Жаңалықтар

#Ұлыларданұлағат эстафетасы

Бабалардың бағалаумен еңбегін,
Біз салайық өлең сөздің өрнегін.
Ақын Абай атындағы РММИ,
Бастап жатыр эстафета керуенін.
Тау тұлғалар ұлтымызға қонған бақ,
Ізбасар боп оған ұрпақ жалғанбақ.
Эстафета мерейтойы ке(лі)п жеткен,
Әл-Фараби, ұлы Абайға арналмақ!
Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби мен хакім Абайға арнап #Ұлыларданұлағат эстафетасын бастаймыз. Бұл эстафетаны баршаңыз қолдап, еліміздің әр түкпіріне тарайды деп сенеміз.
Эстафетаның алғашқы кезегін дарындылар мен таланттарды түлеткен Павлодар қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатына жолдаймыз. Сәттілік!
https://www.instagram.com/tv/CAqDcMUjYW-/?utm_source=ig_web_copy_link
Меню