Жаңалықтар

ҚАЛИМА ҚАППАСҚЫЗЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

18 мамырда мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шебер педагог, “Үздік педагог — 2021” иегері Нұрлыбекова Қалима Қаппасқызының 65 жылдығына арналған “БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ” атты шығармашылық кеші өтті. Кешке еліміздің беделді ұстаздары Аягүл Төреқызы мен Береке Дәулетханқызы, жазушы Ү.Уайдиннің жұбайы Мариям Алданқызы қатысып, мереке иесіне ыстық лебіздерін білдірді. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан арнайы келген Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры Жұмашов Еркебұлан Әлімханұлы да құттықтауларға қосылып, Алғыс хатпен марапаттады. Қалима Қаппасқызы түлеткен шәкірттердің бес легі ұстазға деген сый-құметтерін көрсетіп, алғыстарын жаудырды. Мектеп оқушылары ән, жыр, күй тартып, арнау оқыды. Жылы естелік пен көңіл тебіренісін қозғаған концерттік бағдарлама мектеп әкімшілігінің құттықтау сөзімен, сый-сияпатымен, өз мәресіне жетті.

Сөз соңында Ұлттық зияткерлік меншік институтының шешімімен Қалима Қаппасқызына “ЖЫР-ШҰҒЫЛА” таңғы жиынының авторы ретінде расталып, авторлық құқығы бекітілген құжат табысталды.

Меню