Жаңалықтар

Хабарландыру

Желілік Абай мектептеріне

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылдың
08 тамызында
желілік Абай мектептерінің педагог қызметкерлері үшін «Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру» тақырыбында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, абайтану, шешендік сөз өнері пәндері бойынша тамыз  кеңесін өткізеді.

Кеңестің мақсаты – оқу мен оқытуда жаңашыл және тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білім беруге ықпал ету.

Тамыз кеңесіне аймақтық желілік Абай мектептерінің  директорлары, директордың орынбасарлары, қазақ тілі мен  әдебиеті, абайтану, шешендік сөз өнері пәндерінің мұғалімдері шақырылады (Әр мектептен кем дегенде 5 қатысушы)

Қатысушылардың жатын орны, тамақтануы және барып-қайту жолақысы жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Облыс Мектеп атауы Конференцияға қатысушының аты-жөні Қызметі Телефон номері Қонақүй қажеттілігі Келу күні, уақыты Қайту күні, уақыты
1
2
3
4
5
6

 

 

Меню