Жаңалықтар

Наурыз мерекесі аталып өтті

 

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында Ұлыстың ұлы күні – “Әз Наурыз” мерекесі аталып өтілді. Мерекеде қазақ тілінің дамуына өз үлесін қосып жүрген қоғам қайраткері Асылы Осман және қара шаңырақта ұзақ жыл ұстаздық қызмет еткен Орынша Қарабалина қонақ болды.
Айтулы шарада дарынды шәкірттер өзге ұлттардың ұлттық киімін киіп, дастархандарын сол елдің тағамдарымен толтырып, жәрмеңке ұйымдастырды. Думанды жиында би билеп, ән шырқалып, шара соңы ұлттық ойындарды дәріптеумен жалғасын тапты.

Меню