Жаңалықтар

ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР ШЕБЕРХАНАСЫ

2023 жылдың 18 мамыр күні Абай атындағы РММИ ордасында “Үздіктен үйрен” жобасы аясында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне “Үздік педагогтер шеберханасы” атты әдістемелік күн ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — үздік педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісу. Атап айтатын нәрсе: Алматы қаласы бойынша Абай атындағы РММИ — 7 үздік педагог жұмыс жасайтын жалғыз білім беру мекемесі.

Осы орайда оқушылардың өнерін паш еткен ашылу салтанатынан кейін “Үздік педагог” атағының иегерлері — Динаш Бектенқызы, Гүлбану Жамбекқызы, Гүлжазира Бекболатқызы, Жаңылды Оразақынқызы, Майра Мәлікқызы мен Динара Ғабитқызының шығарған оқу-әдістемелік құралдары мен бағдарламаларының көрмесі ұсынылды. Аталған ұстаздар іс-әрекетті зерттеуді ұйымдастыру, іздену, даму, тәлімгер ретінде жас маманның педагогикалық құзыреттілігін арттыру, дарынды оқушылармен жұмыс жасаудан шеберлік сабақтарын және қазақ әдебиеті мен тарих пәнінен ашық сабақтар өткізді. Мөлдір Сабырқызы да ашық сабақ беріп, жас маманмен жұмыс нәтижесін көрсетті. Келген қонақтар кері байланыс кезінде шараның жоғары дәрежеде өткенін атап өтіп, жағымды пікірлерімен бөлісті, оқушылардың талабы мен талантына разылықтарын білдіріп, алдағы уақытта мектебімізбен байланыс орнату мәселесін алға тартты.

Меню