Жаңалықтар

“Маска таққан түлектер”: Алматыда соңғы қоңырау шарасы қалай өтті

Автор: Сәке Қанатұлы
Елімізде биыл соңғы қоңырау шарасы жаңа форматта өтіп жатыр. Мәселен бұл жолы әдеттегідей түлектер вальс билемеді және мектептің барлық оқушыларының қатысуымен салтанаты шара болған жоқ. Бастысы оқу орны қызметкерлері мен түлектерге, ата-аналарға маска кию, қолғап тағу, қашықтықты сақтау сынды карантин шараларын орындау міндеттелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Фото: Мектеп әкімшілігі Фото: Мектеп әкімшілігі Қазақстанда дәстүрлі түрде 25 мамырда өтетін шара осы жылы үшінші және төртінші маусымға жоспарланған. Бұл жолы соңғы қоңырау шарасы бірнеше кезеңнен тұрды. Аттестатты сыныптар кезек-кезекпен алды. Яғни тиісті құжатты алатын жерде тек бір сынып қана болған. Ал арада бір сағат өткен соң келесі сыныптың түлектеріне берілген.
Фото: Мектеп әкімшілігі
Медеу ауданында орналасқан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында осы жылы 91 оқушы тәмәмдады. Олардың 19-ы “өте жақсы” деген бағамен оқу орнын аяқтаса, 26-сы “Алтын белгіге” ие болған.
Фото: Мектеп әкімшілігі
Мектеп әкімшілігі Оқу орнының директоры Роза Сексенова түлектерді, ата-аналарды соңғы қоңырау – аттестат тапсыру мерекесімен құттықтады. “Құрметті, мектеп бітірушілер, бүгін аттестат алып, өмірдің үлкен жолына қадам басып тұрсыздар. Мамандық таңдап, сол мамандықтың шыңына жетіңіздер. Әрқайсысыңыз мемлекеттің тірегі болады деп сенемін. Барлығыңа ақ жол тілеймін”, – деді ол.
Фото: Мектеп әкімшілігі

 

Меню