Жаңалықтар

Коронавирусқа байланысты мазасызданып жүрген жасөспірімдерге арналған ұсынымдар

Соңғы бірнеше күн ішінде өміріміз біршама өзгерді: мектептерде қашықтан оқыту нысанын енгізді, ата-аналар үйден жұмыс істеуде, достарыңмен кездесу қиынға соқты. Мұндай жағдайда бар мүмкіндіктен айырылмау үшін оларды өз пайдаңа жарату аса маңызды. Дәл осындай тәсілді оптимизм деп атауға болады. Төменде еңсеңді түсірмей және мазасызданбай әрі жағдайға жауапкершілікпен қарауға көмектесетін бірнеше кеңес берілген.

0 жастан 19 жасқа дейін ауруды жұқтыру мүмкіндігі өте төмен. Балалар мен жасөспірімдер коронавируспен ауырмайды немесе ол өте жеңіл түрде өтеді.

Осыған қарамастан, жұқтыру қаупін төмендетуге көмектесетін процедуралар бар: даладан келген соң, тамақ ішер алдында қолды жуу, егер тырнақты тістелей әдеті болса, одан арылу (лайықты себеп бар) – вирус көбіне адам ағзасына оның қолы арқылы түседі; кем дегенде 7,5 сағат ұйықтау; жақсы тамақтану; дене жаттығуын жасау (бұл иммунитетті нығайтуға әрі сақтауға көмектеседі).

Өзіндік оқшаулану режимңн сақтау өте маңызды. Иә, үйде отыруға, мектепке бармауға, достарыңмен кездеспеуге тура келеді. Зеріктеріде…, бірақ… Қазір біз фильмдерден көргендей апокалипсиси басталмайтынын; керісінше көп адамның осы ауруды жұқтыруының алдын алу үшін үйде отыруымызды сұрап отырғанын білу маңызды. Мысалы, Қытайда бұған адамдар жауапкершілікпен қарады, енді мұнда ауырған адамдардың бәрі сауықты және аурудың жұқтырудың жағңа жағдайлары тіркелген жоқ. Енді біздің шыдамдылық танытуымызға тура келеді.

Егер сен күні бойы жаңалықтарды бақылап отырсаң, бұл сенің мазасыздығың мен алаңдаушылығыңды күшейте түседі. Одан да тәсілді өзгертіп, өзің немесе ата-анаң сенім артатын 1-2 ресурсты таңдап, осы жаңалықтар сайтына таңертең және кешке 10 минут уақытыңды бөліп отырған дұрыс.

Алаңдаушылықтың жақсы емінің бірі – әзіл. Көп бала өзіндік оқшаулану жағдайын қалай өткізіп жатқаны туралы видеолары мен әндерін жүктей бастады. Мүмкін сен де бұл жағдайға осы тұрғыдан қарасың?

Егер мазасыз ойлар тыныштық бермесе, онда мазасыздықтың қауіпті емес екенін ұмытпа, саған әрбір нәрсеге мазасыздана берудің қажеті жоқ. Оларды аспанда қалқып бара жатқан бұлт деп елестет және өзіңнің жағымды немесе маңызды істеріңе көңіл бөлуге тырыс.

Дереккөзі: Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының ресми сайты

«Коронавирусқа байланысты мазасызданып жүрген жасөспірімдерге арналған ұсынымдар»
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».
Толығырақ: https://vip-edu.mcfr.kz/#/document/16/205592/dfasxz3kh1/?of=copy-005a52bc39

Меню