Жаңалықтар

Мустафаев Ерболат Жұмашұлы

Мектебіміздің “Домбыра” үйірмесінің жетекшісі Мустафаев Ерболат Жұмашұлы 1963 жылы Қызылорда қаласында туған.
  • “Өнертану” ғылымдарының қауымдастырылған профессоры.
  • 2007 жылы жарық көрген «Мәңгілік сарын» антологиясына 3 күй енген.
  • 2009 жылы БАЭ өткен Қазақстанның Мәдени күндеріне қатысты.
  • 2010 жылы шыққан «Қазақтың 1000 күйі» антологиясына Е. Мұстафаевтың орындауындағы 5 күй енді.
  • 2011 жылы «Қайталанбас дауыстар» атты Сыр бойы антологиясына 5 күй енді.
  • 2012 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
  • 25 алыс-жақын шетелде күй өнерін дәріптеген.

Домбыра үйірмесіне келген оқушылар не үйренеді ?
•Қазақтың ұлттық аспабы домбырамен танысады;
•Домбыра аспабын үйрену әдістерін меңгереді;
•Отбасылық тәрбиеге бағытталған домбыра үйрену әдісін үйренеді;
•Нота сауатын үйренеді;
•Жады арқылы күйлерді, әндерді жаттай алады;
•Ұлттық өнердің қыр-сырын ұғады;
•Ұлттық аспап арқылы отансүйгіштікке ұмтылады;
•Әр іс-шараға қатысып, сахна мәдениетіне үйренеді.

Меню