Жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған желілік “Абай мектептерінің” оқушылары арасында “Сәлем саған, туған ел” атты ән байқауының қорытындысы

Бүгін Абай атындағы РММИ ұйымдастыруымен мектеп-интернаттың алғашқы түлегі, композитор Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына орай желілік “Абай мектептерінің” оқушылары арасында “Сәлем саған, туған ел” атты ән байқауы өтті. Кеңес Дүйсекеевтің әндерін насихаттау арқылы оқушылардың туған елге деген патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталған байқаудың 1-кезеңінде қатысушылар Кеңес Дүйсекеев әндерін шырқаса, 2-кезеңде еркін тақырыпта өнерлерін ортаға салды. Желілік “Абай мектептерінің” талантты 11 оқушысы бақ сынаған тартысқа толы байқау жоғары деңгейде өтті. Ерекше талантымен көзге түскен оқушылар мектеп-интернат директорының қолы қойылып, мөрімен расталған Бас жүлде, 1-2-3-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Абай атындағы РММИ ұйымдастыруымен композитор
Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына орай желілік «Абай мектептерінің»
оқушылары арасында өткен «Сәлем саған, туған ел» ән байқауының
қорытынды нәтижесі
БАС ЖҮЛДЕ
Елешқызы Шұғыла (Ақмола облысы)

І дәрежелі диплом
Сағатбек Жарқынай (Абай РММИ)

ІІ дәрежелі диплом
1. Құлажан Қарақат (Нұр-Сұлтан)
2. Сәрсенғали Ділдә (БҚО)

ІІІ дәрежелі диплом
1. Қайып Бейбіт (Шымкент қаласы)
2. Рахатова Айсұлу (Қызылорда облысы)

Меню