Салауатұлы Ернұр Атырау облысы, Жылыой ауданы
Ермекбаева Айгерим Куанышбай кызы Алматы облысы, Қарасай ауданы
Айтжанов Әділет Павлодар қаласы
Хамракулов Куванчбек Шавкат угли Нұр-Сұлтан қаласы
Канад Жансая Алматы облысы
Арыстан Мағжан Нұр-Сұлтан қаласы
Таутанов Болатхан Алмасұлы Қостанай облысы
Аушанов Ерсұлтан Еркінбекұлы Маңғыстау облысы, Бейнеу  ауданы
Жүнісбек Айсұлу Бауыржанқызы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылы
Жанысбекова Гульжанат Түркістан облысы, Шымкент қаласы
Қабдыхамитов Ерназ Мирамханұлы Қостанай облысы, Амангелді ауданы
Ғани Даурен Шымкент қаласы
Қазыбек Жалғас Серікболұлы Қарағанды облысы, Шет ауданы

«Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» тақырыбында IV республикалық онлайн оқушылар айтысының қорытындысы

ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН…» АТТЫ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

         Республикалық оқушылар айтысының мақсаты: ана тілінің қадірін ұқтырып, аталы сөздің парқын сезіндіріп, бабалардан балаларға құнды мұра болып қалған сөз барымтасының құдіретін дәріптейді.

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын мұрасын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, жаңғырту мақсатында 21 қараша күні «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» атты ІІІ Республикалық оқушылар айтысы өткізілді. Бұл додада бақ сынаған айтыскерлер Абай өлеңдері мен нақыл сөздерін, оның таусылмас әдеби, философиялық мұрасын тілдеріне тиек етіп, қара өлеңмен қара домбыраға қоса шырқады.

Айтыстың демеушісі:  «Асыл ТАС» қоғамдық қоры.

Айтысқа еліміздің 6 облысы, 3 қаласы мен Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген  оқушылар қатысып, көмейінен жыр ағылған 26 жас ақын өз шеберлігін көрсетті.

Айтысқа қатысқан оқушыларды марапаттау

Бас жүлде иегері:

Аты-жөні Облыс/қала
Төлеген Айқын Қызылорда облысы

I дәрежелі диплом иегері:

Аты-жөні Облыс/қала
Қанапия Алтынай Абай атындағы РММИ
II дәрежелі диплом иегерлері:
Аты-жөні Облыс/қала
Болат Тәңірберді Түркістан облысы
Асылбекқызы Айым Алматы облысы

ІІІ дәрежелі диплом иегері:

Аты-жөні Облыс/қала
Піржан Сандыбай Қызылорда облысы
Құлшар Бекзат Ақтөбе облысы
Қазыбек Жалғас Абай атындағы РММИ

 Арнайы жүлде иегерлері:

Аты-жөні Облыс/қала
Жұмабек Ерасыл Алматы облысы
Нұрғиса Елеш Көкшетау қаласы
Нұртай Әбілқайыр Абай атындағы РММИ
Аяған Диас Петропавл

Шабыттандыру сыйлығының иегері:

Аты-жөні Облыс/қала
Нұрмағанбет Қанат Түркістан облысы
Хамрақұлов Қуанышбек Нұр-Сұлтан қаласы
Иса Нұрасыл Атырау облысы
Нигматов Данияр Қостанай облысы
Аман Рахат Шымкент қаласы

 

Меню