Жаңалықтар

Жалпы мәлімет

Жалпы мектеп-интернатта бала саны:  404    Ұлы – 160     Қызы –244

Мектеп-интернат  жатақханасында орналасқан бала саны:   401

Үйден қатынап оқитын бала саны:  3 (қыз бала)

Ұлдар жатақханасы бойынша: 54 бөлме  (4 орынды)                                                                                                                            2 қабат – 90 ұл   (9-10сынып: 9 – 58 ұл; 10 – 32 ұл)

3 қабат – 60 ұл   (8-11сыныптар: 8 – 43ұл; 11 – 27 ұл)

Қыздар жатақханасы бойынша: 51 бөлме (31 дара бөлме, 20 секциялы бөлме)                                                                               1 қабат – 52 қыз (11сыныптар)

2 қабат – 54 қыз (10сыныптар)

3 қабат – 69 қыз (9сыныптар)

4 қабат – 69 қыз (8сыныптар)

Оқушылар 31 тамыз күні жатақханаға орналасады. Мектеп-интернат оқушылары жатын орынмен, 6- мезгіл (таңғы ас, II таңғы ас, түскі ас, сәскелік ас, кешкі ас, II кешкі ас) тамақпен қамтамсыз етіледі. Ішкі тәртіп ережесі мектеп-нтернат әкімшілігімен әзірленген және жатақхананың барлық тұрғындарына бірдей таралады. Мектеп-интернат білім алушылары тұратын бөлмелер жиһаз, төсек-орын және  тазартып отыру үшін қызмет көрсетуге қажет барлық құралдармен қамтамасыз етілді.

Жатақхана ғимаратының сантехникалық, электр жүйелері, жиһаз бен жабдықтары дер кезінде жөндеуден өткізіліп тұрады. Әрсаланың жауапты мамандары өз жұмыстарын жүйелі түрде атқарады.

Жатақхана тұрғындары үшін бос уақыттарында арнайы теледидар көретін, шахмат, дойбы, домино,тоғызқұмалақ ойнайтын, сабаққа дайындалатын бөлмелер бар. Теннис столы және дене қыздыру жаттығуларын жасау үшін тренажор турнигі қойылды. Сонымен қатар қыздар жатахқанасында қыз балаларға арнайы тамақ әзірлеп, қажеттіліктері үшін пайдалануға шағын асхана бар.

Ұлдар жатақханасы

 

Қыздар жатақханасы

 

Оқушылардың  денсаулығын  бақылап отыру үшін  медпункте дәрігер мен мейірбикелер тәулік бойы жұмыс жасайды.

 

Жексенбілік демалыста дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен спорттық ойындар инструкторы балаларға әртүрлі спорттық ойындар ойнатып, оқушылардың шынығуына басты назар аударады.

Волейбол ойыны

 

Меню